Литература:
1 Durkin, Philip P. Borrowed Words: A History of Loanwords in English / Durkin Philip P.
– Oxford University Press; 2014. – 352 p.
2 Феськов, А. В. Французские заимствования в лексической системе английского
языка / А. В. Феськов, Е. Б. Шевченко // Актуальные вопросы лингвистики в современном
профессионально-коммуникативном пространстве. - 2015. – С. 176 – 178.
3 Ferm, N. Borrowings in the English language / Ferm N. – Mid Sweden University; 2016. –
27 p.
4 Апалько, И. Ю. Французские и арабские заимствования в словаре Е.Н. Шагаловой /
И. Ю. Апалько // Новая наука: Современное состояние и пути развития. – 2015. – С. 51– 54.
5 Арнольд, И. В. Лексикология современного английского языка: учебное пособие / И.
В. Арнольд. – Москва: Наука, 2012. – 377 с.
112
ӘОЖ 94(574)
ИМАМ ҒАЗАЛИДІҢ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРІ МЕН РУХАНИ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Исаев Қ.Б - 130-18 топ студенті
Ғылыми жетекшісі: Орынбасарова Г.Ж –
т.ғ.к, аға оқытушы.
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педогогикалық Университеті, Шымкент
Резюме
Данная статья представляет собой краткую биографию, труды и заслуги великого
учителя Аль Газали, прославившегося на весь мир. За свою недолгую жизнь он также
написал научные труды, дошедшие до наших дней.
Әлем жұртшылығына белгілі Әбу Хамид Әл Ғазали бүкіл ислам әлеміне
танымалдығымен қатар, батыс философиясына да өзінің еңбектері арқылы
танылғаны белгілі. Дін ғылымына деген сұраныстың күшейгендігі соншалық,
қазіргі таңда Әл Ғазалидің араб, түркі тілінде жазылған шығармаларының
басым көпшілігі аударылып, кітап болып басылып жатыр. Сонымен қатар Әл
Ғазалидің басқа да философиялық мектептерге де өзіндік жақсы да, жаман да
көзқарастары бар.
Бай тарихы бар ислам мәдениетінің өркендеген уақыты сонау VIII –XIII
ғасырларды қамтып жатыр. Осы уақыт аралығы көп ғибратты оқиғалар
желісімен тарихта белгілі. Ислам мәдениеті үшін адамзаттың да әкелген
жаңалықтары жетерлік. Алла Тағаланың қалауымен оның елшілері арқылы
бүкіл адамзатты қараңғылық әлемінен алып шықты. Адамзатты адалдыққа,
шыншылдыққа, адамгершілікке, бір Аллаға мойынсұнуды, адамдарға ең асыл
мұраттарды үйретті. Сонау ертеде өткен Әл Фараби, Ибн Сина сынды
ғұламалардың еңбектеріндеде ислам дініне тигізген пайдасы ұшан теңіз. Ол
кісілердің еңбектері ежелгі Грецияда ұмыт қалып жатқан шығармалары қазіргі
күнде ел қолданысына беріліп жатыр.
Сондай-ақ Әл Фараби мен Ибн Синаның жасап кеткен шындықты іздеу
жолын ары қарай зерттеп, зерделеп, халыққа жалпақ түрде танытқан
жазушылар да аз емес. Осы ойшылдардың шығармаларын сын елегінен
өткізген, шынайы көзқараспен қарап, өз пікірін білдірген, исламның «төл
құжаты» атағына ие болған, атағы жаһанға жайылған ислам ойшылы - Әбу
Мұхаммед әл Ғазали Әбу Хамид Мұхаммед бин Мұхаммед ат Туси әл Ғазали.
Ол - аса ірі діндар, философ және мұсылмандық құқық білімпазы.
Әл Ғазалидің ислам философиясының дамуына қаншалықты үлес қосса,
соның ішіндегі сопылық бағытына да айтарлықтай өз еңбегін сіңірген, белгілі
бір жүйеге түсіріп кеткен ғалым. Әһли Сүннет ғалымдарының көпшілігі
сопылық бағытқа көп еңбек сіңіре алмады, бірақ Әл Ғазали өзіндік орасан зор
еңбектерімен ислам дінінде ойып тұрып орын ала білді. Әл Ғазалидің сопылық
бағытын қолдауы, бұл ағымның исламға жат емес екенін көрсету. Сопылық
ілімі оның арқасында жаңа серпіліс алды. Солай сопылық ағымы ислам дінінде
өзіндік орынға ие болды.
Әл Ғазали кәләм ғылымына жетік болатын. Әл Ғазали бұл салада атақты
еңбегі «Ихия-и улумиддин» деген шығармасын жазып кетті. Бұл кітапта кәләм
113
ғылымына қатысты ой-пікірлер көп жазылған. Әл Ғазалидің кәләм
ғылымындағы ең үлкен ерекшеліктерінің бірі методикалық жаңалықтар енгізу
болып табылды. Ол кәләм ілімін барша мұсылманға үйрену керек, бірақ оның
да қатерлі тұстары бар екенін айтып кетті. Оның түсіндіруінде фиһқ, тәпсір
секілді ілімдер азық болса, ал кәләм ілімі дәрі іспетті деді. Азықтың зиянынан
қорқуға болмайды. Оны мөлшерінен көп жесек, түрлі жолдармен оны қорытуға
болады. Ал дәріні мөлшерінен көп пайдалансақ, өліп кетуіміз де мүмкін. Сол
үшін өзінің орнымен, мөлшерімен пайдалануға шақырды [1, 4 б,].
Әбу Мұхаммед әл Ғазали Әбу Хамид Мұхаммед бин Мұхаммед ат Туси әл
Ғазали – аса ірі діндар, философ және мұсылмандық құқық білімпазы.
Шамамен осыдан Х ғасыр бұрын өмір сүрген ғұлама – мықты білімімен,
біліктілігімен, әрі қалай өмір сүру керектігімен бүкіл мұсылмандарға жол
көрсете білген, көптеген шәкәрттер тәрбиелеген, дін мәселесінде көп еңбек
сіңірген ғалым, ұстаз.Әбу Мұхаммед әл Ғазали Әбу Хамид Мұхаммед бин
Мұхаммед ат Туси әл Ғазали 1058 жылы Иранның Қоросанға қарасты, Тус
қаласында дүние есігін ашған. Ұлы ғалым 1085 жылы Тус қаласының білім
ізденушілерімен Нишапур қаласында орналасқан Низамия медресесіне оқуға
қабылданады. Ол жерде елге танымал, атақты кәләмшы Иам Харамайын Әл
Жувайнидің өзінен дәріс алады. Арада біршама жылдар өткеннен кейін ұстазы
белгілі себептермен дүниеден өтеді. Ұстазы дүниеден өткеннен кейін белгілі
ғалым кісілердің жанында жүреді. 1085 жылдан бастап Селжұқ сұлтаны
Мәлікшахтың данышпан уәзірі Низамул Мулктің жанында жүріп үлкен-үлкен
пікірталастар мен ғалым кісілердің жиындарына да қатысады. Көптеген ғалым
ұстаздарды көрген ол ілім-білімге құштарлығы арта түседі.
Низамул Мулк өзінің бұрын оқыған Низамия медресесіне оны фикхтан
дәріс беретін ұстаз етіп сайлайды. 1095 жылы Низамия медресесіне ұстаз етіп
тағайындаған ағасы Низамул Мулкті Исмайлиттер белгілі бір себептермен
өлтіріп кетеді. Бұл оқиғадан кейін Әл Ғазали қажылықты сылтауратып, Бағдат
қаласынан шығып кетеді. Ол 11 жылғы ұзақ сапарын оқу білімге арнайды. Бұл
жылдар ішінде бірнеше елдерді аралайды. Ұзақ жылдар бойы әр түрлі
қалаларды аралап, ол жерлерден көрген-білгендерін қағаз беттеріне түсіріп,
білім-ғылымға өзінің көптеген үлесін қосады. Ғалым көптеген ғылым
салаларында өзінің терең меңгерген білімінің арқасында жоғары ғылыми
дәрежеге лайық, халықтың мақтан сүйер ұлы тұлғасына айналды. Қысқа ғана
ғұмырында артынан өшпес мұра қалдыра білді. Әл Ғазали тек дін саласында
ғана емес философия, астраномия, педагогика және тағы басқа салаларда да өз
еңбектерін жазып кетті. Оған .алымдығынан бөлек Ислам дініне сіңірген ерен
еңбегі үшін «Ислам айғағы» деген атақ берілді [2, 7 б.].
Әл Ғазалидің негізгі еңбектерінің біршамасын айтып кетсек. Жоғарыда
айтылған «Манасид әл-фаласафия» (Философтар ниеті) және «Тахафут әл-
фаласафия» (Философтардың өздерін терістеуі) атты еңбектерінен бөлек
«мишкат әл-анвар» (Нұрдың орын алу тәртібі), «Мизам әл-амал» (Жұмыс
өлшемі), «Әл-каул әл-джамил фиррадин аля тайар инжил» (Інжілді
114
бұрмалаушыларға нақты жауап),
Ихьә улуму әд-Дин
(Дін ғылымдарының қайта
жандануы) және тағы да басқа еңбектері бар.
Халық арасында кең тараған шығармаларының бірталайы мыналар:
«Жауһар»,
«Қысқа»,
«Қорытынды»,
«Мұстафа»,
«Жас
шыбық»,
«Философияларды бекерге шығарушы», «Адасудан арылу», «Көзқарасты
ашықтау», «Ілім өлшемі», «Әдемі есімдер Алла есімдері», «Шығыс», «Құстар
жайлы кітапша», «Хақ жолының бастамасы», «Ей перзент», «Алла есімдерінің
мағынасы», «Түсінулер» және тағы басқада шығармалары танымал.
Әл Ғазали
Ихьә улуму әд-Дин
кітабының бірінші томында «Ақылдың
қасиеті, ақиқаты және түрлері» деген тақырыбында ақылды мына төрт түрлі
классификациялайды:
1.«Ақыл» - адам баласының өзге жануарлар мен хайуанаттарынан
айырмашылығын білдіретін және ілім-білім жинауға арналған қабілет иесі.
2.«Ақыл» - адамның ес жинағаннан бастап пайда болатын, сонымен қатар
нені істеу керек, нені істемеу керектігіне сигнал беріп отыратын, алғашқы
мағлұмат жинауға арналған қор.
3.«Ақыл» - өмір бойғы тәжірибелер нәтижесінде жинаған білімдердің
барлығы жатады.
4.«Ақыл» - таным қабілетінің, әр түрлі алда келетін жағдайларды саралауға
көмектесетін және кез келген жағдайды алдын ала шешім қабылдауға жағдай
жасайтын құрал [3, 19 б.].
Қазақта айтады ғой, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні деп. Әл Ғазали
барша мұсылман қауымының ұстазы бола білді. Білмегенін үйренді, білгенін
үйрете білді. Барлық салаға өз атын қалдыра білді, оның ішінде ислам дінінде
ойып тұрып орын ала білді. Қазіргі таңда Әл Ғазалидің «
Ихьә улуму әд-Дин»
кітабы қазақ тіліне аударылып, қалың көпшілікке жол тартты. Ол кітаппен
танысқан барлық адамдар ақиқат жолын таптандай болды. Ол кітапта
шариғатқа, Алла Тағаланың бұйрықтарына, Пайғамбарымыздың хадистеріне
қарсы келетін жерлері табылмағаннан кейін, халық арасында кең тарала
бастады. Өз заманында да, одан кейінгі ұрпаққа да пайдаланар ілім тастап
кеткен Әл Ғазалиге айтар алғысымыз шексіз. Мен зерттеген Әл Ғазали
данышпанның мен білетін ақараттар осы. Мен білмейтін ақпараттар да бар.
Достарыңызбен бөлісу: |