Әдебиеттер
1. Байтанаева Клара Три фрагмента из детстве. «Южный Казахстан» 2002 г , 4 октября
67
ӘОЖ
ҒАЛЫМ-ПЕДАГОГ ӘБІШ БАЙТАНАЕВ ЖАЙЫНДА ЕСТЕЛІКТЕРДЕН
Байтанаева-Молдалиева Д.Ә.
– ф.ғ.к., доцент
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент
Резюме
В данной статье раскрывается деятельность ученого-педагога Абиша-Байтанаева по
воспоминаниям его современников.
Осыдан 12 жыл бұрын университетіміздің акт залында Байтанаевтың 100
жылдығына арналған Халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылып,
оған көптеген қонақтар келіп сөз сөйледі. Ол материалдар Байтанаев жайында
естеліктер жинағында жарық көрді [1]. Газет беттерінде Байтанаевқа арналған
мақалалар
жарияланды.
Байтанаев
кабинеті
ашылып,
оның
жеке
кітапханасынан 1000 кітап университетке берілді. Қала әкімшілігінің
шешімімен университет ғимаратына мемориал тақтасы орнатылды. Ал
Байтанаевтың туып өскен Отырар ауданы Ынталы ауылының орта мектебіне
аның аты берілді.
Он екі жылда университетімізде мыңдаған талапкерлер келіп, түлектер
шығып жатты. Ұстаздар қауымы да кеңеюде. Сондықтан жаңа буын жастары
Байтанаевтың кім екенін және оның болмысының тұлғалық қасиеттерін біле
бермейді. Бұл баяндамада мен Байтанаев жөнінде, оның замандастары мен
шәкірттерінің ойын ортаға салсам деймін.
Әбіш
Байтанаев
Шымкент
педагогика
институтының
негізін
қалағандардың бірі, Қазақстан жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер,
Соғыс және Еңбек ардагері, Еңбек қызыл ту ордені иегері, филология
ғылымдарының осы университетте алғашқы ғылым кандитаты, алғашқы ғылым
докторы, профессоры.
Әбіш Байтанаев 1910 жылы Отырар ауданында туылып, Түркістанда
Саттар Ерубаевпен мектепті бітірген. Петропавл қаласынын Жерге
орналастыру техникумын бітіріп, жақсы оқығаны үшін сол техникумда орыс
тілі маманы ретінде қалдырылған. 1936жылы Саттар Ерубаевтың шақыруымен
«Лениншіл жас» газетінде тілші болып қызмет атқарады. Соғыс басталғанға
дейін мектептерде орыс тілінен сабақ береді. Соғыс кезінде азық-түлік
қоймасына жауапты болып, түнгі күзетте тұрғанда қоймада жанып тұрған май
шам өртене бастайды. Май шаммен қоса өртенген қолымен асқан
шыдамдылықпен май шамды алып шығады. Госпитальда ұзақ емделіп, ауылға
соғыстан 1943 жылы қайтады. Соғыс біткенге дейін аудандық советте, партия
комитетінде, газеттерде қызмет атқарады.
1947 жылы екіжылдық мұғалімдер институтының жұмысын бастап,
өмірінің аяғына дейін ОҚМПУ-да 41 жыл еңбек етіп, он бес жылдай әдебиет
кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады.
1971 жылы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын жазудағы
шеберлігі» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. «Шын шеберлік»,
«Абай жолы айшықтары» деген монографиялары жарық көрген.
68
Әбекеңнің шәкірті филология ғылымдарының докторы, профессор,
абайтанушы
Мызахметұлы
Мекемтас
ағамыздың
айтуы
бойынша:
«Пединститут бойынша әдебиеттен Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы
туралы күрделі де және сол кезең үшін қиын тақырыптан докторлық
диссертацияны аса еңбекқор, ізденгіш әрі даярлығы мол Ә.Байтанаевтың
қорғап шығуы – сол кезең үшін аса жоғары сатыдағы ғылыми ізденістің биік
эталонына айналды. Бұл жұмысты Әбекең ұлы жазушы М.Әуезовпен тікелей
қарым-қатынаста болып, кеңес ала отырып жазды, қызықты кештер
ұйымдастырып, институт студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен
айналысуына зор ықпал етті»,–дейді [2].
Филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергобек өзінің
мақаласында: «М.Әуезовке іні дерлік Әбекең ұлы жазушыны шын жақсы көрді.
Мұқаңа деген зерттеушілік махаббаты шексіз еді. Күн-түн эпопеяға үңіліп
зерттеді, одан поэтиканың жеті атасын іздейтін. Әбіш Байтанаев бұл салаға
ғұмырын арнады десем жарасады» [3], – дейді.
Филология ғылымдарының кондидаттары М.Қожақов, Қ.Сыздықов
естеліктерінде [4]: «Әбекең ұлы жазушының стилін, «Абай жолы»
эпопеясының басты ерекшеліктерін сөз етуде оны батыс Европа елдерінің,
әсіресе орыс және қазақ әдебиетінің бұрыңғы-соңғы кең тынысты кесек төл
туындыларымен іштей байланыстыра, салыстыра қарастырады, көркем
шығармаларды зерттеудің бір әдісі қашан да болсын ұтымды. Әбекең 1958
жылы өзінің мектептес, қызметтес досы Саттар Ерубаевтың «Менің
құрдастарым» романын драмаға айналдырды. Бұл пьеса сол жылы Ж.Шанин
атындағы облыстық драма театрында қойылды», – дейді.
Әбекеңнің кітапқа деген құмарлығын, ізденімпаздығы мен еңбекқорлығын
белгілі жазушы Мапхабат Байғұт өзінің Әбекең өмірден өткен соң жазған
«Бейнетқор Байтанаев» деген мақаласында былай деп көрсетеді: «Шымкенттің
көшесінде бір қалтасында «Литературная газета» мен «Неделя», екінші
қолында «Социалистік Қазақстан» мен «Оңтүстік Қазақстан» көрінетін,
қолында «Қазақ әдебиетін» алған күйі жүріп келе жатып-ақ оқып келе жатқан
профессор енді жоқ, әулиедей Әбекең көрінбейді. Қуанарлығы сол «Қасиет»
баспасынан оның «Абай жолы айшықтары» дейтін жаңа кітабы жарық көріп,
бұл туынды ұлы Абайдың 150 жылдық тойының қарсаңында шығып, Семейде
тойға келген қонақтарға тартылғанына қуандық. Себебі «Абай жолы» секілді
теңдессіз туындыны талдап, өлшеусіз, өнегелі бейнет сіңіре білген
Байтанаевтай ғұлама ғалымдар онша көп емес», – дейді [5].
Қазақстан жазушылар және журналистер одақтарының мүшесі, ақын, ҚР
Білім беру ісінің Құрметті қызметкері Әбекеңнің шәкірті Көпбосын Панзабеков
«Менің бақытым» деген естелігінде: «Әбіш ағамның үйіне барған сайын
Алматыдан сапармен келген ақын-жазушыларды кездестірдім. Келгендер
Әбекеңнің үйіне соқпай кетпейтін. Бұл үй бейне бір әдеби орталық іспетті
болатын. Мен алғашқы рет Мұхтар Әуезовті, Сәбит Мұқановты, Бауыржан
Момышұлын, Асқар Тоқмағамбетовті тағы басқаларын осы үйден көрдім.
69
Астанада жүріп ол ұлыларды көрмей қалған менің жасымдағы адамдардың
өкінішін естісем, өзімді бақытты санаймын», – дейді [6].
1950-60 жылдары жастардың көбісі әкелері соғыстан қайтпаған,
жылылықты, қамқорлықты іздеген балалар еді. Әбекең «Оңтүстік Қазақстан»
газетіне хабарландыру беру арқылы әдебиетке, өнерге жақын, өлең жазатын
балаларды әдебиет үйірмесіне шақырып, қызығушылығын арттырып отырды.
Сонык бірі – Қорғасын зауыты училищесінің оқушысы бүгінде белгілі жазушы
Мамытбек Қалдыбаев. Ақындық қабілетін көрген Әбекең, оны училище
бітірген соң, ректорымыз Мырзахан Сарсембаевқа айтып жүріп институтқа
кіргізді. Әкеміз қайтыс болғанда Мамытбек маған келе алмадым, мен ол кісі
жайында журналға мақала жазу арқылы көңіл айтамын деп біреулерден айтып
жіберді. Айтқан мақаласы «Мәдениет» журналында жарық көрді, содан үзінді
келтірейін.
«Бір күні Әбіш ағай ертең сағат бірде Қ.Спатаев атындағы мектепте
Бауыржан Момышұлымен кездесу болады, соған арнап өлең тауып кел деді.
Мен жазып келген өлеңімді өте сұсты, тіке қарайтын ағамыздың алдында
қорқа-қорқа оқыдым. Өлең оқып болғанда Бауыржан аға: «Ертең тоғыз ноль-
нольде қонақ үйге кел», – деді. Мен Әбіш ағаға бармаймын, қорқамын дедім.
Әбекең: « Мені шақырса қуана-қуана барар едім, бірақ сені шақырды ғой», –
деді. Бауыржан ағамен осы кездесуім оның өмірінің соңына дейін жалғасты.
Мен сол үшін Әбіш ағаға ризалығым шексіз», – дейді.
Бір күні Әбіш аға «Абай жолы» эпопеясы бойынша ғылыми конференция
болады және оған Мұхтар Әуезовтің өзі қатысады деді. Маған баяндамаға
«Абай бейнесінің жасалу ерекшеліктері» деген тақырып беріліп, Абай тұлғасы
Пушкиннің, Грибоедовтің, Тоқайдың, Науандық тұлғаларымен салыстырыла
зерттеу және олар жайында романдарды мұқият оқып шығуды тапсырды.
Қорғасын зауытының үлкен Мәдениет сарайында облыс басшыларының,
Мұхтар Әуезовтің алдында басқа студенттермен бірге баяндама жасадым.
Мұхтар ағамен суретке түстік. Мұхтар аға қоштасарда:
– Институтты бітірген соң, мына жігітті өзің маған алып кел, – деп сізге
тапсырғанда, балаша қуанғаныңыз көз алдымда.
Ардақты, асыл ұстазым, Әбіш аға! Сіздің өмірден озғаныңызға да талай
жыл өтті. Бірақ сіз мен үшін тірісіз, менімен бірге өмір сүріп келесіз. Өзіңізбен
сыр бөлісіп отырғанымның себебі де содан, сіз менің жүрегімдесіз», – деп
жазады шәкірті, жазушы Қалдыбаев Мамытбек [7].
Бір жылдары Әбекең қалалық олимпиадаға төрағалық етсе керек. Ол
қойшылардың балалары оқитын №12 мектеп-интернатының басшыларына:
«Осы олимпиадада қазақ әдебиетінен бірінші орын алған оқушыны тәрбиелеп,
жақсы маман болып шығуына қамқорлық жасаймын. Профессор Байтанаев»
деп қол қойып, хат жібереді. Сөйтіп біздің отбасымызға 11-сынып оқушысы
Қазыбек Тәжиев қосылды. Бүгінгі күні ол филология ғылымдарының
кондидаты, қазақ-түрік университетінің беделді оқытушысы. Өзінің естелігінде
Қазыбек: «Бұл отбасында мен төрт жыл болдым. Көп өнегелі істерден тәлім
алдым. Соның бастысы – отбасындағы татулық, бір-біріне деген сыйластық.
70
Бұл отбасы мені еңбекке, шыдамдылық пен төзімділікке, уақытты үнемдеуге,
жауапкершілікке үйретті.
Әбіш ағай көшеде жүріп бара жатып кітап оқитын. Жұмысқа жаяу барып,
барғанша бір өлең жаттайтын. Жол-жөнекей әр нәрсеге үйрететін. Мысалы,
кітап оқи білу керек дейді. Кітап оқудың екі жолы бар. Оның біріншісі –
абзацпен оқу, екіншісі – талдап оқу. Азбацпен оқығанда жалпы шығармадан
мәлімет алып, оқиғасымен таныссаң, талдап оқығанда жазушы шебрлігін
байқайсың. Бұл әдебиет теориясында жазылмаған қағида, зерттеуді қажет
ететін тақырып» –дейді [8].
Мұсақұлов Әмір ағамыз Әбекеңнен кейін ұзақ уақыт әдебиет
кафедрасында басшылық етті. Әкеміздің 100 жылдық мерейтойын өткізуге,
кабинет ашып, оны безендіруге көп күш салды, қонақтардың келуін
ұйымдастырды. Өзінің «Жапырағы жайқалған бәйтерек» деген мақаласында
Байтанаевтардың ғалымдар отбасы, оның ішінде филологтар отбасы дегенді
айтады [9]. Оның себебі бар. Байтанаевтың өз отбасында, яғни біздің
отбасымызда он бір адам едік. Әкем, анам, алты бала, келін және екі немере.
Осы он бір адамның бесеуі – филология ғылымдарының кандидаты, біреуі –
тарих ғылымдарының кандидаты. Екі немеренің біреуі, Байтанаева Жұлдыз –
экономика ғылымдарының кандидаты. Біреуі, Байтанаев Елжан – заң
ғылымдарының кандидаты. Бес филология ғылымдарының кандидаттарының
екеуі, әкем мен інім Болат Байтанаев, ғылым докторы және профессоры
дәрежесіне ие болды. Ал тарих ғылымының кандидаты, Бауыржан Байтанаев –
ғылым докторы, профессор және академик дәрежесіне ие болды. Өмірден ерте
өткен әпкем мен сіңлім де филологтар еді. Сондықтан біздің отбасымыз нағыз
филологтар отбасы еді. Әулетіміз бойынша айтсақ, әкемнің іні-
қарындастарының балалары филологиядан емес, экономика, химия, биология,
медицина, халықаралық қатынастардан кандидаттық диссертациялар қорғаған.
Жалпы әулетімізде оларды қосқанда 14 ғылым кандидаты бар. Әбекеңнің ең
кіші қызы Шолпан орыс тілінде өлең, әңгімелер жазатын еді, оның естелігінен
әкеміздің тұлғалық қасиеттерін көрсететін жолдарынан үзінді келтірейін.
…Годы прошедшие в окружении бумаг. Кто-то корректировал
напечатанные, кто-то печатал, кто-то диктовал, а вся семья занималась
сортировкой первых, вторых, третьих экземпляров. Кто-то собирал в дорогу
отца, чтобы он не опоздал на поезд и не забыл взять с собой машинку. Наш дом
напоминал типографию. Ты торопился попасть на последний совет или на
обсуждение очередного произведения, или на встречу с великими личностями
Мухтаром Ауезовым, Бауыржаном Момышулы, Мухамеджаном Каратаевым и
др. Да, это были наши будни.
Ты всегда хотел, чтобы все вокруг творили, страдали и мечтали, трудились
в поте лица, не теряя драгоценные минуты своей жизни. Сейчас не найдете
человека, работающего на своей миниатюрной машинке в поездах, в
гостиницах, в залах ожидания.
Ты ненавидел бездушие, безразличие, праздность. Ты умел радоваться и
смеяться, у тебя было глубокое чувство юмора. Ты любил классику и
71
современность . Ты постоянно расширял свой кругозор. Не пропускал ни
одного нового фильма. Ты для нас делал все, чтобы мы всесторонне
развивались. Благодаря тебе мы у себя дома имели богатую библиотеку. Это:
всемирная библиотека, детская энциклопедия, Московские и Казахстанкие
литературные и детские издания, журналы, труды российских и казахстанских
ученых, подписная литература на русском и казахском языках.
Твои любимые писатели и их новеллы Жорж Сименон, Проспер Мериме,
персонажи комиссар Мегре, Дон Хуан и др. Ты старался в нас развить чувство
красоты и хоть какой-нибудь заметный талант, оживить нас, боролся с
бездушием, ленью и безразличием. Неожиданно прихожу к истине: ты сам
новелла, сам персонаж. За все тебе спасибо, папа!
Мы помним твои главные правила. Это: первое – Твори, работай. Вперед!
и Вверх! Второе – Никогда не поздно учиться, работать [10].
Әкемізді ерекше тұлға етіп көрсететін осы қасиеттерң келешек ұрпаққа
өнеге болары сөзсіз деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |