117
ӘОЖ 811.512.1:18
Д.ИСАБЕКОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЛИНГВОМӘДЕНИ
БІРЛІКТЕР
Абатова М.И.
–
117-18 тобының студенті
Ғылыми жетекші: Танабаев Ғ.Ө. – ф.ғ.к., аға оқытушы
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент
Резюме
В данной статье рассматриваются лингвокултурные единицы в произведениях Дулата
Исабекова., связанные с национальными традициями казахов.
Көркем мәтін шеңберінде жазушы өзі өмір сүріп отырған дәуірінің бет-
бейнесін мен ұлттық таным-түсінігін, оның рухани мәдениетін түрлі тілдік
амал-тәсілдер арқылы бере отырып, ғаламның тілдік көркем бейнесін жасайды.
«Дүниенің көркем бейнесі дегеніміздің өзі – жазушының
жеке қаламына ғана
тән таным концептілерінің жиынтығы» [1,8 б.]. Жазушы Д.Исабековтің
көркемдік санасында қалыптасқан қазақ ұлтының болмысы оның шығармалары
тіліндегі ғаламның бейнесі ретінде көрініс тапқанын байқауға болады.
Д.Исабеков шығармаларынан ұлтымыздың рухани дүниесі мен бітім-
болмысында, менталитетінде кездесетін барлық құнды дүниелерді таба аламыз.
Адресаттың, яғни қабылдаушы оқырманның автор қолданған сөздердің мән-
мағынасына түсініп,
оны ойша сараптап, қабылдай алуы – тілдік тұлғаның
аялық білімінің қандай дәрежеде екендігінің көрсеткіші.
Лингвомәдени бірліктер немесе ұлттық-танымды білдіретін тілдік
бірліктер
- әртүрлі салалы сөздердің
топтарынан байқалатын, ұлттық салт-
дәстүр, жөн-жоралғы,
танымдық көзқарастар, ұлттық болмыс, бір сөзбен
айтқанда ұлттық мәдениетті, ұлттық мінезді білдіретін сөз және сөз тіркестері.
Бұған
кәсіп атаулары, кірме элементтер, тыйым сөздер,
туыстық атауларға
қатысты сөздер т.т. категориялары бойында бар сөздер кіреді. Мысалы;
лингвомәдени бірліктер: ұлттық өнер:
ою, өрнек;
ұлттық үй:
абылайша үй,
қараша үй, отау үй;киіз үй
ұлттық өлшем:
құрық бойы, қозыкөш жер, сүт
пісірім, бие сауым, бармақтай-бармақтай, шаш етектен
т.т.
Жазушы
Д.Исабековтің
көркем
шығармаларындағы
ұлттық
дүниетанымды білдіретін сөздер, этнографизмдер
мынадай лингвомәдени
бірліктер тобын құрайды:
Достарыңызбен бөлісу: