Әдебиеттер
1.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбек). – Алматы:
Ана тілі, 1992. /б.448/.
2.
Садуақасов Ә. Қазақ тілінен методикалық құрал. – Алматы: Қазмембаспасы, 1941.
/б.81/.
3.
Оразбаева Ф. Тілдік қатынас теориясы және әдістемесі. Алматы.: РБК, 2005. / б.208/.
4.
Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. Алматы. 1975. /б.302/.
5.
Болғанбаев Ә., Қалиев Ғ. Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы.
Алматы.2003. /б.245/.
6.
Хасенов Ә. Тіл білімі. Алматы. Санат. 2008. /б.415/.
7.
Арғынов Х. Қазақ тілі методикасы. А. Мектеп. 1974. /б.295/.
ӘОК 013.42
ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕ – БАЛАНЫ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ
ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН НЕГІЗГІ КҮШ
Медиева Балауса Кемелбаевна
1801-10ж оқу тобының студенті
Ғылыми жетекшісі PhD, аға оқытушы Ортаева А.С.
ОҚМПУ, Шымкент
akmaral1970@mail.ru
Резюме
статье рассматривается роль семейного воспитания в воспитании ребенка как
личности.
Үмітін үкілеп, арманымен қанаттанып, болашаққа нық қадам басқан
еліміздің ертеңі – мектеп қабырғасындағы жас жеткіншектер. «Ел үміті мен
сенімі – жастар» екенін түсінген Алаш ардақтысы М.Жұмабаев: «Әрбір елдің
келешегі мектебіне байланысты» деген екен. Иә, әрине, мектеп – бала
тәрбиесінің негізін қалаушы, дамытушы, бәсекеге қабілетті тұлғаны
қалыптастырушы орда. Ал ондағы қызмет жасаушы ұстаздар – «Тәрбие деген
Тәңірдің» құдіретін танытушылар мен адамдық қасиеттерді бала бойына
сіңіртушілер. Іс нәтижелі болуы үшін ұстазға ата-ана көмекші болуы тиіс.
Бұған В.А.Сухомлинскийдің: «Тек қана атааналармен бірге, жалпы күш жігерді
біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін»
деген даналық пікірі дәлел бола алады. Себебі, ата-ана – бала тәрбиесіндегі
басты тұлға. Қазақстан Республикасы Ата заңының 27-бап, 2-тармағында:
«Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи
құқығы, әрі парызы» делінуінің де маңызы осында. Білім мен тәрбие – егіз
ұғым десек те, тәрбие арқылы білім беруді басты назарда ұстанатын ұстаздар
ұжымы ата-аналармен, шәкірттермен біте қайнасып жұмыс жасап келеміз.
Сабақтан тыс уақыттарын тиімді өткізу мақсатында оқушылардың
қызығушылықтарын арттырып, түрлі шаралар ұйымдастырылып отырылады.
Мектеп пен жанұяның тәрбие берудегі біріккен іс-әрекеттерінде әртүрлі әдістер
қолданылады. Оны екі топқа бөлуге болады: бірінші әдістерге оқушыларға ата-
597
аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру арқылы әсер ету жатса, екіншісіне
– тікелей әсер ету жатады. Бірінші топқа ата-аналар жиналысын жатқызуға
болады. Бала – біздің өміріміздің мәні. Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз
тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Тәрбиенің кілті – отбасының өмір
тіршілігіне байланысты. Әсіресе, ата-ананың адамгершілік бейнесі балаларды
тәрбиелеудің негізгі көзі. «Қыран ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» ғой. Бала
өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-анасының қамқорлығын көріп, яғни ол
өзін қоршаған шынайы махаббатты сезініп өсуі керек екен. Сонда өмірге деген
шынайы көзқарастары қалыптаса бастайды. Отбасының берік негізі осындай
рухани мүдденің бірлігінде болмақ. Оның біртұтас әрі тату болуы, береке-
бірлігі ең алдымен әке-шешенің бірбіріне, балаларына қалай қарайтындығына
байланысты. Біз баланы сүйеміз, оларды барынша жақсылықтарға бөлейміз.
Қазақ айтады: «Балаңа бақыт сыйлағаның – өзіңнің бақытты болғаның...» деп.
Балаға бақыт дегеннің қайдан келетіндігін айтып, өмірде ненің және кімнің
маңызды екендігін түсіндірген жөн. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» көрсетудің
мәнін ашып көрсете білуіміз керек. Ұрпақ – болашақ, ол адамзаттың болашағы,
ал отбасы – кішкене мемлекет Халқымыз «Тәрбие – отбасынан басталады»
дейді. Өйткені «отбасылық тәрбие» баланың тұлға ретінде қалыптасуында
шешуші мәнге ие болады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген халық
даналығы да осы пікірімізге орайлас. Бала құрсаққа біткеннен бастап, өз ата-
анасының, жанұясының тәлімін алу арқылы қалыптасады. Өткен дәуірлерде
ғұмыр кешкен ата-бабаларымыз отбасы құндылықтарына, жанұяның бала
тәрбиесіндегі маңыздылығына ерекше мән берген. Отбасы – табиғат сыйлаған
кереметтердің бірі әрі бірегейі деп түсінген. Жастың кемелденіп есеюінде,
толыққанды азамат болып ер жетуінде отбасылық тәрбиенің маңыздылығын
жоғары бағалап қана қоймай, оны бұлжытпай орындалуын қатаң қадағалап
отырған. Туған үйде берілген тәлім-тәрбие, жылулық оның бойында өмірінің
соңына дейін сақталады деп білген. Ш.А.Амонашвили айтқандай,
«Педагогикадағы жаңа ұғым – бұл рухани ізгілік. Ол бүкіл білім беру жүйесіне
енуі тиіс. Руханилық, ізгілік, сүйіспеншілік, мейірімділік, бейбітшілік, игілік,
ұғымдарының негізінде педагогикалық сананы өзгерту ғана білім берудегі
кедергілерді – қоғамдағы рухсыздық пен өнегесіздікті жеңуге мүмкіндік
береді» деген сөздерімен толық келісеміз. Қазіргі өркениетті қоғамда жас
ұрпақты дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік,
мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, болуында басқа да игі
қасиеттер қалыптасқан, өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін білетін
етіп тәрбиелеу заман талабы. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып қасиеттерімен
сусындаған ұлттық ерекшеліктерімен өрнектелген мәдениетке сай өнегелі,
рухани бай адамды қалыптастыру – оның туған кезінен басталуы керек. Баланы
жастайынан мейірімділікке, қайырымдылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуде
отбасы мен ұстаздардың ролі өте маңызды. А.С.Макаренко баланың бойында
ата-аналар алдындағы борыштылық, міндеттілік сезімін тәрбиелеу қажеттілігін
атап көрсеткен болатын. «Біздің балаларымыз бұл біздің қарттығымыз. Дұрыс
тәрбие – бұл біздің бақытты қарттығымыз, жаман тәрбие – бұл біздің көз
598
жасымыз, бұл біздің адамдар алдындағы, бүкіл еліміздің алдындағы күнәміз» -
деп жазды ол. Егеменді еліміздің болашақ азаматтары – жас балаларды дамыту
үшін қажетті сезімдер, ең алдымен, оқытушыларда және балалардың ата-
аналарының өзінде және олардың күнделікті жұмыс әрекеттерінде айқын және
шын орын алуы керек. Отанды, білімді, өзінің халқын шексіз сүю сезімдері
мектеп оқытушысының жұмысында, үйде ата-аналардың ісінде үнемі орын
алатын болса, оның балаға да үлгі болатыны табиғи нәрсеОқушылардың
қабілеттерін шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан
Республикасының азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу – біздің
міндетіміз болмақ. Балаға жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегінде
адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке
тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал
етері сөзсіз. Дара туған ақиық ақын Мұқағали Мақатаев: «...Мектебің мынау,
класың, Осында он жыл тұрасың. Тарыдай болып кіресің, Таудай болып
шығасың» деп балаларға арнап қандай керемет әрі тартымды өлең жазғандығы
баршамыздың есімізде. Адамның адам болып қалыптасып, білім нәрімен
сусындап, рухани жетілген, жан-жақты азамат болып қалыптасуында мектеп
бізге әрдайым қасиетті мекен болып қала бермек. Сонда ғана оқушының
оқубілімге деген ынтызарлығы, құштарлығы оянып, ізденуге бет алады. Іздену
арқылы адам боламыз. Білім мен ғылым арқылы жаңа әлемнің есігін аша
түсеміз. Бұл ақиқатты бекер айтып отырғанымыз жоқ. Мен оқиғаларға әрдайым
зер салып, көз қырын қойып отыратындығымыз аян. Елде болып жатқан,
қоршап тұрған дүниелердің бәрі бізге қатысы бар. Дүниені пайымдап, оның
анығына жетуден артық бұл өмірден асқан қуаныш бар ма?! Рухани әлемнің
ортасында жүргендіктен, жас ұрпақтың бойында сол кіршіксіз таза дүниенің
сәулесін түсіріп, жан-дүниесін байытуды өзіміздің азаматтық парызымыз деп
білеміз. Біз, ұстаздар қауымы, өз кәсібіміздің қасиетті де құдіретті екендігімен
мақтан тұтамыз. Өйткені біз адамзаттың ұлы ұстазы әл-Фарабидің ұрпағымыз,
кешегі Шоқан, Ыбырай, Абай салып кеткен сара да дара жолдың мұрагеріміз,
ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын ұлтжанды азаматтардың тәлімгер-ұстазымыз.
Рухани дүниенің ұстаздар қауымының өкілі болғандықтан біз қызмет еткен
жерде әрдайым қолайлы кеңістік орнап, рухани ортаның қалыптасуына ұйытқы
болып келеміз. Білім мекемелері мен киелі ошақтардың қасиетін арттырып, сол
арқылы жас ұрпақтың жан-дүниесін біліммен нұрландырып, ізгі қасиеттерінің
қалыптасуына мұрындық та боламыз. Бұл біздің басты ұстанымымыз әрі
парызымыз. Ұстаз тек мектептің жүрегі ғана емес, ол рухани орта
қалыптастырушы жан. Осы мақсатта еңбек етіп, ұрпақ тәрбиелейді. Және солай
бола да бермек. Тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі – мектеп
пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасының дұрыс жолға
қойылуы. Өйткені адамзат бесігін тербеткен баланың басты ұстазы ата-ана.
«отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады.
Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туыстарына деген
сүйіспеншіліктен басталады» - деп Елбасы айтқандай, бала әкеден – ақыл,
анадан – мейір алып өседі. Қай ата-ана болмасын баласының тәрбиелі, білімді,
599
мәдениетті болуын қалайды. Қазіргі ұрпақ тәрбиелеудегі басты мәселе
тұлғаның рухани дамуы. Рухани даму дегеніміз – өмірдегі өз орнын тауып,
атқаратын міндетін, жауапкершілігін сезіну, өзін-өзі үздіксіз жетілдіру. Балаға
тәрбие ата-ана, мектеп, қоршаған орта арқылы беріледі. Мектеп жан-жақты
дамыған жас ұрпақ тәрбиелеуге байланысты негізгі қамқорлықты өз міндетіне
алса, ата-ана баланы асыраушы ғана емес, үйретуші, азаматтық дағдыны,
қалыптастырушы. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз
отының басындағы тәрбиенің маңызы зор. «Баланың бас ұстазы – ата-анасы»
демекші, отбасындағы таным, түсінік қалай қалыптасса, адамның бойында
қалатын сол қасиет солай қалыптасады. «Болса тәртіп, бала өседі сомданып,
қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, есі кіріп,
тілі шыға бастасымен-ақ баланы шектен тыс шолжаңдатпай, байсалды,
ұғымтал, тілалғыш етіп баулу – ата-ананың басты міндеттерінің бірі. Қорыта
айтқанда, бала жүрегі – теңіздің тереңіндей тұңғиық. Өз сыры бар, өз айтары
бар. Оның көзіндегі тұнып тұрған сұрақтарды көріп, жауап бере білудің өзі –
керемет дүние. Оның көзінен бір тамшы жас тамса, ананың жүрегі қоса
ауырып, оның бабын табуға ұмтылады. Осы бір құрметті түсінетін, жүрегінде
нұры бар бала болып өссе, нұр үстіне нұр болар еді. Орыстың ұлы сыншысы
В.Г.Белинский: «Тәрбие – адам тағдырын шешетін ұлы іс» деп дәл айтса керек.
Достарыңызбен бөлісу: |