Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет47/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Әдебиеттер
1.
Абай (Ибраһим) ҚұнанбайұлыШығармаларының екі томдық толық
щығармалар жинағы. Т.1. Өлеңдер мен аудармалар. – Алматы: Жазушы, 2005. – 296 б. 
2.
Абай (Ибраһим) ҚұнанбайұлыШығармаларының екі томдық
толық щығармалар жинағы. Т.2. Өлеңдер мен аудармалар, поэмалар, қарасыөзер. – Алматы: 
Жазушы, 2005. – 326 б. 


100 
ӘОЖ 821.512.122
Е.ТҰРЫСОВ «КЕМЕНГЕРДІҢ КЕРУЕНІ» АТТЫ ПОВЕСТЬ-
ЭССЕСІНДЕ М.ӘУЕЗОВ БЕЙНЕСІ 
Бұғұбай Б.Б.–
10 а сынып оқушысы
 
Ғылыми жетекші: Сманалиева А.Е. – 
Ж.Баласағұн атындағы № 6 жалпы орта білім 
беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Шымкент, Қазақстан
 
Резюме 
В статье анализируется творчество Е. Турысова. Анализируется создание образа 
М.Ауезова в повести-эссе писателя «Кеменгердің керуені». 
В статье рассматривается 
своеобразие художественного мастерства писателя, которые отличались особым почерком 
в создании национального образа и глубоким изображением национального казахского 
характера. 

Эссе – нақты бір тақырып бойынша жазылатын айшықты сөз оралымдары. 
Онда философиялық ой, тарихи таным көркем түрде көрініс табады. Сондай-ақ 
эссе публицистикалық, әдеби-сыни сипатқа ие. Эссе жанрының анықтамасын Д. 
Ысқақұлының «Сын жанрлары» [1], Қ.Ергөбековтың «Баянғұмыр» [2] 
еңбектерінде кездестіреміз. 
Бүгінде әдебиет айдынында туындап жатқан эсселер әртүрлі сипатта жазылып 
жүр. Қазіргі көркем әдеби сипатта жазылған эсселерде әдеби суреттеулер мен 
талдаулар, ішкі толғаныстар басым болып келеді. Е.Тұрысов «Кеменгердің 
керуені» атты эссесінде талдаудан гөрі ішкі толғаныстар, әдеби суреттеулер 
басым болып келеді.
Е.Тұрысов эсселерінде замандас бейнесі жиі көрініс тапқан. Жазушы 
эсселері өз заманының белді тұлғаларын, еңбек адамдарын көркем бейнелеумен
ерекшеленеді. Автор адам, өмір, тағдыр, заман мен көз көрген замандастары 
жайында көп сыр шертеді. Жазушының эсселері естеліктерден жинақталған 
сырлы сандық сияқты. Сандықтың аузы ашылған сайын әртүрлі тағдырлар жайлы 
өмірлік шындық ақтарылып жатады. 
«Кеменгердің керуені» атты повесть-эссесінде аты аңызға айналған заман 
тұлғасы Ә.Жангелдиннің бейнесін жазушының онымен кездескен бір сәті арқылы 
көреміз. Автордың «...сексенге келген жасында тұрымтайдай қалжасы, басында 
кестелі тақия, ақ күмістей жарқыраған сұлу мұрт, кішкене торғай құйрық шоқша 
сақалы...» [6, 7 б.]. деп суреттеуінен тарихи тұлға Ә.Жангелдиннің көркем бейнесі 
көз алдымызға келеді. Жалпы Е.Тұрысов кейіпкерінің келбет-кескінін жасауға 
шебер. «Кеменгердің керуені» атты повесть-эссесінде қазақ әдебиетінің классик 
жазушысы М.Әуезовтің бейнесін оқырманына оның кескін-келбетін суреттеу 
арқылы ашады. М.Әуезовті алғаш көрген Е.Тұрысов жазушының сырт-келбетін: 
«сәл шалқақтау біткен кең кеуде, мол тұлғасына үйлескен баяу, байсалды, мінсіз 
де маңғаз қозғалыс» деп суреттейді. М.Әуезовтің бірнеше жылдан кейінгі кескін-
келбеті повесть-эсседе былай суреттеледі: «Бұдан бұрын да көп айтылып, көп 
жазылған, көп бейнеленген жылы жүз. Өр жағы дөңестеу келген айқара қасқа 
маңдай. Сөз мәнері, әңгіме ағысына қарай тынымсыз түйісіп-жазылып тұатын 
қас-қабағының астында, ұясы кең, сырт қияғы қысыңқы, мейір мен мархабат 
жылуына толы ойлы да мұңды сияқтаған, жанары жарық қоңырқай көздер» [6, 22 
б.]. 


101 
Е.Тұрысов «Кеменгердің керуені» атты повесть-эссесінде М.Әуезовтің 
кескін-келбеті, іс-әрекеті, сөйлеген сөзі арқылы оның табиғи болмыс-бітімін
бейнелеуге көбірек көңіл бөлген.
Жазушылық шеберлік әрбір қаламгердің қолтаңбасын анықтайды. Ол ең 
алдымен шығарманың көркемдік болмыс-бітімінен басталады. Көркемдікке 
апарар шеберліктің негізгі аясы тіл өрнегінде жатқаны белгілі. Өмірлік 
жағдайларды суреттеуде қаламгер Е.Тұрысов тіл өрнектерін дәл тауып қолдана 
білген. Жазушы тіл өрнегіне терең ой, мәнді мазмұн сыйдыра алды. Жазушы 
қолаңбасынан шыққан «үделі үміттің бір нәзік сәулесіне нұрланған әжімді-аядай 
жүз», «жаңа туған ай сәулесіне шомылған тау жотасы», «қашқан қоянға мылтық 
көздегелі аптыққан аңшы», «алаулаған жүрек, астан-кестең ой», «қаншама ұрпақ 
жанын жібек желдей тербетіп, тәтті нұрға бөлеген құдіреті Абай әні», «түлкі 
бұлаңға салған шаң» сияқты бейнелі сөз тіркестері мен сөйлемдер шығарманың 
ішкі мазмұнын көркемдікпен жеткізуде жазушының суреткерлік шеберлігін 
байқатады.
Жазушы Еркінбек Тұрысовтың Әуезовтен тыңдаған тоқсан минуттық 
лекциясы автор үшін өмірлік мәні бар оқиға болады. Тоқсан минуттық Әуезов 
университетін тамамдағандай сезімде болған Еркінбек Тұрысов «ұлы кемеңгерден 
бір өмірге жетерлік жолдамады алып келе жатқандаймын. Рухани дипломым, 
тозбайтын, сарқылмайтын өмір дипломым қойнымда емес, жүрегімде» деп ой 
толғайды. «...ай маңдайы жарқырап, сәл езу тарта жымиып, ғибрат-ізетпен сәлем 
бере» кіріп келген Әуезовпен жазушының Оңтүстікке жасаған сапарында қайта 
қауышуы «көңіл құсы биікке, тым алысқа шырқыраған» Тұрсынбек аға үшін өмір 
мектебі болады. 
Е.Тұрысовтың «Кеменгердің керуені» атты естелік эссесі арқылы 
М.Әуезовтің ел мен жер тарихына терең мән беріп, Қаратау өңірінің шежіреге 
толы елді мекендеріне үлкен құрметпен, зор сүйіспеншілікпен қарағанын 
байқаймыз. М.Әуезов әрбір кездескен ел қоныстарының аттарын сұрап, онда 
өткен елеулі оқиғаларға қызығушылық танытып отырған. Келіншектау туралы 
аңыз, Бабаатадағы Үміт қыз оқиғасы, көне Құмкент пен оған іргелес орналасқан 
ежелгі Бабаата мешіт-медресесі сияқты ел тарихы ұлы жазушының назарынан 
тыс қалмаған. 
Шығармадағы диалогтың идеялық-көркемдік функциясы үлкен. Адамды
мінездеуде, оның психологиясын қалыптастыруда, адамның ой-пікірін, көңіл-
күйін бейнелеуде диалогтың атқарар қызметі ерекше. Қандай адам болмасын
өзінің өмірге деген қөзқарасын сөзі арқылы білдіреді. Сондықтан да шығармадаға 
диалог бос сөзге толы болмауы тиіс. Диалог үлкен шеберлікті қажет ететеді. 
Шығармадағы диалогтың көркемдік қызметі қаламгердің талантына байланысты.
«Кеменгердің керуені» атты повесть-эссесінде М.Әуезовтің өз сөзі арқылы оның 
әдеби характерін ашып көрсеткен. Жазушы кейіпкерінің диалогы арқылы оның 
болмыс-бітімін ашып, мінезін-құлқын көркем бейнелеген. 
Жазушы эсседе өткен күндерге көз жүгірте отырып, әдемі естеліктен сыр 
шертеді. Жазушы эсселерінде автордың көңіл-күйі, ішкі сезім иірімдері мен ой 


102 
толғаныстары өзара үйлесім тауып жатады. Сондықтан да «жүрекке жылы тиетін 
лиризм» жазушы Е.Тұрысовтың эсселеріне тән қасиет.
«Кеменгендің керуені» атты повесть-эсседе жазушының туған жерге деген 
құштар көңілі көрініс тапқан. Аңызға айналған Келіншектау, Қаратудың ең биік 
шоқысы Мыңжылқы, Майбұлақ тау өлкесі, Мұзбелдің биігі, көгілдір Боралай, 
Бөген сулары, салқын самалды Сарыарқаға ұласқан елді мекен, қастерлі 
Қаратаудың биігі мен сай-саласына сағымдай ұласып жатқан ұлан ғайыр дала 
жазушы үшін ең қымбат, ең аяулы өлкелер. Арыстанды-Қарабастың қара 
дауылын «Қаратаудың майда жібек самалы» деп қабылдайтын жазушы үшін 
туған жердің әрбір тасы қастерлі. Ел мен жердің қадірін білетін жазушы үшін 
тарихы терең көне Құмкент, қасиетті Қаратау қойнауы, шежірелі Созақ – ата-
бабадан мұра болып қалған баға жетпес ең асыл қазына.
Повесть-эсседе жазушы әртүрлі көркемдік әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, 
кейіпкер бейнесін ашуда шеберлік танытқан. Қаламгер кейіпкерінің кескін-
келбетін жасауда ерекше қолтаңбасымен ерекшеленеді. М.Әуезов сынды ұлы 
тұлғаның бейнесін оның портретін жасау арқылы да ашып көрсетеді. «Өр жағы
дөңестек келген айқара қасқа маңдай. Сөз мәнері, әңгіме ағысына қарай 
тынымсыз түйісіп-жазылып тұратын қас-қабағының астында, ұясы кең, сырт 
қияғы қысыңқы, мейір мен мархабат жылуына толы қолы да мұңды сияқтанған, 
жанары жарық қоңырқай көздер», «Бұрынғы өз келбетіне жарасқан маңдайды 
айнала көмкеріп, қос самайды өрлеп асау толқындай өрге тулап жатқан көкбұйда 
шашы селдіреп, қиялай құлап жатыр» [3, 22-23 бб].
Шығарманың эстетикалық мәні, оқырманға әсері оның көркемдік деңгейіне, 
көркемдік құнарлығына байланысты. Кейіпкер бейнесін жинақтауға ықпал ететін 
көркемдік әдістер, бейнелеуші-көркемдеуші құралдар жүйесі, кейіпкер мінезін 
жасаудағы бейнелеу құралдарының қолданылу аясы, шығарманың жалпы 
көркемдік болмыс-бітімі жазушы Е.Тұрысов шығармашылығында үлкен 
жетістігімен көзге түседі. Қазақ әдебиетінде Е.Тұрысов өзіндік үрдісімен, өзіндік 
қолтаңбасымен танылған қаламгер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет