Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет48/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Әдебиеттер
1 Ысқақұлы Д. Сын жанрлары (Оқу құралы). – Алматы, «Санат», 1999. – 321 б. 
2 Ергөбеков Қ. Баянғұмыр. – Алматы: Жазушы ,1991. – 232 бет. 
3 Е.Тұрысов. Мәңгілік сарын. Шығармалары. – Алматы: «Айғаным» баспа үйі. 2016, - 342 б. 


103 
ӘОЖ 821.512.122
О.БӨКЕЙ ПРОЗАСЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕР ДАРАЛЫҒЫ МӘСЕЛЕСІ 
 Қалдыбекқызы Д. – 
117-48
 
тобының студенті
 
Ғылыми жетекші: Халикова Н.С.
– ф.ғ.к., аға оқытушы 
Оңтүстік Қазақстан педагогикалық мемлекеттік университеті,
Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
В статье раскрыты черты, признаки романтизма в произведениях О. Бокеева. 
Определяется, что герои его произведений соотносятся с символическими понятиями. 
Произведения писателя «Сайтан көпір» («Сатанинский мост»), «Қар қызы» («Снежная 
девушка») и др. имеют символическую подоплеку. Еще одной особенностью стиля писателя 
является то, что в литературе предметом анализа стала проблема отчужденности, 
самоизоляции личности. 
 
Қазақ қаламгерлерінің алуан түрлі көркемдік ізденістерінің нәтижесінде 
қазақ прозасының жаңа сапалық деңгейде көрінді. Жазушылардың дүниені 
қабылдауы күрделеніп, модернизмнің белгілері, адамның екіұдай табиғаты 
Ә.Кекілбаев, Д.Исабеков, Т.Әбдіков, О.Бөкей сынды қаламгерлердің 
шығармаларында жан-жақты пайымдалды. Осылайша қазақ прозасындағы 
тартыстағы кейіпкердің іс-әрекетімен шектеліп қалмай, жеке тұлғаның жан 
әлемінде өтті. Қоғам мен адам мәселесі қашан да әрбір қаламгердің дарын мен 
парасат-білігін танытатын әдебиеттің рухани өзегі. ХХ ғасырда суреткерлердің 
шығармашылық ізденістерінде түрлі бағыттарда стильдік үдерістер жүріп 
жатты. Кейіпкер тұлғасын, рухани құндылықтарды танытуда балама сарындар 
да бой көрсетті.
Оралханды өз биігіне шығарған, «Бөкеев – нағыз талант» дегізген 
шығармасы – «Мұзтау» повесі. Міне, дәл осы шығармасынан бастап Оралхан 
Бөкеев қоғаммен, оның кереғарлығымен, адамзатқа қасірет әкелетін сойқанды 
іс-әрекеттермен тайталасқа түседі. Бөкеевтің мәңгіге бітпес айтысы басталады.
Ақтанның бар ермегі – ой. Санасына мәңгі тыныштық бермейді. Оралхан 
өзін шаршатқан, санасын сансыратқан, жауабын табу қияметқайым сандаған 
сұрақтарын Ақан арқылы жарыққа шығарады. Ақтан мен Аңды пікірталасқа 
түсіру арқылы жауап іздейді. Жақсылық пен Жамандықтың қансонарда жерді 
жапқан аппақ қылаудың бетіндегі қатар жатқан, бәсекелес қос із екендігін, жиі -
жиі бастары тоқайласқан сәтте шарпысып, шаптығысып тіпті, қантөгіске де 
баратынын - қолқасына өгіз тобығы тұрып қалғандай өксікпен өреді. 
О.Бөкей повестерінде автордың суреткер ретінде толыса түсіп түйген 
ойы, концепциясы бар. Табиғаты бір-біріне жақын, үшінші жақтан 
баяндалатын, көлденең екінші бір кісінің тағдырына тікелей авторлық талдау 
арқылы айтылатын ойлар – аумалы-төкпелі дүние, өмір мен өлім арақатынасы, 
тіршілік сыры, жеке адам және тағдыр салмағы ұрпақ жалғастығы жайлы. 
«Оралхан Бөкей дүниедегі, айналасындағы құбылыстарға, өмір шындығына 
өз дүниетанымы тұрғысынан баға береді. Оның шығармаларында авторлық 
дүниетанымның айқын көрінуі романтикалық бейнелеу тәсілі арқылы жүзеге 
асып жатады. Қаламгер О.Бөкейдің «Қамшыгер», «Үркер», «Қайдасың, қасқа 
құлыным», «Мұзтау» кітаптарынан зерттеушілер шығарма бойындағы терең 


104 
философиялық түйінді, лирикалық желінің шебер үйлесімін аңғарды» [1,87]. 
Қаламгер туындыларында психологиялық талдау мен публицистикалық сарын 
берік жымдасып, авторлық «Мен» ерекше көрінді. Бүкіл шығармалары Өмір-
Адам-Табиғат желісіне құрылып, ерекше концептуалдық мағынаны құрады.
Жазушының «Қар қызы» повесі жайлы әдебиет сыншылары әртүрлі пікір 
білдірген. Повесті философиялық-романтикалық шығарма ретінде де, жазушы 
өз сөзіне жүгініп реалистік шығарма ретінде де қарастырады. Яғни, жазушының 
шығарма кейіпкері тәрізді тракторшы болып қызмет еткенін тілге тиек етеді. 
Жазушының негізгі идеясы, идеялық-философиялық ойы – тылсым күшке 
деген сенімі. Жұмбақ бейнені талмай іздеуі маңызды болып көрінеді. Басты 
кейіпкер Нұржанның сол сапарға шыққандығы негізгі мақсаты да Қар қызын 
көру болады. Ал Нұржанның Қар қызымен кездесетін тұсында романтикалық 
сипат көрініс береді. Бір кезде жазушының өзі де тракторшы болған, оқиғаны 
өз басынан өткендей етіп жазған. Өмірден түйгендерін автор жинақтап 
қорытқан. Авторда идеалға құштарлық ерекше болғанын байқаймыз. Ал идеал 
ұғымы суреткердің адам жайлы концепциясынан байқалады. Сол үшін де 
қаламгердің кейіпкерлері – жан дүниелері бай, еркіндік сүйгіш, рухани деңгейі 
биік, қажырлы, тағдыры қилы арманшыл адамдар. Повесте бір-бірімен сырлас 
болып көрінген үш кейіпкер шет-шегі көрінбестей суық дүниемен бетпе-бет 
жалғыз қалғанда беймағлұм болып келген сырларын ашады. Ең бастысы, 
олардың кеңістікке деген қатынастарындағы өміртанымдық тайталастары 
басталады. Шын ақиқат өмір мен өлімнің тым жақындап келген жағдайында 
ашылуы идеясы шығарманың өзегіне айналған. Жазушы осы бір тартысты 
жағдайға кейіпкерлерін салады да, өлім категориясының мағынасын төрешілік 
ұғымында ашып көрсетеді. «Ер-азамат не майданда, не жорықта сыналады 
деген осы. Ол – Бақытжан осынау қар шағылдардың арасынан достарын ғана 
емес, өзін де іздеп тауып алғандай еді. Ол ұлы жаңалық ашты – өзін ашты». Ал 
Нұржан «өте сенімді де, мықты жігіт» деп осы қиын сапарға ертіп шыққан 
Аманжанға енді басқаша қарауға мәжбүр. «Тәңірім-ау, Нұржанның осы екі 
жігіттен басқа кімі бар еді? «Аманжан, сен осындай ма едің?.. Пышақ 
жұмсағаны несі? Жо-жоқ, ауылға енді қайтып бармау керек екен» [2].
Табиғаттың өз заңы бар. О. Бөкеев «Кербұғы» атты әңгімесінде табиғатта
болып жататын құбылыстардың көркем суретін жасаған. Әңгіме кейіпкері
бұғының жан дүниесінде болып жатқан сан қырлы құпияларды ашып
көрсетуде, Кербұғының күйзеліске толы ішкі әлеміндегі қиналысты
байқатуда қаламгер шеберлік танытқан. Бойынан күш-қайраты кеткен
Кербұғы мен қуатты Жасбұғы арасындағы жекпе-жекті суреттеу арқылы
қаламгер өмір туралы ой қозғайды. Өмір ағыны бір орында тоқтап қалмайды.
Өмір өтеді, онымен бірге жастық шақ та, бойдағы күш-қуат та кетеді. Бұл
дүниеде оған мойынсұнбаған пенде жоқ. Кербұғы осыған дейін жыл сайын
жекпе-жекте жеңіске жетіп, бұғы үйірін өзі бастап жүретін. Биыл Кербұғы 
күйектің алғашқы кезегі өзіне еңбексіз тимейтінін сезеді. Өз күшіне сенген
Жасбұғы да жекпе-жектен бас тартпайды. Осыған дейін бүкіл қауіп-қатерден
сақтап, үйірін аман-есен сақтап келген Кербұғы жалғыз қалады. Бұғы қасиетті


105 
жануар. Сондықтан да ол жеңілістен кейін жер басып жүре алмады. Оның
жанын жаралаған «еңсегей бойды кеміре бастаған» кәріліктен туған
шарасыздық еді. Ендігі жерде ол бұл дүниемен қоштасып, мәңгілік еркіндікке
аттануға дайындық жасайды. «Ол төрткүл дүниені де, тамырлай соққан
тіршілікті де өлердей жек көрді. Жас шағында ессіз жақсы көргенін
ұмытты – мәңгіге ұмытты білем, оқыс тәуекелге бел буды. Бұл дүниемен
қоштасар ақырғы сәтінде мұң-зармен уланған денесін қоршаудың арғы 
жағында қалдыруға, еркіндік деген ұстатпас сағымды алғаш та ақырғы рет
көріп, бұдан соң бақытты сапарға – шексіз еркіндік – өлімге адал ниет, абзал
жүрекпен аттануға ұлы дайындық жасады... Дел-сал тұла бойын шиыршық
атқыза қатайтып, буын-буынын бекітті. Осы жасына дейін батыл бармаған
асқаралы ерлік жолына жаралы жанын, қаралы жанын садақа қылмақ. Ер
боп туған жазған ер боп өлмек» [3, 353 б.]. Мәңгілік еркіндікті аңсаған
Кербұғы бар күшін жинап, Ақшоқыға қарай бет алады. Ақшоқыға аман-
есен жеткен ол көзіне жас алып тұрып, зор даусымен ең соңғы рет күйек
шақырады. Бірақ бұғы өз өлімімен өлмейді. Өмірінде ешкімнен жеңіліп 
көрмеген Кербұғы өліміне оның қос мүйізінің түбіне тиген қос оқ жетеді. 
« ... Оқ екі жақтан келді. Бірақ екі жақтан да ешкім жоламаған. Оқ иелерінің
кім екені де белгісіз. Кербұғы сол көк ала діңгектің түбінде, дүбәра алаңда
қалды...» [3, 354 б.]. Жазушы осылайша бұғының өлімін жұмбақ күйде
қалдырып, өз оқырманын терең ойға батырады. 
Түйіндей келгенде, өмірден ерте кеткенімен артына мол әдеби мұра
қалдырған Оралхан Бөкей – кейіпкерлері даралығымен танылған, әдеби әлемі 
әлі оқырманын толғантып келе жатқан, ұлттық әдебиетізде өзіндік орны бар ірі 
суреткер. Жазушы Оралхан Бөкейдің шығармашылығы қазақ әдебиетінде 
ерекше бағаланып, төл әдебиетіміздің дамуына мол үлес қосты деп ойлаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет