Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет37/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Әдебиеттер 
1. Әбіш Байтанаев. Естеліктер жинағы. – Шымкент: Нұрлы бейне, 2011. -192б. 
2. Мырзахметұлы Мекемтас. Әбіш Байтанаев – педагог, филолог ғалым. Естеліктер жинағы. 
– Шымкент, 2011. 
3. Құлбек Ергөбек. Бақытын әдебиеттен тапқан. Естеліктер жинағы. – Шымкент: Нұрлы 
бейне, 2011. 
4. Қожықов М., Сыздықов К. Ұлағатты ұстаз, ізденімпаз ғалым. Естеліктер жинағы. – 
Шымкент: Нұрлы бейне, 2011. 
5. Мархабат Байғұт. Бейнетқор Байтанаев. «Оңтүстік Қазақстан» газеті. 14 қазан, 1995ж. 
6. Панзабеков Көпбосын. Менің бақытым. Естеліктер жинағы. – Шымкент: Нұрлы бейне, 
2011. 
7. Қалдыбаев Мамытбек. Сіз менің жүрегімдесіз. «Мәдениет» журналы, №12(28), желтоқсан, 
2008 
8. Тәжиев Қазыбек. Танымы мен табиғаты басқа кісі. Естеліктер жинағы. – Шымкент: Нұрлы 
бейне, 2011. 
9. Мұсақұлов Әмір. Жапырағын жайған бәйтерек. Естеліктер жинағы. – Шымкент: Нұрлы 
бейне, 2011. 
10. Байтанаева Шолпан. Время, вперед! Естеліктер жинағы. – Шымкент: Нұрлы бейне, 2011. 


72 
ӘОЖ
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ОҚЫТПАЙТЫН МЕКТЕПТЕРДЕ МЕМЛЕКЕТТІК 
ТІЛДІ ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Байтанаева-Молдалиева Д.Ә. 
– ф.ғ.к., доцент 
Молданова Ж.І.
– аға оқытушы 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент қ.
 
Паметова Роза 
Д.Нұрпейісова атындағы №116 орта білім беретін мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі 
Резюме 
В данной статье раскрываются актуальные проблемы обучения государственному 
языку в школах с неказахским языком обучения. 
 
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде түрлі ұлт өкілдері (орыс, ұйғыр, 
өзбек, тәжік т.б) оқиды. Бұл оқушылар негізгі білімді өзінің ана тілінде алады. 
Қазақстанның көпұлтты жағдайында өзге ұлт өкілдері үшін мемлекеттік тіл 
екінші тіл болып саналады. Екінші тілді оқыту әдістемесін арнайы зерттеген 
Қ.Қадашева. Ол:«Қазақ тілін екінші ретінде оқыту дегеніміз тіл үйренушіге 
білім берумен қатар сөйлеу іс-әрекет түрлерінің негізінде дағды мен біліктілікті 
қалыптастыру міндеті қарастырылатын және өз елінде мемлекеттік тіл ретінде 
оқытылатын практикалық пән», – деп анықтама береді [1]. 
Белгілі әдіскер-ғалым Қ.Қадашева өзінің «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» 
деген еңбегінде бүгінгі күні қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытылуының жай-
күйін баяндайды. Ол: «...мемлекеттік тілге қатысты талапқа сай қазақ тілін 
оқыту процесінде қазақ тілін ана тілі ретінде оқыту, қазақ тілін шет тілі ретінде 
оқыту, қазақ тілін мамандық тілі ретінде оқыту, қазақ тілін екінші тіл ретінде 
оқыту әдістемелері сараланған жоқ. Сондай-ақ жалпы білім беретін орта 
арнаулы оқу орындарында, жоғары оқу орындарында мемлекеттік және 
мемлекеттік емес ұйымдар мен мекемелерде қазақ тілін оқытудың арнаулы, 
белгілі бір бағыттағы бағдарламалары мен оқулықтары жеткілікті түрде 
даярланбаған», – дейді [1]. 
Қазақ тілін ана тіл ретінде оқыту мен екінші тіл ретінде оқыту 
әдістемесінің үлкен айырмашылықтары бар. Екінші тілді оқытуда білім 
берумен бірге оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу, тілдесім дағдылары қалыптас-
тырылады. Екінші тілді оқытуда ең қажетті нәрсе ол коммуникативтік оқулық
және оқытудың мақсаты мен міндетін айқындайтын бағдарлама. Бұл
бағдарлама сөйлеу іс-әрекетінің инновациялық модельдер мен бақылау 
түрлерін лингвоелтану матриалдарын қамтуы тиіс. 
Қ.Қадашеваның айтуы бойынша: «Қазақстанның қазіргі жағдайында 
жеделдете оқыту әдістемесі және практикасы бар болғанымен, бұл жүйелі 
сипатта емес. Бұның себебі – қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту әдістемесінің 
қалыптаспағанында, шетел тілі ретінде оқыту, екінші тіл ретінде оқыту 
дегендердің арасының ажыратылмағандығында»[1]. Ол екінші тілді оқытуда 
жаңаша жаңғыртып оқыту жүйесін ұсынады. Бұл жүйені іске асыру үшін: білім 
алудың түрлі дереккөздерін; оқудағы іс-әрекет түрлерін пайдалану; ойлау 
әрекетін туғызу; таным процесінің психологиясын, түрлі сезім әрекетінің 


73 
байланысын ескерту қажет дейді. Бұл әдіс жаңадан жасалған әдіс емес. 
Дәстүрлі әдіс-тәсілдерді ұтымды, әсерлі, жаңғыртып, білім алушылардың 
белсенділігін арттыра отырып пайдалану. Жаңаша жаңғыртып оқытуда 
қолайлы эмоциялық фон білім алушының белсенділігін арттырып, тілді 
үйренемін деген құлшыныс пайда болады және өз еркімен саналы түрде тілді 
игереді [1]. 
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін екінші тіл ретінде 
оқытудың негізгі мақсаты – оқушыларды қазақша сөйлеуге, олардың біреудің 
сөзіне жауап беріп, өз ойын еркін айта алуға, жалпы қазақ тілін қатынас құралы 
ретінде пайдалануға үйрету. 
Жаһандану кезеңінде тілдік қатынас жасау халықаралық байланыс үшін 
қажетті мәселелердің бірі екені белгілі. Сондықтан бүгінгі күні тілдік қатынас 
(языковая коммуникация) лингвистиканың өзекті жаңа саласына айналып отыр. 
Бұл мәселе қазақ тіл білімінде теориялық жағынан да әдістемелік жағынан да 
арнайы зерттелмеген. «Тілдік қатынас» термині Ф.Оразбаеваның «Тілдік қаты-
нас: теориясы және әдістемесі» деген еңбегінде алғаш қолданыла бастады [2]. 
Тілдік қатынас деп адам баласының сөйлеу, пікірлесу, сөйлесу, айту, ойлау 
сияқты әрекеттерімен іске асатын құбылысты айтамыз. Бүгінгі күні 
халықаралық қатынас жан-жақты дамып отырған жағдайда тілді оқытып
үйретуге ерекше назар аударылуда. Тілді оқытудың ұтымды әдісі – қатысым 
әдісі болып отыр. 
Қазақ тілінде қатысым әдісі, оның ерекшеліктері мен негізгі қағидалары, 
әдістің ұтымдылығы алғаш Ф.Оразбаеваның еңбегінде берілген [2]. 
Қазақ тілінің ең басты қатысымдық қызметі – бір ұлт пен екінші ұлт 
өкілдерінің өзара түсінісуіне, ұғынысуына жол ашу, қарым-қатынас құралы 
ретінде қоғамға қызмет ету. Яғни қатысым әдісі арқылы тіл ғылымының 
қоғамдық мәні мен тәрбиелік маңызы қатар іске асырылады. Тілдік қатысым 
арқылы адамдар бір-бірімен сөйлесуімен, пікір алмасуымен шектелмейді, олар 
бір-бірінің көңіл-күйін, жан сезімін түсініседі, сол арқылы жалпы адамзаттың 
тәрбие жүйесі іске асырылады. Бір тілді басқа ұлт өкілдеріне үйрету арқылы біз 
адам мен адамның арасындағы қарым-қатынасты ғана емес, ұлт пен ұлттың
арасындағы қарым-қатынасты қалыптастырамыз және сол елдің мәдениетінен, 
әдебиетінен, тарихынан, салт-дәстүрінен білім береміз. Тіл арқылы оқушы-
лардың сөйлеу әуезділігін, әдептерін де үйретеміз. Ол үшін оқыту барысында 
оқушылардың сана-сезіміне әсер етіп, пәнге деген дұрыс көзқарас 
қалыптастырамыз. 
Осы уақытқа дейін әдістемелік әдебиеттерде сөйлесім әрекеті төрт түрге 
бөлініп келді. Олар: сөйлесу (говорение), оқу (чтение), жазу (письмо), түсіну, 
есту (аудирование). Ф.Оразбаева аталған еңбегінде сөйлесім әрекетін беске 
бөледі. Олар: оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім [2]. 
1. Оқылым – графикалық таңбалар арқылы тіл үйренуші тілдік қатысымға 
қажетті материалдар алып, өз тілінде пайдаланады, білімін арттырады, қатысым 
процесі дамиды. 


74 
2. Жазылым – әріптің, сөздің графикалық таңбасы арқылы іске асады, 
белгілі бір фонемалық, мағыналық қасиетке ие болады. Жазылымда сөйлесім 
әрекетінің барлық түрі қатысады. Жазу арқылы адам өз ойын қағазға түсіреді.
3. Тыңдалым – есту арқылы түсіну. Есту - дыбысты қабылдау, тыңдалым – 
маңызды хабарды түсіну, қажетіне жарату. 
4. Айтылым – оқушыны сөйлеуге, айтар ойын жеткізуге үйрету. Айтылым 
– адам мен адамның тілдік қатынаста бір-бірімен тілдесуі, сөйлесуі. Тілдік 
коммуникация ауызша сөйлесудің нәтижесінде іске асады. Ол үшін тіл 
үйренуші сөздің дұрыс айтылу заңдылықтары мен нормасын білуі керек. Ана 
тіліміздің жазба түрімен қатар, ауызша түріне қойылатын талаптар күшеюі 
керек. 
Сөйлеуге уйретуде мынадай талаптар қойылады: 
- тіл үйренуші мен тіл үйретуші арасындағы қарым-қатынас тең дәрежеде 
болуы керек; 
- тіл үйренуші сабақта өзін еркін сезінуі керек; 
- сабақта сөйлесудің барлық түрлері қолданылады. 
5. Тілдесім – бұған сөйлесім әрекетінің барлық түрлері, яғни оқылым, 
жазылым, тыңдалым, айтылым кіреді. Тілдесім арқылы адамдар арасында 
қарым-қатынас орнайды. Тіл үйренушілер ой бөлісіп, жөн сұрасады. 
Қазақ тілінде тілдік қатынас туралы теориялық не әдістемелік әдебиеттер 
болмағанымен, республикамызда негізінен орыс топтарына арналып шыққан 
Ы.Мамановтың, Ж.Адамбаеваның, Б.Құлмағамбетованың, Ш.Бектуровтың 
еңбектерін айтуға болады. Алайда бұл еңбектер сөйлеу тілін меңгерту үшін 
емес, белгілі бір лексикалық тақырып төңірегіндегі сөздер мен грамматикалық 
ережелерді меңгеруге арналған.
Қатысымдық әдіспен жұмыс істеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Олар: 
қатысымдық әдіс кем дегенде екі адамның, не екі топтың арасында жүзеге 
асады; оқушы мен мұғалімнің міндеттері бөлек болғанымен мақсаттары бір 
болады; қатысымдық әдіс мұғалім мен оқушының, бір ұлт пен екінші ұлттың 
тіл арқылы сөйлесуін қамтамасыз етеді; тілді үйрету күнделікті өмірде 
практикалық жолмен, ауызба-ауыз сөйлесу арқылы іске асады. Қатысымдық 
әдіс дегеніміз – оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы арқылы белгі бір тілде 
сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын қарым-
қатынас құралы ретінде іс жүзінде асыратын әдіс. Қатысым әдісі оқушыны аз 
уақыт ішінде сапалы біліммен қамтамасыз ететін жедел, интенсивті оқыту, яғни 
бір тілді басқа ұлт өкілдеріне оқытатын тиімді әдіс. Тілді жедел оқыту әдісі шет 
тілдерін жедел оқытудан басталған, ал орыс тілін жедел оқыту мәселесін 
Г.А.Китайгородская, А.Зайцев, П.Лозанов, В.Шаталовтар бастаған. Қазақ тілін 
жеделдете оқытудың ең ұтымды түрі – өзге ұлт өкілдерінің қоғамдық ортада 
пікір алмасуын, қазақ тілін түсініп, сөйлесе білуін қамтамасыз ететін қатысым 
әдісі дейміз. 
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердің «Қазақ тілі» бағдарламасы 
бойынша қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне меңгертуде коммуникативтік қарым-
қатынас бірінші орында тұрады, сондықтан оқулықтағы материалдар, тіл 


75 
дамыту жұмыстары оқушыларды қазақша сөйлетуге бағытталуы керек, оқыту 
бары-сында жеке сөзбен емес, сөйлем құрау арқылы үйрету басты мақсат болуы 
керек. 
Өзге ұлт өкілдеріне жеке сөздер мен грамматикалық формаларды қанша 
үйреткенімен сөйлем түрінде айналымға түспей, оны меңгеру мүмкін емес. 
Өйткені сөздер өзара байланысқа түсіп, сөйлем құрамына енгенде ғана жаңа бір 
ойды білдіреді. Ауызша, жазбаша тіл дамыту жұмыстары оқушының жас 
ерекшелігіне қарай алынады, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді таныту, 
тілдік қорын байыту және оқушылардың рухани санасын қалыптастыруда 
ұлттық мәдениетті, әдебиетті, тарихты, дәстүрлерді дәріптейтін материалдар тіл 
дамыту жұмысында молынан пайдаланады [3]. 
Бүгінгі күні шетелдік озық тәжірибелер негізіне сүйене отырып әзірленген 
әдістемеліктер мен электронды оқыту құралдары, кешендер, деңгейлік 
оқытулар 
тіл 
мамандарының 
пайдалануына 
ұсынылуда. 
Мектептер 
интерактивті тақталармен қамтамасыз етілуде. 
Ғылым мен технологияның дамуы инновациялық білім берудің 
қажеттілігін, түрлі технологиялардың оқу үдерісіне енгізілуін талап етеді. 
Компьютерлік әдіс-тәсілдер педагогикалық басқаруды қамтамасыз етіп, 
уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Сабақта компьютерлік технологияны 
қолдану оқушы мен оқытушының ақпараттық-коммуникативтік мәдениеттің 
кең түрде дамуына жағдай жасайды.
Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы модельдерді жасау және көрсету; 
қажетті бағдарламаларды үйлестіріп қолдану; оқушыларды сабаққа белсенді 
түрде қатыстыру; сабақтың қарқыны мен барысын жақсарту; оқушының ой-
өрісін дамыту сияқты маңызды жұмыстар іске асады. Алайда, жаңа 
технологиялық құралдарды тиімді пайдаланып, сабақтың сапасын арттыру үшін 
тіл маманының кәсіби біліктілігін; әдістемелік шеберлігі мен комьпютерлік 
сауаттылығын жетілдіру қажеттілігі туындайды. 
Компьютерлік технологияны қолдану әдісін білмей, тек сурет, мәтін және 
де басқа ойлау процесін тудырмайтын материалдарды көрсетумен шектеушілік 
жиі кездеседі. Қазақ тілі сабақтарында интерактивті тақтаны қолданудағы 
негізгі мақсат – оқушылардың ойлау процесін дамыту, солар қылы дамыта 
оқыту технологиясын іске асыру. Компьютерлік технологияны қолдану әдісін 
білмей, оны пайдалану да зиян екенін білуі керек. 
Қазақ тілін оқытуда қойылатын тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарының 
күрделілігі әрбір сабақта әр түрлі тәсілдер мен оқу құралдарын үйлесімді 
қолдануды талап етеді. Білім беру міндеттерінің мақсатқа сай болуы және 
мұқият іскерлікпен жасалған әдістемелермен ұштастырылуы – қазақ тілі 
сабағының нәтижелі болуының басты шарты. 
Оқушының сөйлеу тілін дамыту тек ауызекі сөйлеу, жаңа сөздерді немесе 
сөз тіркестерін жатқа айту, мәтінмен жұмыс, оқу, сұраққа жауап беру, 
суретпен әңгіме құрастыру, тапсырмаларды ауызша орындаумен ғана шектеліп 
қоймайды. Оқушылар сөздерді бір-бірімен байланыстырумен қатар, сауатты 
жаза білуі керек. Сауатты дұрыс жазу емле ережесін сақтау деген сөз. Мысалы, 


76 
шылаулар тақырыбын өткенде сабақта шылаулардың жасалу жолдарын 
түсіндіріп, оны меңгеріп, сонымен қатар, шылауларды жалғаулардан, 
жұрнақтардан ажырата білуге дағдыландыру үшін мұғалім қажетті слайдтарды 
жасап, оларды сабақта пайдаланғаны тиімді болады. 
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде түрлі ұлт өкілдері (орыс, ұйғыр, 
өзбек,тәжік т.б) оқитынын және сабақ оқушылардың ана тілінде жүргізілетінін 
ескеруіміз қажет. Қазақ тілі мамандары оқушылардың тілін біліп қана қоймай, 
сабақта қазақ тілі мен олардың ана тілі арасындағы ерекшеліктерін салыстыра 
түсіндіру арқылы нәтижеге жетеді. К.Д.Ушинский:«Басқа тілдің грам-
матикасын үйреткенде, ана тілінің грамматикасынан алған білімі басшылық 
ететін болсын» - деген [4]. Демек, мысалы, өзбек тілді мектептерде қазақ тілі 
мамандары міндетті түрде екі тілді, яғни, қазақ, өзбек тілдерін біліп, 
оқушыларға екі тілдің ерекшеліктерін компонентті салыстыру әдісі арқылы 
үйретуі керек. Қазақ, өзбек тілдері түркі тілдер тобына жатқанымен, екеуінің 
грамматикалық құрамы бірдей емес. Өзбек тілі өзінің тарихи даму жолында 
иран, парсы тілдерімен ұзақ уақыт байланыста болып, бұл тілде сингармонизм 
жойылған. Ал қазақ тілінде сингармонизм заңы сақталған. Міне осы себепті 
өзбек тілді оқушыларға қазақ тілінің жалғау, жұрнақтарын меңгерту 
қиыншылық туғызады. Ал қазақ тіліне тән 9 дыбысқа өзбек тілінде дәл келетін 
дыбыстар жоқ [5]. Демек, өзбек тілінің фонетикасы мен морфологиясын білмей 
оқушыларға қазақ тілі фонетикасы мен морфологиясын түсіндіру мүмкін емес. 
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде істейтін келешек мамандардың 
мақсаты – қазақ тілін оқушының басқалармен достық қарым-қатынас құралына 
айналдыруға жеткізетін ең тиімді әдіс-тәсілдерді меңгеру; қазақ тілінің 
дыбыстық құрамын, оның ерекшелігін, грамматикалық құрылысын, сөздік 
қорын, тіл дамытудың әдіс-тәсілдерін меңгеру. 
Қазақ тілі бай, құнарлы тілдер қатарына жатады. Белгілі түркітанушы
В.В.Радлов қазақ тілі жайында былай деген: «Қазақ халқы басқа халықтардан 
өзінің тіл өнерімен, таңқаларлық шешендігімен және тапқырлығымен 
ерекшеленеді. Жай сөйлегеннің өзінде сөйлемдердің құрылымы мен оралымы 
өлеңге ұқсайды» [6]. Түркітанушы П.М.Мелиоранский: «Барлық зерттеушілер 
қазақ тілін түркі тілдерінің ішіндегі ең таза және ең бай тіл деп есептейді. Бұл 
тіл суырып салуға қолайлы, өте бай және жан-жақты тіл» деген. Сондықтан тіл 
мамандарының алдында тұрған мақсаттарының бірі – қазақ тілінің байлығын, 
көркемдігін көрсету. Мысалы, жеке сөздерге не контекст сөзіне синонимдер 
табу арқылы бір сөзді екінші сөзбен ауыстыруға болатынын көрсетуге болады, 
сол арқылы мұғалім оқушыларға қазақ тілінің тамаша қасиеттерін көрсетеді. 
Тілдің тамаша қасиеттерін сезіндіруде халық мақал-мәтелдері мен 
фразеологиялық тіркестерді кеңінен пайдалану керек. 
Оқушылардың тілге деген қызығушылығын тек білім беру сапасы мен 
тиімділігін көтеру арқылы арттыруға болады. Оқытуды тиімді ұйымдастыру ол 
тек оқытушының шеберлігіне байланысты. Тіл маманы оқытудың интерактивті 
әдістерін толық меңгерген, жаңа педагогикалық технологиялар мен тілді үйрету 
шеберлігін қалыптастырған маман болу керек дейміз. 


77 
Болашақ қазақ тілі мұғалімі қазақ тілінде оқытпайтын мектеп 
оқушыларының ана тілін, оның грамматикалық құрылысын, қазақ тілінен 
айырмашылығын және мектеп бағдарламасының, қазақ тілі оқулығының 
теориялық негіздерін жақсы меңгеруі керек. Сонда ғана мұғалім қазақ тілі пәнін 
сөйлесу, пікірлесу құралына айналдыруға жағдай жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет