Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет206/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Әдебиеттер
1. Момынұлы П. Қазақ музыкасының қысқаша тарихы. -А., 2002.І-том. 
2. М.Балтабаев, Б.Өтемұратова «Елім-ай».-Алматы: «Атамекен» 1993. 
3.Майгельдиева Ш.М., Байулов Г.Б.//Жастарға ұлттық тәрбие арқылы музыкалық педагогика 
негізінде тәрбие берудің мүмкіндіктері// ІІІ ХҒТК, «Современная наука и инновации», 
Болашак, г. Кызылорда, Казахстан, № 20.1 (79.1) 2014ж 


425 
ӘОЖ 372.854 
E-LEARNING САЙТЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ
ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ 
Кенжебекқызы Аружан - 
112-18а тобының студенті,
 
Мушкал Г.А. 
- М1504-11
 
оқу тобының магистранты 
Ғылыми жетекші
:
Мадыбекова Г.М. -
х.ғ.к., доцент 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент қ. 
Summary 
The article analyzes the advantages and disadvantages of using electronic training e-learning in 
the education system in the educational process. 
E-learning –оқу процесін сапалы ұйымдастыру үшін компьютерлік 
технологияларды қолдану мақсатында , оқу форматын жеңілдету барысында 
құрылған, электронды оқыту форматында оқуға негізделген жоба. Бұл термин 
1999 жылы Web базасында пайда болды. Білім беру жүйесінде
ақпараттандырудың жаңа кезеңі е-learning – электронды оқытуды енгізумен 
байланысты болғандықтан е-learning – білімді дамытудың негізгі құралы болып 
отыр[1]. 
Е-Learning – бұл оқу үрдісін ұйымдастырудағы халықаралық стандарттар 
мен принциптерін қолдайтын, барлық заманауи талаптарға сәйкес келетін
электронды немесе қашықтықтан оқыту. Оқытудағы бұл жүйе білім беру 
саласында бірнеше өзгерістер енгізді. Яғни білім беруші мен студенттің 
арасындағы байланыс өзгереді.
Оқушы цифрландырылған жүйеде өзінің жеке 
профильін, күнделігін жүргізуді, тапсырмаларын орындап мұғаліммен кері 
байланыс жасауға дағдыланлы. Ал мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар 
электрондық дәптерді, сынып журналын, білім алушылардың орындаған 
тапсырмаларын, тоқсандық, бөлімдік, емтихан сұрақтарын дайындаумен 
айналысады. Сонымен қатар бұл жүйе ата-аналарға да қолдануға мүмкіндік 
береді. Ата-аналар баласының сабақ үлгерімі туралы, алдағы болатын іс-шаралар 
мен жиналыстардан хабар алып, тәрбие мәселелері бойынша кеңестер ала 
алады[2]. Сабақ кестесі, үлгерім мониторингі мен оқушылардың сабаққа келуі, 
оқытушының қызметі, сабақты өту деңгейі,
Е-Learning жүйесін дұрыс 
толықтыруды реттеуді директордың орынбасары жүзеге асырады.
Қазіргі таңда E-learning электронды білім беру көп елдердің білім жүйесіне 
қарқынды еңгізіліп отырған оқытудың озық формаларының бірі болып келе 
жатыр.Оған себеп электронды оқытудың дәстүрлі оқытудан артықшылығы.
 

Тиімділік 
Электронды оқыту арқылы біз жолда жүрер уақытымыз бен оқулықтар мен 
журналдарды қағазға басып шығармаймыз. 

Жылдамдық 
Кез-келген білім алушы әр тарау біткенде және емтихан тапсырғанда 
қорытынды бағасын жылдамырақ білгісі келеді E-Learning арқылы бұл мәселенің 
шешімін табу да оңайырақ. 


426 

Ыңғайлылық 
Студент, оқушы қай жерде болмасын шалғай ауылдарда, тіпті шет елде 
жүрсе де кез-келген уақытта сабақтарын орындай алуға мүмкіндіктері бар. 

Жаңа технологиялармен танысу 
Электронды оқыту үшін бізге планшет немесе ноутбук қажет болады. Осы 
жаңа технологияларды қодану арқылы кез-келген технологияны қиындықсыз 
меңгере аламыз. 
Бірақ, барлық жерде артықшылық пен қатар кемшіліктер де қатар жүретіні 
мәлім.Кемшіліктеріне тоқталар болсақ: 

Экран алдындағы уақыт 
Жаңа технологияларды пайдаланып оқытудың ең басты кемшіліктерінің бірі-
адам денсаулығына зияндығы. Интернет алдында ұзақ уақыт отыру әрі көзге, әрі 
аданың эмоционалдық көңіл-күйінің бұзылуына әкеледі. 

Техникалық ақаулар 
Қанша дегенмен технологиялар соңғы үлгіде болса да, ол тірі жан емес, 
кейде техникалық ақаулар туындауы мүмкін.Ал, шалғай ауылдарда интернеттің 
тапшылығының да орын алуы техникалық ақауларға жатады. 

Білім алушы мен білімберуші арасындағы байланыс 
Электронды оқыту барысында студент пен мұғалім арасындағы байланыс 
әлсірей түседі. Қашықтықтан оқыту барысында қарым-қатынас виртуалды түрде 
болады. Мұның салдарынан білімалушының оқуға деген ынтасы әлсіреп кетеді. 
Білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары 
мен технологияларына тең қол жетімділігін қамтамасыз ету. 
Е-learning технологиясы – бұл оқыту ортасы, оның көмегімен оқу үрдісін 
жаңартуға болады, оқытудың типін, уақытын таңдауға мүмкіндік береді.Білім 
алушы жұмысты компьютердің, ноутбуктың, планшеттің көмегімен 
ұйымдастыра алады. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының көлемін көбейту оқу 
үрдісін ақпараттық технологиялардың арқасында нығайтуға мүмкіндік береді [3]. 
Қорыта айтқанда, E-Learning жаңа талапқа сай, білім алушылардың басым 
көпшілігі таңдаған білім беру үрдісі. Білім беру үрдісінде әрқашан дамып отыру, 
жаңа үрдістер қалыптастырып отыру қажет.Әрқашан дамып отыру білімнің жаңа 
деңгейіне көтереді. 
E-Learning –бұл коммуникациялық және ақпараттық технологиялардың 
қазіргі құралына мультимедиа құралдарына, бейнебайланыс құралдарына сүйене 
отырып, оқытушы мен білімалушыларға ұсынатын арнайы оқыту формасы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет