120
ӘОЖ 811.512.1
Ә.НҰРПЕЙІСОВТІҢ «ҚАН МЕН ТЕР» ТРИЛОГИЯСЫНДАҒЫ
ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛІКТЕРДІҢ ВЕРБАЛДАНУЫ
Жумабай Ж.Ғ.
–
117-48 тобының студенті
Ғылыми жетекші: Байғұтова А. – ф.ғ.к., аға оқытушы
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент
Резюме
В данной статье рассматриваются
вербализация этнокультурных единиц в трилогии
А.Нурпеисова «Кровь и пот».
Қазақ мәдениетінде қыз
тәрбиесіне ерекше мән беріп, оның пәк,
қарапайым болып өсуіне барынша көңіл бөлген. «Қызға қырық үйден тыйм»
мақалы халқымыздың қыз баланың бейтаныс адамдармен кездесуін қоштамай,
қыздың ар-ұятын жоғары қойып, оны бала
кезінен көздің қарашығындай
қорғаған. Себебі, кез келген қоғамның тірегі, ұлттың негізі
–
болашақ ана
немесе бүгінгі ана екені дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат.
Ал қыз абыройын қорып, сақтаушы, қорғаушы, ең алдымен қыздың жеңгесі
болған.
Қазақтың ақылды, парасатты жеңгелері қайынсіңлілерінің от басып,
өкініп қалмауына мән беріп, сүрініп қалмауларына ерекше тілектестік білдіріп,
теріс қадамнан дер кезінде сақтандырып отырғаны тілдік дерек арқылы былай
дәйектеледі:
Осы
кезде аққұба келіншек
сырттан екінші аққұманды демдеп әкелді
.
Сыйлас қайынсіңлісі жұрт көзіне түсіп қала ма деп қысылып, есік жақтан
елеусіздеу боп келді де, басқалардың көзін ала бере қайынсіңлісін шымшып
алды.
Жалт қараған Бөбекке:
–
Еркем,
шайың кесіліп қалыпты ғой, енді демдеп әкелген аққұманнан
құярсың, - деп сыбырлады да, сыртқа шығып кетті
(Ә. Нұрпейісов. Қан мен
тер).
Ә.Нұрпейісов бұл мақалды негізгі кейіпкерлерінің бірі Қарақатынның
аузына салады. Төлеумен әңгіме барысында
оның қарындасы Айғаншаны
айыптап сөйлейді.
1-кесте: Паремеологиялық бірліктердің берілуі
Достарыңызбен бөлісу: