Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет35/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Литература 
1. Углубленное изучение русского языка в национальной школе/Под ред. З.П.Даунене.
- А,1989 
2. Леонтьев А.А. Универсально-сопоставительное изучение языков и описание языка в 
учебных целях/В сб. Лингвистические и методические проблемы преподавания русского 
языка как народного.- М.: Наука. 1987 
3. Подгаецкая Н.М. Воспитание у учащихся интереса к изучению русского языка. -М.,1985 
4. Кевиш М.Н. Творческие работы учащихся по русскому языку как средство формирован-
ная познавательных интересов учащихся и совершенствование знаний, умений и навыков по 
русскому языку. -Рига,1985 
5. Углубленное изучение русского языка в 7 классе казахской школы. -Алма-Ата, 1985 
6. Люстрове З.Н., Скворцов Л.И. и др. Друзьям русского языка. -М.: Знание, 1982 
7. Шанский Н.М., Рахманика Н.П. Некоторые вопросы воспитывающего обучение русскому 
языку в национальный школе. -М., 1980 
8. Ушаков Н.Н. Внеклассная работа по русскому языку в восьмилетней школе. -М. 1975 
 
ӘОЖ
ӘКЕМ ЖӘНЕ БАТЫР БАБА ҚАЖЫМҰҚАН ЖАЙЫНДА 
ЕСТЕЛІКТЕРДЕН 
Байтанаева-Молдалиева Д.Ә. 
– ф.ғ.к., доцент 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент 
Резюме 
В данной статье рассказывается о встречах ученого Абиша Байтанаева с казахским 
борцом Ходжимуканом по воспоминаниям. 


65 
 
Соғыс кезінде әкем азық-түлік қоймасына жауапты болған екен. Түнгі 
күзетте отырған кезінде жанып тұрған май шам өртене бастайды. Оны жылдам 
алып шығу керек болды. Жанып тұрған май шаммен бірге өртеніп жатқан оң 
қолымен асқан ықтияттылықпен, шыдамдылықпен және ержүректігімен май 
шамды алып шығады, азық-түлікті сақтап қалады. Май шамға жабысып күйген 
қолын ұзақ уақыт госпитальда емдеп, 1943 жылы соғыстан ерте ауылға 
қайтады. Соғыс біткенге дейін Шәуілдірдің аудандық собезінде, партия 
комитетінде, газеттерде жұмыс атқарады.
Соғыс басталғанда мен үш жасар қыз едім, сондықтан соғыстың басталуы 
және алғашқы ауыр жылдары жайында ешнәрсе айта алмаймын. Ал менің 
әпкем, Клара Байтанаева соғыс басталғанда бес жастан асқан болатын. Оның 
сол кезең жайында жазған естеліктерi «Южный Казахстан» газетінде жарык 
көрген [1].
Әпкемiздiң айтуы бойынша, бiр күнi үйге өте ірі, өзi қара, шашы жоқ, 
бетiнде терең тыртықтары бар адам кірiп келдi. Кейiн бiлдiк, ол – Қажымұқан 
Мұңайтпасов деген жер жүзі палуандарымен шайқасқа түсіп жеңген, аты 
аңызға айналған қазақ палуаны екен. Палуан бабамыз әкемiзге бір үлкен 
өтiнiшпен келiптi. Оның мақсаты – елге өз өнерін көрсетіп, ақша жию, жиған 
ақшаға өзінің атынан Совет Армиясына ұшақ (самолет) жасату, сол арқылы 
мына соғысты түбiмен жеңуге өз үлесін қосу. Бұл койылған мақсатты icкe 
асыру үшiн, әкемнен халыққа өнерін көрсетуге байланысты ұйымдастыру 
жұмыстарына жәрдем беруiн сұрап келген. Әкем, әрине, бар күшін салып, елге 
жарнамалап, халықты ауыл алаңдарына жиып, Қажымұқанға өнерiн қызықты 
және табысты етiп өтуiне барлык жағдай жасайды.
Әкем мені Қажымұқан өнерінің алғашкы қойылымына алып барды, - дейдi 
әпкем Клара. Қойылым Шәуілдiрдiң клубында өттi. Адам өте көп жиналған. 
Кішкентай клубтың iшiне сыймағандар сырттан көреміз деген үмітте топтасып 
жүр.
Менiң есiмде қалғаны, бiр уақытта Қажымұқан ортаға шығып, тiсiмен ұзын 
темiр трубаны тістеп тұрды. Оның екі иығына залдан шығып келген адамдар екi 
трубаға асылып біраз тұрды, жұрт ұзақ уакыт қол шапалақтады. Ендi бiр 
уақытта Қажымұқан ата сахнаға шалқасынан жатты да, оның үстiне қалың 
тақтайды койды. Осыдан кейін тақтай үстіне үлкен тас койылды. Екi жағынан 
екi жiгiт келiп, үлкен балғамен әлгi тасты кезек-кезек ұрып, сындыра бастады. 
Әбден сындырып болған сон, палуан орнынан тұрды. Ол көп өнер көрсетті. Не 
көрсетсе де жұрт шулап, қол шапалақтап тоқтар емес. Өнер көрсету бітсе де, 
жиналған жұрт таркамай, оның жүрiс-тұрысына қарайды. Балалар болса 
соңынан жүгiрiп, қызыққа батып жатты. Батыр бабамыздың алып тұлғасы, күш-
қайраты соғыс кезiнде қиыншылықта өскен балалардың есiнде ұмытылмас, 
мәңгі сөнбейтiн жұлдызына айналған едi, – деп жазады әпкем.
Ауыл-ауылды аралап, өнер көрсетіп, тапжылмай еңбек етудің арқасында 
ұшаққа ақша жиналды, Сталинге ол туралы хат жiберiлдi. Қажымұқан 


66 
бабамыздың атынан ұшақ жасалып, оны Шалабаев деген ұшқыш басқарып, 
майданға аттанған еді. 
1945 жылы соғыс бiтiп, бiз отбасымызбен үлкен арбаға жүгiмiздi тиеп, 
Шәуілдірден екi күн жүріп Шымкентке көшіп келдік. Мен жетi жасқа толып, 
Қ.Спатаев атындағы №7 мектепке оқуға түстім. Анам осы мектептiң оқу 
жұмысын баскару (завуч) қызметiне кірді. Мектеп С.М.Киров көшесiндегi 13-
үйде орналасқан екі қабатты ғимарат екен. Бірінші қабатында оқушылар сабақ 
оқыса, екінші қабаты оқушылардың жатақханасы. Мектеп-интернаттың бұл 
жатақханасында әкелері соғыстан қайтпаған ер балалар тұратыны белгілі 
болды. 
Үйiмiз болмағандықтан бiзге мектептiң ең шеткі, дәлiзi бар бөлмесi 
берілді. Әкем, анам, әжем және төрт бала осы бiр бөлмеде тұрдық. Үйде жалғыз 
бiр кереует пен қазақтың көрпеше төсеп отыратын дөңгелек үстелі болды. Сол 
үстелде бәрiмiз сабақ оқып, тамақ ішетінбіз. 
Күз айларының соңғы күндерi едi. Бiздiң үйдiң алдына дәу дөнгелекті биiк 
қоқан арбасы тоқтап, үстiнде ақ шапаны бар Қажымұқан ата түсті. Бөлмемiздiң 
есігі аулаға қараған және екіжақты есiгiнiң бiр жағы шегеленулi болатын. 
Палуан атамыз есікке сыймаған соң, мектептiң ағаш ұстасын шақырып, екi 
жағын да аштыртып, қонағымызды үйге кiргiздiк. Тамақ жеп болған соң, шай 
келдi. Қажымұқан ата төрде, кереуеттiң бойына төселген көрпешеде жастыққа 
сүйеніп отырған. Кереуеттiң астында әкем «балалар кейiн жер» деп 
Шәуілдірден алдырған қарбыздар жатқан. Палуан бабаның көзі соған түсіп 
кетсе керек. Бiр уақытта ол: 
– Айhай , карбыз болар ма едi! – дегенi . 
– Қажеке, қарбыз бар, – деп әкем үлкенін таңдап, палуанның алдына кесіп 
қойып жатты. Біз атаның алдында оған қарап, қимылдамай отырдық.
Палуан ата облыс басшыларына жолығатын бір шаруасымен келген екен. 
Сол мәселе бойынша әкеммен ақылдаспақшы болып, бiздiң үйді арнайы iздеп 
келіпті. Әңгiмелерi бiткен соң, әкем оны шығарып салды. Олар үйден 
шыққанда палуан атаны көремiз деген мектеп оқушылары жиналып тұр екен. 
Олар шулап, көпке дейiн палуанның соңынан шұбырып бара жатты. Ал палуан 
ата болса өзiнiң биік арбасында таудай көрініп, жай-барақат кетіп бара жатты. 
Бұл көрініс менiң есiмде мәңгі сақталып қалды. Шіркін, жүрегiңдi жылытып 
ойландыратын, биікке самғататын осындай көрiнiстер неғұрлым ертерек, жас 
кезден, көз алдыңнан өтiп бойыңа сiңсе, сөз жоқ, рухани байлығың өсiп, сенi 
биiк белестерді бағындыруға итермелейді.
Әкем өмірінің соңына дейін 41 жыл Шымкент педагогикалык 
институтында істеп, өмiрiн бiлiм мен ғылымға арнады. 1970-шы жылдары 
Қажымұқан ұшағымен жауды кырған ұшқыш Шалабаевты iздеп тауып, 
студенттермен кездесу кешiн ұйымдастырып, суретке де түскен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет