Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет49/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Әдебиеттер
1Жанұзақова О. Оралхан Бөкей прозасындағы романтизм: Филол.ғыл.канд.дис.
– Алматы, 1999. – 137 б. 
2 Оралхан Бөкей. Таңдамалы I том. Құр.: О.Кенжебеков, Т.Мәмесейітов, – Алматы: 
«Жазушы», 1994. – 255 б. 
3 Бөкеев О. Ұйқым келмейді: Повесть, әңгімелер. – Алматы: Жалын, 1990. – 560 б. 
ӘОЖ 821.512.122
Н.АЙТҰЛЫ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ӘЛЕМІ 
Мұхтар Д.А.
– 9 а сынып оқушысы 
Ғылыми жетекші: Сиргебаева Г.А.
– 
Ж.Баласағұн атындағы № 6 жалпы орта білім 
беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Шымкент, Қазақстан 
Резюме 
В данной статье рассматривается творческие поиски поэта Н.Айтулы.
 
Анализируя 
особенности создания приемов национальной поэзии, дана оценка художественно-
эстетическому изысканию поэзии Н.Айтулы. Определена роль и место поэта в 
литературном процессе, особенности художественного мастерства и художественных 
приемов поэта. 
В статье рассматривается поэтическая мысль и проблема 
художественного познания в произведениях 
 Н.Айтулы.
 
 


106 
Поэзия – жанды жылытар жай соққан самал. Ол – нәзік күш. Жүректің 
жасырын пернелерін нәзік саусақтарымен басып, еріксіз әуен үнін шығаратын 
балауса сәби тәрізді. А.Байтұрсынов [1], З.Қабдолов [2], З.Ахметов [3]
поэзияның құдірет күшін зерттеп, анықтама берген.
Поэзия – еріктен тыс ұшырып, айналдырып әкететін құйын сияқты. Кейде 
поэзияны түсіну қиын, бірақ жүрекке жеткен сиқырлы өлеңді санадан сызып 
тастау мүмкін емес, тіпті кейде ұмытуға тырысудың өзі де қиын нәрсе.
Несіпбек – туған елінің табиғатын, оның әсем көріністерін небір тамаша 
тапқыр сөздермен, сұлу образды тілдермен жанды табиғатты көз алдыңа 
суреттеп берген сыршыл ақын. Оның табиғат лирикалары жан дүние, тіршілік 
әуенімен қуанышқа, махаббат лебімен тербелген, адам сұлулығы, сезімі оны 
әлпештеп, әлдилеген табиғатпен бір жаратылған өмір ырғағындай.
Ақынның ақын болып қалыптасуы бір күннің, тіпті бір жылдың ісі емес 
екендігін мойындар болсақ, ақынның өлеңдерінен тақырыбы тың, ойы өткір, 
идеялық жағынан ұтымды жырлар жазуға ұмтылысын байқатады.
Ақын поэзиясында кең орын алған: атамекеннің қадір-қасиетін бағалау, оның 
құтты қоныс, тіршілік нәрі болғандығын терең сүйіспеншілікпен жырлау 
тақырыбындағы өлеңдер өз оқырманының бойына туған жер қадірін ұғыну, 
оның табиғатын сүю, атамекенді көздің қарашығындай қорғау сияқты 
патриоттық сезімдердің тууына ықпал етеді. Басқа ақындар сияқты Н.Айтовта 
алғашқы өлеңдерін қысқа лирикалық үлгіде жазды.
Ақынның балалық шағына арнап жазған өлеңдерінің ішінде «Бақанас – 
біздің балалық», «Досым-ау», «Ана – тілім», «Отан» деген лирикалық жырлары 
қай жағынан болсын ақынның толысып өлең мазмұнына тереңдік дарытуға 
құлаш ұра бастағанын байқатады. Өлеңдерінде айшықты да әсерлі суреттер 
көптеп кездеседі. Әр сөзі жас өркен жүрегінде ұялап қалардай ұтымды, бала 
сезіміне әсер етерліктей ойнақы шыққан.
Табиғат лирикасы – XV ғасыр басындағы қазақ поэзиясындағы тұрақты 
жырланған жанрлық түр. Табиғатты жырлауда ұлы Абай қалыптастырған өрнек 
мазмұндық және көркемдік-стильдік дәстүрді жалғастырған ақындардың 
өлеңдерінің эстетикалық-танымдық әсері мол болды. Атап айтсақ, 20-жылдары 
қара жерді аяулы анасындай жексіз сүйген, оның әрбір бөлшегі – құсы мен 
аңының жан азабын бірінші сезініп, шырқырап арашаға түскен, оларды қорғау
мұратын тұңғыш көтерген Мағжан Жұмабаев пен Сәкен Сейфуллин, туған 
жердің бір бөлшегіне арналған Ілияс Жансүгіровтың сыршыл лирикасы басқа
ақындар шығармалары оқушыларды табиғатқа деген жауапкершілік 
қатынасын арттырып, табиғатты өмір мен тығыз байланыстырады және адам 
мен табиғат арасындағы шынайы үйлесімділік адамға тіршіліктің жан дүниесін, 
еркіндігін, сырын ұғынуды қамтамасыз етеді.
Ақынның табиғат лирикасына жазған бірнеше өлеңдерін атауға болады; 
«Бұлттар көшіп барады», «Көкек қары», «Бір қараңғы, бір жарық», «Ақ қырау – 
Аппақ көбелек», «Соңғы жапырақ» т.б. Ақын «Көкен қары» атты өлеңінде 
терең сезімге толы көңід-күйін бәлдәреді. 
Қар ма бұл көктемдегі қылаулаған? 


107 
Барады қозғау салып мынау маған 
Бұл өмір ұқсап кетті қарлы шыңға, 
Басында будақ бұлттар мың аунаған. [3, 32 б.]
Табиғатты жырлау арқылы ақындар өмірге деген құштарлық сезімдерін
ұштайды, көмескі тарта бастаған үміті, сезімі оянады. Табиғат — ақындық
шабыттың қозғаушы қайнар көзі, қуатты тетігі. Яғни, 20-жылдарда аталған 
табиғат туралы өлеңдерде дала келбеті, оның әрбір сәтіндегі дамылсыз, үздіксіз 
жүріп жатқан қозалыстардың, өзгерістердің түрлі-түсті бояулары — бәрі де 
психологиялық тұрғыда суреттеледі. Даланың өзендері мен көлдерінің, 
таулары мен ормандарының, аспанының, топырағының, өсімдіктерінің, 
ауасының - бәрінің өзара үндескен табиғи келісімді сұлулық тұнған әлемін 
бейнелеуде ұлттық дүниетанымға сай нақыштарға кезігеміз.
Несіпбек Айтұлы поэзиясында кең орын алған атамекеннің қадір-қасиетін 
бағалау, оның құтты қоныс, тіршілік нәрі болғандығын терең сүйіспеншілікпен
жырлау тақырыбындағы өлендер өз оқушыларының бойына туған жер
қадірін ұғыну, оның табиғатын сүю, атамекенді көздің қарашығындай қорғау 
сияқты патриоттық сезімдердің тууына ықпал етеді. Табиғат аясында өмір 
кешіп, бар тіршілігі оның құбылыстарына тәуелді халықтың тыныс-тіршілігін
ақын өзінің ой-парасаты мен дүниені тану дәрежесіне қарай тұжырым
жасайды. Ақынның туған жерге деген сағынышы шексіз. Туған жерге деген 
сүйіспеншілік ақын көңілін толқытып өлең болып туып жатты. Ақынның 
«Қоштасу» атты өлеңінде: 
Қош-есен бол, кіндік қаным туған жер, 
Кім болғаны сені ұмытса жалғанда ер? 
Жүрегімді жібек жіптей кеміріп, 
Өле-өлгенше қара күйе-арман жер. [3, 101 б.]
Ақынның «Тескен таудың ар жағы» атты өлеңінде де ата бабасының 
кіндік қаны тамған жеріне деген сағынышы шебер берілген. Шет ел асып 
кеткен ағайын-туыс тағдырын меңзеген бұл өлеңде терең ой жатыр. Поэзия 
өмір шындығын асқан ойшылдықпен, ерекше сезімталдықпен ашып көрсетеді, 
бейнелеп суреттейді. Олай болса, Несіпбек ақын өлеңдері өмір шындығы мен 
терең философиялық ой-тұжырымдардың үндесуінен туындаған.
Ақын өлеңін оқығанда кісінің де болса көңілінде құлазыған бір мұң 
ұялайды. Ата мекенінен, балалықтың базары өткен туған топырағынан ажырап, 
алысқа аттанудың халық үшін қаншалықты ауыр болғандығын сезінеміз. 
Сондықтан да туған жер тақырыбын Несіпбек поэзиясымен біте қайнасқан 
тақырып деп айта аламыз.
Ақын «Қияметтің көпірі» атты өлеңінде ата бабасының туған өлкесі
Тарбағатай туралы ой қозғайды.
Тарбағатай – туған жерім, алыс қалды аржақта, 
Шыдар ма екен буғанбелім зілден ауыр салмаққа. 
Құлақ салмас керең дүние мендей мұңлық зар жаққа, 
Кімге барып шағынамын, жыламасам аруаққа. [3, 110 б.]. Ақын 
ұлтжанды. «Отан» деген өлеңінде ақын Отанына деген махаббатын белдіреді.


108 
Біздер үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз, 
Қорғамасақ несін ұл боп туғанбыз?! [3, 98 б.] - деген ақын 
тілегі жай ғана құрғақ сөз емес, болашақ жас буынның алдына мүдделі мақсат 
қойып, оның тағдыры, білімділігі елдің ертеңгі болашағымен тығыз 
байланысты екендігін түсіндіруге тырысқан азамат арманын тарынтады. Бірақ 
ақын қаламына ылғи да әдемі сурет іліге бермейді. Кейде ой арнасынан адасып, 
кібіртектеп қалатын тұстары да кездеседі.
Несіпбек – туған елінің табиғатын, оның әсем көріністерін небір 
тамаша тапқыр сөздермен, сұлу образды тілдермен жанды табиғатты көз 
алдыңа суреттеп берген сыршыл ақын. Оның табиғат лирикалары жан дүние, 
тіршілік әуенімен қуанышқа, махаббат лебімен тербелген, адам сұлулығы, 
сезімі оны әлпештеп, әлдилеген табиғатпен бір жаратылған өмір ырғағындай. 
Табиғаттың сұлулығынан тыныс алып өскен Несіпбек бозбалалық 
шағынан-ақ туған жер, оның жұмыртқа алған ну көлі мен далаға әсем
көрік беріп тұрған өсімдік атаулысын бейнелі суреттер арқылы сымбатты
айшық-оралымдармен жырлай білді. Жер-Анаға деген махаббат Несіпбектің 
елін, жерін сүйген ақын болып қалыптасуына үлкен ықпал жасағаны рас. Өзін
қоршаған сұлу табиғатқа арнап жазған өлендері сырлы табиғатымен, келісті 
ұйқасымен, керемет әуезділігімен оқырманды баурап аларлықтай, қолыңа алып
оқысаң көз алдыңа сол бір сырлы табиғатты сән-салтанатынан жанды
көрініс келеді. Несіпбек өлеңдерінің негізгі тақырыбы туған жермен 
байланысты болуының себебі де осында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет