118
жақсы біледі. Кез келген ұлттың өзіне ғана тән ата-бабадан келе жатқан тарихи
құндылықтары мен салт-дәстүрлері болады.
Соның ішінде, қазақ халқындағы
жаңа дүниеге келген балаға «итжейде» немесе «иткөйлек» кидіру дәстүрі, өзге
елдің әдет-ғұрпына қарағанда өзгешелігімен көзге түседі.
Той тойланды,
азан шақырылды, ат қойылып,
ресми бекіп кетті
(Бонапарттың үйленуі, 479-б.).
Жаңа туылған балаға ат беру – өмірлік мән-маңызға ие, аса игілікті,
ізгілікті іс
саналатындықтан, қазақ халқы балаға ат қоюға ерекше көңіл бөліп,
өмір есігін ашқан әрбір перзенттің есімін жалпақ жұрт сыйлап-қадірлейтін
білікті, қадірлі, жолы ашық, білімді кісілерге қойдыруға тырысады. Өйткені,
адам есімі баланың тағдырына әсер етеді деп сенеді.
Көп жағдайда баланың атын ел-жұрт көп жиналған шілдехана үстінде
қояды. Онда атын қоятын баланы:
«мына балаға ат қойып беріңіз»
деп, көп
ортасында отырған білікті
кісілердің біріне ұстатқанда, әжейлер оған
«бай-
бақытты болсын»
деп шашу шашады.
Баланы қолына алған кісі оның құлағына: Сенің атың – … ! – деп үш рет
дауыстап атайды да, баланың бетін ашып, көпшілікке көрсетеді.
Сыртта азан
шақырылады. Міне, бұл жоралғы
«ат қою»
деп аталады. Тіліміздегі
«азан
шақырып қойған аты»
деген сөз тіркесі осындай дәстүр арқасында сақталған.
Баланың азан шақырып атын қойған соң, үлкен
кісілер ақ батасын беріп, бет
сипайды.
− Үйде. Ұйықтап жатыр.
−
Бесікте ме,
жерде ме (Қара шаңырақ, 315-б.).
Қазақтың «киелі ақ бесігінің» халық дүниетанымында маңызы өте зор. Ол
ұлттық тәрбиемен, ұлттық тіршілікпен біте қайнасып, қазақ қоғамына әбден
сіңісіп кеткен этникалық мұра. Этнограф ғалымдардың зерттеулеріне сүйенетін
болсақ, «Бесік –
қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы» болып
есептеледі. Әсіресе, жаңа туған баланы бесікке салу – халқымыз үшін елеулі
дәстүрлердің бірі болып саналады. Осындай қуаныш үстінде бесік жыры
міндетті түрде айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: