Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет42/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Әдебиеттер
1
Исабеков Д. Бес томдық шығармалар жинағы. 1-том. Повестер. –Алматы:
Жазушы, 1993. 
2
Нұрғалиев Р. Өнер алды – қызыл тіл. – Алматы: Мектеп, 1974, – 172 б. 
3
Ақшолақов Т. Көркем шығармаға талдау жасау. – Алматы: Мектеп, 1983. – 191 б.
4
Нұрғалиев Р. Телағыс / Әдеби дәстүр мен әдеби даму: Монография.
– Алматы: Жазушы, 1986. – 440 б. 
ӘОЖ 821.512.122
М.ТАЗАБЕКОВ АЙТЫСТАРЫНЫҢ РУХАНИ ҚУАТЫ МЕН 
КӨРКЕМДІК ӘЛЕМІ 
Вахабова Н.З. – 
117-38
 
тобының студенті
Турмуратова К.Н.
– 9 а сынып оқушысы 
Ғылыми жетекші: Ешмахова А.Е.
– 
Ж.Баласағұн атындағы № 6 жалпы орта білім беретін 
мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Шымкент, Қазақстан
 
Резюме 
 В статье дается оценка поэтического мастерства поэта-айтыскера Мухамеджана 
Тазабекова с позиций реалий сегодняшнего дня. Развитие искусства айтыса за годы 
независимости оценивается посредством анализа творчества поэта Мухамеджана 
Тазабекова. Проведен всесторонний анализ творческой биографии М. Тазабекова. Раскрыта 
стилевая особенность, выявлен индивидуальный почерк поэта. На конкретных примерах 


89 
определено использование художественных приемов выразительности, раскрыты в целом 
особенности языковых средств в айтысах М. Тазабекова. 
 
Айтыс – қазақ халқының рухани ұлттық құндылығы. Ғасырлар бойы 
қалыптасып, бүгінгі күнге дейін аманат болып сақталып келген бұл өнер қазіргі 
таңда да өз биігін жоғалтпай келеді. Әрине, ұлттық құндылықты сақтап қалу 
үшін өткенді саралап бүгінгіні бағалап отыру басты біздің басты парызымыз.
Тәуелсіздік жылдардың алғашқы кезеңі мен қазіргі кезеңдегі айтыс өнерінің 
дамуына ықпал етіп келе жатқан айтыскер ақындарымыз айтыс өнерінің 
жаңаруына өз үлестерін қосып жүр. Соның ішінде М.Тазабековтің 
шығармашылығын ерекше атауымызға болады.
Егемендік алған жылдардың басында айтыс сахнасында жарқыраған жаңа
есімдер молынан көріне бастады. Білімі мен мәдениеті, ойы мен бойы, 
сахналық сымбаты келіскен ақындар айтыс аренасында жырдан шашу шашып, 
сөздің балын ағызды. Айтыс өнері мектебінің жаңаша тұрғыда, өзгеше 
болмыста қалыптасуына өз үлестерін қосып жүрген өнерпаздар лек-легімен 
айтыс ауылынан бой көрсетті.
Алдыңғы толқын ағалардың соңынан кейінгі толқын інілердің ілесетіндігі 
секілді кешегі ел білетін Көпбай ақын, Көкен қарт, майталман Манап, тарлан 
Тәушендер жағалауда иіндеп қалған айтыстың бір толқыны болса, Қатимолла, 
Әселхан, Әсия, Қонысбай, Баянғали,Есенқұл, Шорабек, Абаш, Айтақын, Серік, 
марқұм Әзімбек пен Еріктер өз алдына бір жемісті шоғыр болды. 
Айтыстың негізгі салмағы да, түйіні де өмір шындығы. Бетпе-бет келген екі 
ақын да сол орайда жеңудің сан алуан жолдарын, амал-тәсілдерін қарастырады. 
Ә дегеннен амандасу, ел жағдайын сұраудың өзінде айтыс боларлық түйін, сын 
тағарлық мәселелер іздестіріледі. Қарсыластардың қай-қайсысы да негізгі уәж, 
аталы ойларын бірден жайып салмай, аңысын аңдап, құрылған тор, айлалы 
қақпанға түсіруді көздейді. Оның алдын орап, матап, шырмап, қисынды да 
уәжді сөзбен тоспақ болады. Машығы мол, айла-тәсілі көп, аталы сөзді 
орнымен қолдана білген ақын ғана мәрелі жеңіске жетеді. Суырып салма өлеңге 
ысылған, ағыл-тегіл жыр иесі айтыста сөз таппағаннан жеңілмейді, аталы 
сөзден, жүйелі ойдан, бұлтартпас шындықтан тосылады. Мұны қанша өкінішті 
болса да жұрт алдында ашық мойындауға, кейінгі жырлау кезінде жасырмай 
айтуға мәжбүр болған. Бұл шыншылдық ойды «Аталы сөзге арсыз жауап 
қайырады» деген мәтелімен айтыстың әділ қазысы болған халық өзі түйіндеп 
отырған. 
Қазақ халқы ислам дінін ұстанып отырғаны белгілі. Ислам дінінің қазақ 
даласына келгеніне де он екі ғасырдан асты. Мұхамеджан өз айтыстарында 
ислам дінінің халық өміріндегі орны туралы өз ойларын айтады. Діннің шын 
мәніндегі бағытын білген жамағат ешуақытта адаспайды дейді ақын.
Алладан адамзатқа жетті Құран, 
Ұстанар табылмай тұр өткір ұлан. 
Тағылық Бекжан, солай өрістейді,
Тап-таза тектіліктің жоқтығынан. [1, 146 б]. 


90 
Ақын «түркішілдік» идеясын да алға тартады. Түркі халықтарының рухани 
және мәдени ордасы, бүткіл түркі жұртының ыстық та, қастерлі мекені 
Түркістанды ұлықтайды.
Түркістан он бес ғасыр ел көшінде, 
Келеді ер Түріктің бейнесінде. [1, 210 б]. 
Айтыс – халықтың көзі, айтыс – халықтың тілі екеніне күмән жоқ. 
Мұхамеджан Тазабеков пен Балғынбек Имашевтің айтысына айтыскерлер 
аузынан поэзиямызға ерекше түр, өң беретін жанды сөз образдары, теңеу мен 
суреттеулер көптеп кездеседі. Мұхамеджан: 
...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет