айттыра келгенде
(Гауһар тас, 207-б.).
Оған жақсы жерге
құда боп, келіншек әперемін, жұмыртқадай ақ отау
тігіп беремін
(Сүйекші, 234-б.)
«Қайыркен көке, мен осында қалам, сізді тез жетсін деп жатыр,
келіншектің
бетін ашасыз
», − деді(Гауһар тас, 172-б.).
Той өткен
соң оларға төрт қанатты бөлек үй тігіп, жеке
шығарғанбыз(Гауһар тас, 178-б.).
–
Келін айналайын азанмен тұрып, маған
сәлем береді
, «ата,
құманда жылы су бар» деп иіліп тұрады(Сүйекші, 228-б.)
−
Той-томалақ бар, құда-жекжаттардың киім-киіті
бар дегендей, бәрі
де ақша ғой (Дермене, 305-б.).
Қарекеңдердің алып келген
үш тоғызы
қыз ауылының адамдарын риза
етіп тастады (Қара шаңырақ, 327-б.).
Зеркүлдің Түркістаннан
есік ашып келген
қызының қоржынының аузын
сөгуге қатысты (Кемпірлер, 341-б.).
Қазақ халқы өмірінің сан ғасырлық тарихы әдетте ана тілімен тығыз
байланысты болып келеді. Мысалы,
құда түсу рәсімдері, үйлену тойы, ас беру
тағы басқа толып жатқан ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілерінің атаулары
тілде сақталмаса, рухани мәдениет үлгілерінің мазмұны да кемшін түсе бермек.
Ұлттық әдет-ғұрып, салт-сананы айтқанда, олар туралы халықтың көрнекті де,
көрікті ойлары тілге оралады. Сөздің мәні, сөздің сыры, ішкі-сыртқы
мағыналары сол салтпен, дәстүрмен астарласып, біте қайнасып жатқандығын
көреміз.
Әдебиеттер:
1 Попова З.Д. Язык и национальная картина мира / З.Д. Попова, И.А. Стернин. –
Воронеж, 2003
2 Қайырбаева Қ.Т. Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың символдық мәні. фил. ғыл.
канд. дисс. – Алматы, 2004.
Достарыңызбен бөлісу: |