95
халқы туып-өскенін жыр жолдарына қосады. Тұран – ер түріктің ежелгі мекені.
Түркістан – күллі түркі халықтарының рухани астанасы.
Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып-өскен.
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан көп тамаша күндер кешкен [6]
Осылайша ақын қасиетті Түркістанның тамаша табиғатын, Жейхун, Сейхундай
киелі дария суларын, Тянь-Шаньдай тауын, көкпен астасқан Хантәңірі шыңын,
«Балқашты бауырына алған Тарбағатай, Жоталы, жер кіндігі - Памир, Алтай»
дей келе, туған жерінің қасиетін асқақтата мақтанышпен жырлайды. Нұх кемесі
тоқтаған Қазығұрт тауының қасиеті туралы сыр шертеді. Тұранның тарихына
көз жүгірте отырып,
Тұранды билеген хандар,билерді еске ала отырып,
найзағайдай жарқ етіп өте шыққан Ақсақ Темірдің жер жүзіне от шашқан
рухын, аспан-көкпен үйде отырып сырласқан Ұлықбектің білімдарлығын, Ибн-
Сина Әбуғалидың білім мен ғылымның дамуына сіңірген еңбегін, Фарабидің
жаңалыққа толы іргелі еңбектерінің құндылығын жекізеді. Тұранда өмір
сүрген түрікті «ойнаған отқа ұқсатып», сол көп түрік
енші алып тарасқанда,
қазақ халқы да қара шаңыраққа ие болып қалғанын ақын үлкен мақтанышен
жырлайды. Қасым ханның қасқа жолын, Есімханның ескі жолын, Назардай
ханның әділдігін Тәуке ханның данышпандығын, «Алаштың арыстаны»,
қазақ
халқының қорғаушысы, көсемі болған дарынды Абылай ханның ұлылығы,
өшпес өршілдігімен, қайтпас қайсарлығымен ел есінде қалған хан Кененің елі
үшін жасаған ерлік істерін тарих қойнауын ақтара отырып жыр жолдарына
қосады.
Ұлы қазақтың кең байтақ сахарасын отты жырларымен тербеткен ақын «Жер
жүзіне...» атты өлеңінде:
Жер жүзiне ер атағым жайылған,
Жан емеспiн оттан, судан тайынған.
Қайраты мол қандыбалақ қыранмын,
Күн болған жоқ жаудан жүрек шайылған...[4,79 б.] – деп, қазақ халқы
бойындағы айбынды рух пен батылдық қасиетерді жыр жолдарына қосады.
Ақын поэзиясында ақынның
өмірге деген құштарлығы, өнерге деген шынайы
ілтипаты айқын аңғарылады. Ақын «Қазағым» атты өлеңінде қазақ халқының
санасын оятуға күш салады:
...Жетті енді қам жер мезгіл, жатпа бекер,
Ойламау келешекті түпке жетер.
Надандық қоршап алған тұс-тұс жақтан,
Жан қорқып, дене тітіреп, есің кетер [4, 46 б.].
Еліміз егемендік алғаннан кейін ұмыт болған дүниемізбен қайта табысып
жатқан, шынайы тарихи беттер ашылып өткенді қайта саралауға зерттеуге
мүмкіндік туып отыр. Ақын өзінің «Түркістан» атты өлеңінде Түркістанды
түркі халықтарына «Тәңірі берген несібесі» деп жыр жодарын өргізеді:
Тұранның тарихы бар отты желдей,
Заулаған қалың өрттей аспанға өрлей.
96
Тұранның жері менен суы да жат,
Теңіздей терең, ауыр ой бергендей [6] – дей келе,
терең тарих қойнауына көз жүгіртеді.
Тұранның таулары бар аспанға асқан,
Мәңгіге басын аппақ шаштар басқан.
Бауырында ерке бұлақ салады ойнақ,
Жаралып таудан аққан салқын жастан [6] - дей келе,
Тұранның аспанмен астасқан тауларын, ойнақ салып еркелеп
аққан бұлағын,
«шексіз шөлін», «дария аталған өзені мен теңіз дерлік көлін» жырлай келе,
тарихтың тереңіне ой жүгіртеді.
Бір шетте қасиетті Ыстықкөлдің
Бауырында дүние көрген түрік көкжал [6] - дей келе,
түркі тайпасының шығу тарихына байланысты аңызға көз жүгіртеді. Көне
түркілердің өздерінің шығу тегі жөніндегі аңыздың бір нұсқасы бойынша,
байырғы түркілер қасқырды ата тегіміз деп білген. Жаугершілік заманда
күншығыстағы көрші елден қатты жеңіліс тауып, тегіс қырылған халықтан бір
жас бала тірі қалады. Жау жас баланы өлтірмей,
аяқ-қолын кесіп, тоғайға
жалғыз өзін тастап кетеді. Жалғыз қалған баланы бөрі асырап алады. Баладан
он ұл туылып, кейіннен ол он ұлдан тараған адамдар тұтас бір тайпаға
айналады. Оларды «Ашина» әулеті, «көк бөріден тараған түркілер» деп атаған.
Осылайша бөріден туылған адамдар үлкен мемлекеттің іргетасын қалап, содан
тараған жұрт ғұндар мен түркілер деп аталып кетеді. «Ашина»
әулетінен
тараған халық ержүрек батыл болып қалыптасады. Осы аңыздың әдебиетте
қасқыр тотемі пайда болып, қасқыр туралы әңгімелер ежелгі халықтардың көне
мифтерінде сақталып, батырлық символ ретінде көрініс тауып жатады. Осы
көне аңызға байланысты тәңірлік әдебиетте «Көк бөрі» дастаны пайда болған.
«Көк бөрі» дастаны ұлы Түрік қағанаты құрған көк түріктердің ежелгі ата-
тегінің шығу тарихын, олардың халық ретінде қалыптасқанын түрлі аңыздар
негізінде жыр еткен эпос» [5, 67 б.].
Мағжан – рухы биік өршіл ақын. Мағжан өз өлеңдерінде түркішілдік идеясын
алға тартқан. Мағжан қазақ ақынарының ішінен бүкіл түркі әлеміне әйгіленген
ақындардың бірі. Мағжан есімі қазақ ішінде қандай қастерлі болса, күллі түркі
халықтары үшін де зор махаббатқа бөленген ақын.
Достарыңызбен бөлісу: