Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет40/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Әдебиеттер 
1.Тоқбергенов Т. Тәкен Әлімқұлов. – Алматы: Рауан, 1992. – 118 б. 
2.Әбдезұлы Қ. Т. Әлімқұлов шығармашылығы және 60-80-жылдардағы қазақ прозасы 
(дәстүр және жалғастық): Монография. – Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 576 б.
3 Әлімқұлов Т. Сырлы наз: Таңдамалы әңгімелер, повестер. – Алматы:
Жазушы, 1977. – 360 б. 


83 
ӘОЖ 821.512.122
Т.ӘЛІМҚҰЛОВТЫҢ «ТЕКТІ ҚАСҚЫР» ӘҢГІМЕСІНДЕГІ АДАМ 
МЕН ТАБИҒАТ МӘСЕЛЕСІ 
Құлмырза З.Е. – 
9 А сынып оқушысы
Ғылыми жетекші: Халикова Н.С. –
ф.ғ.к., аға оқытушы, ОҚМПУ
 
Базарбаева Ж.Р.
– 
Ж.Баласағұн атындағы № 6 жалпы 
орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 
Шымкент, Қазақстан 
Резюме 
В статье анализируется проблема взаимоотношений между человеком и природой в 
 рассказе писателя Т. Алимкулова «Текті қасқыр». Проблема взаимосвязи человека и 
природы поднимается в процессе анализа рассказа, построенном на глубоком психологизме.
Қазақ әдебиетінің түп тамыры түркілік дүниетаныммен ұштасып жатады. 
Әлемдегі өзге халықтар сияқты, түркі халықтарының да – өзіне тән қалыптасу, 
даму жолы, ғасырларды артқа тастаған тарихы бар. Әрбір тайпа, әрбір халық 
ұлт болып қалыптасу үшін талай тарихи кезеңдерді басынан өткізетіні белгілі. 
Хақымыздың бастау алар кезеңдеріне үңілсек, бабаларымыз түркілер деп 
аталатын алып бәйтеректің бір тамырынан тарап, қазақ тілі түркі тілінің
негізінде пайда болғанын білеміз. Олай болса, түркі әлемінің бір тармағы 
ретінде қалыптасқан қазақ халқы әдебиетінің тарихы да тереңде жатыр.
Байырғы түркі халқы дүниетанымында адамзатты жаратушы табиғат, яғни 
«Тәңірі» болып саналады. Осыған байланысты түркі халықтарындағы салт-
дәстүрлердегі 
наным, 
таным-түсініктеріндегі 
тыйымдар 
табиғатпен 
байланысып жатады. Байырғы түріктердің түсінігі бойынша Тәңір көктегі 
жалғыз жаратушы, ол көзге көрінбейді. Ежелгі түркі халқының байырғы 
кезеңдердегі наным-сенімдері, өмірге деген көзқарастарының негізі 
тәңіршілдікте жатыр. Тәңірлік адамның табиғатқа табынуынан, табиғатты 
құдай деп түсінуінен туындаған түсінік. «Тәңір – ең жоғарғы Құдай» [1,10] деп 
түсінген ежелгі түркілер Көкке (Тәңір) және Жерге (жер-суға) сыйыну арқылы 
Тәңірді жаратушы ретінде, ал жерді тіршіліктің тірегі ретінде қабылдаған. Сол 
себепті түркі халқы Тәңірі жаратқан табиғаттың әрбір жаратылысына ерекше 
көңіл бөліп, оған зор сүйіспеншілікпен, үлкен құрметпен қарауды үйренген. 
Исламға дейінгі қазақ халқының рухани дүниетанымында тәңірлік сенім мен 
шаманизм айрықша орын алады. Халық «Тәңірі» жаратқан табиғаттың тылсым 
құпияларының сырларын ашуда әртүрлі мифтерді тудырған. Тәңірі жаратқан 
табиғаттың әрбір құбылысының иелері бар деп түсінген түркі халқы аңның, 
малдың пірі болады деп ұғынған. 
Байырғы түркі мәдениеті мен көшпелілер философиясы, қазақ халқының түп 
тамыры болып табылатын көне түркі елінің мифологиясы халымыздың асыл 
мұрасы, қымбат қазынасы болып табылады. Ежелгі түркі халқының мифтері 
бойынша баяғы заманда Ұлы Даланы мекендеуші көшпелілер Көк Құдайы – 
Тәңірге сенген. Осыған орай, олардың ұстанған діні тәңіршілік деп аталған. 
Тәңіршілік ұғымының бүгінгі қазақ әдебиетіндегі көркем көрінісін қазақ 
қаламгерлері шығармаларынан байқаймыз. Қазақтың бас ақыны Абай 
шығармаларында Тәңір, Құдай, Алла сөздерінің жиі кездеседі. Ақының 


84 
А.С.Пушкиннің өлеңмен жазылған «Евгений Онегин» романынан «Татьяна 
сөзі» деп аударған үзіндісінде «Тәңірі қосқан жары едің сен...» [2, 112 ] деп 
«Тәңірі» сөзімен өлең жолдарын бастайды. Қазіргі қазақ прозасында қаламгер 
М.Сқақбаевтың «Ұят туралы аңыз» повесінде де Тәңірі бейнесі көрініс табады. 
Жазушы «Ұят туралы аңыз» мифтік шығармасында шамандық ұғым бойынша 
қалыптасқан үш қабат әлемнің ең жоғарысында мекендейтін Тәңірі мен оның 
қасындағы періштелер туралы көркем әңгімелейді. Шаманизм дәуіріндегі ұғым 
бойынша әлем үш қабаттан тұрады: жоғарғысында – Тәңірі және перілер 
(періштелер), ортаңғысында – адамдар және хайуанаттар, төменгісінде – 
әруақтар мен зұлым қүштер мекендейді екен. [3, 297].
Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты суреттеген қазақ қаламгерлері 
аз емес. Соның бірі табиғаттың адамға бағынбайтын қатал мінезін суреттеген 
Тәкен Әлімқұловтың әңгімесі «Текті қасқыр» деп аталады.
«Т.Әлімқұловтың 
«Текті қасқыры» – психологиялық талдауға құрылған әңгіме. Жазушы «Текті 
қасқырда» Бұғыбай бойындағы санасыздық әрекеттерге де психологиялық 
талдау жасаған»
[4,10]. 
Әңгіменің құндылығы Бұғыбай мен қасқыр бойындағы 
күйзеліске терең үңіле білуде.
Жалпы әдебиет әлемінде дала суретін, ұшқан 
құс, жүгірген аңның жұмбағын білуге талпынған жазушылар аз болған жоқ. М. 
Әуезовтің «Көксерек» повесі, Ш. Айтматовтың бұғылары мен бөрілері, текті 
тұлпары жайлы жазған классикалық туындылары осыған дәлел. Аң мен құс, 
жан-жануар тағдырын толғаған қай қаламгердің шығармасын алып қарасақ та, 
олардың адам тағдырынан айналып өтпейтініне көз жеткіземіз.
Көксеректің табиғат қалыптастырған жыртқыштық мінезін адамның өзгерте 
алмайтынын көрсеткісі келген Әуезов өз туындысы арқылы сол заманның 
өмірлік шындығын алға тартады. Сонымен қатар, Әуезов Көксерек мінез-құлқы 
арқылы табиғаттың өзіне ғана тән қатал мінезін көрсетуді мақсат етсе, Тәкен де 
өз әңгімесіндегі аңшы баласын іліп әкеткен қасқырдың кегі арқылы тылсым 
табиғаттың өз тәртібі, өз заңы бар екендігін дәлелдейді.
Бөлек сілемдерін суреттеумен басталатын әңгімеде жалғыз қалған қасқырдың 
адамнан өш алу әрекеті баяндалады. Тіршіліктің бар қызығын аңшылық деп 
ұғатын Бұғыбай әңгімеде көкжал қасқырды таспен төмпештеп өлтіргенде, сол 
қақпанның күндердің күнінде өзіне қырсық боп жабысатынын білген жоқ. 
Көкпарға тартылған көкжал қасқыр үшін, көзі ойылған күшіктері мен аңшының
еншісінде кетіп, адамның асырауына, жылы алақанына үйреніп келе жатқан 
бөлтірігі үшін алынған кек әңгімеде әсерлі суреттеледі. Қасқыр – жыртқыш аң. 
Адам баласы оған хайуан деп қана қарайды, оның ішкі жан сезіміне үңіле 
бермейді. Қасқырдың өз айла-амалы бар, өзіндік ойлау қабілеті қалыптасқан. 
Қасқырдың табиғат тудырған жыртқыштық мінезін, оның тектілік қасиетін
әңгіме еткен Тәкен жалғыз қалған ақ қасқырдың сағынышқа толы ішкі 
қиналысын дәл бейнелеп бере алған. Әсіресе қолға үйреніп бара жатқан 
бөлтірігін көргендегі қасқырдың бойын жайлаған ыза, кекті Тәкен терең 
тебіреніспен суреттейді.
Адам мен табиғат егіз десек те, табиғаттың адамға бағынбайтын өз 
заңдылықтары бар. Табиғаттың құдіретті тепе-теңдігі бұзылмауы тиіс. Тәкен


85 
шығармасында осы тепе-теңдік бұзылады, соның нәтижесінде туындаған адам 
мен табиғат арасындағы қайшылық күрес шығармада шебер көркемдік шешімін 
тапқан. Ызаға булыққан қасқыр адамның өзіне жасаған зұлымдығы үшін өш 
алып, кек қайтармақ болады. Кекті қасқыр бейбіт жатқан елге әлек салып, 
малына тыныштық бермейді. Ашынған қасқыр ешнәрседен тайынбайды. Бір 
ғана ауылды айналшықтап, қойларына тиіп, малшылардың мазасын алған 
қасқыр сыры ауыл адамдарына жұмбақ боп қала берді. Оның сыры адам 
қолына үйреніп келе жатқан бөлтірігі мен жалғыздықтың күйігі еді. Қасқыр өз
бөлтірігінің адамнан ет жеп, сүт ішкенін көргенде қаны қайнап, басы айналып, 
көзі қарауытып кетеді. Түзде отырған Бұғыбайдың баласын қас қағым сәтте іліп 
әкеткен қасқыр сыры жан түршігерлік жағдайдан кейін ғана көпшілікке мәлім 
болады.
Шығарманың көркемдігін арттыру мақсатында әңгіме сюжетіне аңыздық желіні 
пайдалану Тәкен қолтаңбасының ерекше бір тұсы. Яғни аңыз-әңгімелерді өз 
шығармасына қолдану жазушының стильдік ерекшелігін танытады. Қасқырдың 
күшіктері жатқан үңгір туралы аңыздық желіні әңгімеге енгізу арқылы жазушы
шығарманың әсерлілігін күшейтеді. «Осы апан туралы ел аузындағы аңызды 
бала кезінде естігенді. Апанның түбінде байлаулы айдаһар бар-мыс.Үңгірдің 
уілі айдаһардың демінен пайда болады-мыс. Бағы заманда қазақтардан
қашқан басқыншы қытайлар қазына тығып кеткен деген лақапқа 
иланушылардың үңгірге шырақ алып түсе алмағанын да Бұғыбай еміс-еміс 
біледі» [5, 138 б.].
Тәкен қасқырдың жан иірімін, ішкі қиналысын шебер бере алған. Бұл ретте де 
Тәкеннің Әуезов дәстүріне сүйенгенін, одан үлгі алғанын байқаймыз. Тәкен
де Әуезов сияқты адам қолына үйреніп, күшік болып келе жатқан қасқыр 
бөлтірігі туралы жазады. Қос қаламгер де қасқырдың қиналысын, ішкі 
психологиясын терең суреттейді. Адам мен табиғаттың қарым-қатынасы
туралы мәселе заман шындығына сәйкес келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет