604
ата-анасы қайтыс болған балаларды жатқызамыз. Ата-анасы қайтыс болған,
әкесін құл, анасын күң ретінде алып кеткен адамдардың
балалары қараусыз
қалып отырған. Ол балаларды сол кезеңдерде бай-ауқатты адамдар асырап
алып отырған.
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары жетім балалар мен ата-
анасынан айырылған балалардың жағдайы көпшілікті толғандыруда. Бұл
мәселе Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» даму стартегиясына сай
жетім балалар үйіндегі тәрбие әрбір ұрпақтың жеке адам ретінде қалыптасуы
ұлттық тәрбие деп қарастырылған. Жетім балаларға әлеуметтік-педагогикалық
тұрғыдан көмек көрсету, өмір сүруге үйрету әлеуметтік педагог,
психологтардың, тәрбиешілердің қызметіне жатқызамыз. Осыған орай,
әлеуметтік жұмыс мәселелері күн тәртібінде маңызды орын алады. Мұндағы
мақсат әр балаға жаңа отбасын сыйлау, жеке өміріне дақ түсірмей, аялау,
қамқорлыққа алу болып табылады.[1.13-14 б]
Қамқоршы – қамқорлыққа алынған баланың жалпы өмірі,
денсаулығы,
тәрбиесін өз мойнына алған жеке тұлға. Қамқоршыға қойылатын талаптар мен
міндеттер: баланың құқығын, Конституция заңдары мен халықаралық құқық
нормаларын толық білу.
«Жесірін қаңғыртпаған, жетімін жылатпаған ел едік…». Алайда, соңғы кездері
шет елге асып кетіп жатқан жетімдердің тағдыры жүректі сыздатады. Талай
баланы шетелдіктер асырап алып зорлық-зомбылықтың көкесін көрсетуде.
Онсыз да тағдырдың тәлкегіне ұшыраған, ата-анасының безбүйрек, қатыгез
болғаны үшін, өз Отаны бұйыртпаған махаббатты жат елдерден тауып
жатқандар да қаншама? Қазақстанның атын шығаратын да, туын көкке
көтеретін де осы балаларымыз емес пе?! Ұлттық рухымызды қалыптастыратын
да, ұлттық мүддемізді көтеретін де осы асыл қазыналарымыз. Қазіргі қоғамда
жетімдер саны бұрынғыға қарағанда неге көп? Анасының жаңа туған нәрестені
перзентханаға немесе қоқыс жәшіктерге балаларын шырылдатып тастап кетуі,
ата-анасының маскүнем, нашақор, еңбекке жарамсыз, баланы бағу мүмкіндігі
болмауы,
сонымен қоса, ата-аналық құқықтарынан айырылуы, әлеуметтік
жағдайларының төмендеуі, осының бәрі міне қоғамда жетімдер санының
көбеюіне алып келеді.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев еліміздегі жетім, тастанды, ата-анасының
қарауынсыз қалған балалардың көптігіне және балалар үйлері мен интернат
мекемелерінің қазіргі жай-күйіне назар аударып отыр. Бұл – әлемдегі бірінші
орында тұрған мәселе. Бұл жетім балаларды өзімен қатар алып жүру баланың
бойындағы жеке қасиеттерге сүйену арқылы іске асырылады.
Жетім
балалардың тұлғалық әлеуметтенуіне бағытталған педагогикалық алғы шарттар
жасалуы және теориялық тұрғыдан жүйеге
келтірілуі, әдістемелік тұрғыдан
нақты қарастыру – кезек күттірмейтін мәселе деп айтуға болады. Ол
мәселелердің шешімін елі бір, руы бір адамдардың бірін-бірі «бауырым» деген
сөздерінен көреміз. Сондықтан, ата-анасынан айырылған тұл жетімдерге
немесе ата-анасы баласын бағып-қағуға күйі келмегенде, бір тұсы болмаса
екіншісі қамқоршы бола білген. Мысалы, қазақтың ата заңы «Жеті Жарғыда»
605
жесір дауына жеке бір тарау арнауында үлкен мән бар. Мәселе, рулық
қауымның жесір әйелді әмеңгерлік жолмен күйеуінің туысына қосуда емес,
оның астарында әкесінен айырылған балаларды жетімдік азабынан құтқару,
ағайынның қамқорлығына алу идеясы жатыр. Сонымен бірге, екі елді
татуластыру, жұртынан алшақтамау, туыстықты
жаңарту мақсатында бала
алмасу, ол баланы өз балаларынан кем көрмей өсіру жағдайлары түркі
халықтарында көптеп кездеседі. Қазақ халқының туысшылдығы соншалық:
баласы жоққа өз баласын беру, ұлы не қызы жоққа өзіндегі екінің бірін беру, ал
алған жақ балаға жан-жақты қамқорлық жасағаны, есейгенде туғандарынан
қызғануы, не керісінше, туған ұясына қосуы – ата-бабаларымыздың басынан
кешірген жәйт. Әрине, талдаған салт-дәстүрлердің өзіндік оңды және теріс
жақтары болғаны белгілі. Сондықтан бірі осы күнге дейін ерекшеленетін қазақ
қауымының қамқоршысынан айырылған балаға ата-аналық жылулық
сезінетіндей жағдайлар жасауымыз керек. [2.175-177 б]
Қазіргі кезде жетімдік қиянатын тарттырмаудың бір жолы жетім баланың
жарым көңіліне қуаныш сыйлап, баланы өз қамқорлығына алып, оларға ата-
аналық махаббатын сыйлаған жандар баршылық. Сондай алтын жүректі
жандарға үкіметіміз қолдау көрсетуде. Мысалы, соңғы жылдары баланы жаңа
отбасына бейімдеудің тағы бір түрі – патронаттық тәрбие жолға қойылды.
Әлеуметтік педагогтың жетім балалармен жұмысы олардың бойындағы достық
және сүйіспеншілік, бір-біріне деген түсіністік сезімдерін оятуда жатыр.
Қамқорлықсыз қалған балалардың
әлеуметтенуіне жағдай туғызып, оған
бақылау жасау – әлеуметтік педагогтың басты міндеттерінің бірі. Балалық
шақтың бал дәмінен ерте айрылған осындай балалармен жұмыс қиын да
күрделі, жауапты іс. Әлеуметтік жетімдіктің негізгі себептері – отбасы рөлінің
және ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігінің төмендеуі; отбасының,
әсіресе, жас отбасының материалдық-тұрмыстық қиындықтарға төзе алмауы;
мектеп, отбасы және қоғам арасында қарым-қатынастың жетіспеуі, отбасылық
тәрбие құндылығының тиісті деңгейде насихатталмауы, балалар мен ата-
ананың денсаулық жағдайы, некесіз бала туудың өсуі, ажырасу санының артуы.
Бұл категориядағы балалармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс
мазмұнының өзіндік мәні мынадай: ең алдымен осы топқа жататын балаларды
анықтау, олардың құқығын қорғау, жетім балаларды
оқыту және тәрбиелеу
әлеуметтік жағдайларын үнемі қадағалап бақылау, әлеуметтік реабилитациялау
мен бейімдеу, оларды оқуға, еңбекке орналастыруға және тұрғын үймен
қамтамасыз етуге көмектесу. Әлеуметтік педагог өз жұмысында асырап алу
және қамқорлық жасау органдарымен тікелей байланыс жасай отырып, тиісті
міндеттерді шешеді. Әлеуметтік педагог заңға сәйкес баланы алдағы уақытқа
тәрбиелеуге дайындау іс-шараларына қатысады.
Қорыта келе, ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетімдер мәселесі – қашан
және қай уақытта болмасын өзекті мәселелердің бірі. Ата-ананың махаббатын
көрмеген баладан қандай болашақ күтеміз? Сондықтан да, ата-ананың
қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алып, отбасындағы жылы қарым-
қатынасты көріп, ата-ана жылуын сезініп өсуіне көмектесуіміз керек. Жетім
606
балалар тақырыбы – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қоғамның қасіреті десек те
болады. Бейбіт заманда ата-ананың мейіріміне бөленбей, аялы алақанын
сезінбей өсу бала үшін ауыр соққы екені сөзсіз.
Қазақ халқы жесірін тастамаған, жетімін жылатпаған халық. «Жетім көрсең
жебей жүр, қолтығынан демей жүр» деген халық мақалының астарында терең
мағына бар, қазіргі кезде көптеген отбасылар балалар үйінен сәбилерді
бауырына басып, ата-ана мейіріміне бөлеуде. Осындай игі істердің
көшбасшысы болып жүрген жандар қаншама. Осындай қайырымды жандар көп
болса нұр үстіне нұр болар еді. Қазіргі кезде мемлекетіміздің қолдауымен бүкіл
ел болып жетімдікті азайту қолға алынуда. «Тәрбие басы – талбесік» демекші,
көп нәрсе отбасындағы тәрбиеге байланысты. Толыққанды отбасында тәрбие
алған жас ұрпақ жетімдердің көбеюіне жол бермеуі тиіс. Сонымен, елімізде
жетімдер саны қысқарып, әр бала өзінің отбасында ата-анасының,
туысқандарының
қасында болып, ата-ананың махаббатын, аялы алақанын,
мейірімін көрсе екен дейміз.
Достарыңызбен бөлісу: