Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»


«Әулі 1. ( Шымкент, Қызылқұм, Түлкібас, Жамбыл, Сарыағаш,  Қарақалпақстан, Өзбекстан, Ташкент) қора, аула.  Әулі



Pdf көрінісі
бет62/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

«Әулі 1. (
Шымкент, Қызылқұм, Түлкібас, Жамбыл, Сарыағаш, 
Қарақалпақстан, Өзбекстан, Ташкент) қора, аула. 
Әулі
ішінде мал да тұрады
(Шымкент, Қызылқұм)» [2, 130-б.]. 
Осы диалект М.Әуезовтің қолданысында да кездеседі. Шығармаға 
Оңтүстік Қазақстан облысындағы аудандағы тұрмыс-тіршілік, шарауашылық 
сөз болғандықтан, автор бұл тұста сол өңірдің тілдік ерекшелігін де орынды 
қолданған. 
Мысалы: 
– Көп кісі жиылған екен. Өзінің 
әулісіне
сыймаған үлкендердің 
біразын жақын-жақын 
қошныларына
, өзге 
әулілерге
 шақырмады ма? Мен бір 
топ кемпір-шалмен сол бағана өзің айтқан Нұрбүбі деген жесір қатынның 
әулісінде 
болдым. Сонда соның үйіне де кірдім дедім ғой, – деп әңгімеге қайта 
кірісіп, айды сора түсіп, кірпіксіз, қысықтау жылан көзін алдына ғана қадаған 
кең танау сұр кемпір әңгімеге жаңа төселді» 
(1, 49-бет). 
Аталған мысалда сонымен бірге 
«қошны» 
деген диалект сөз ұшырасады.
«Қошна. 
(Қызылорда, Арал, Алматы, Шелек, Жамбыл). Көрші. 
Бұрын бір 
мектепте істеп, менімен 
қошна
 еді 
(Алматы, Шелек)»
 
[2, 294-б.]. 
Түркістан өңірінде ауызекі сөйлеу тілінде осы сөз «қошны» формасында 
қолданылады. Бұның тілдік дәйегін жоғарыдағы мысалдан анық көреміз. 
«Жар.
(Орал, Ақтөбе, Маңғыстау, Арал, Қызылорда, Атырау, 
Қарақалпақстан, т.б.). қабырға, үйдің қабырғасы. Қазір сағат не, жардағы 
сағатқа қарап жіберші (Ә.Нұрпейісов). Сурет жарда ілулі тұр (Ақтөбе)». [2, 266-
б.]. 
Негізінен, диалектологиялық сөздік материалдарынан аңғарғанымыздай, 
«жар» сөзі батыс өңірлері мен оңтүстіктегі Қызылорда облысының кейбір 
аудандарында қолданылады. Ал Түркістан, бұрынғы Оңтүстік Қазақстан 
облысы тұрғындарының тілінде «қабырға» мағынасындағы «жар» сөзі 
қолданыста жоқ. «Өскен өркен» жазушының аяқталмаған, толық өңделмеген 
туындысы болғандықтан, мұндай сәйкессіздіктің кездесуі заңды да.
Мысалы, «
Үстіне екі 
жардың
 бойын қатарластырып жақсы, ұзын сырлы 
сандықтар жасапты. Ал солардың үстінде кей жерін шәукермен ораған кілем, 
көрпе-жастық, әртүрлі терме алаша, шашақтары салбыраған бес-алты 


127 
жерде бояулы әдемі 
боғжама,
тамақшалары сондай жарқыраған баяғы 
шолпыдай»
[1, 50-бет]. 
Оңтүстік өңірінде жиі, ерекше құрметпен қолданылатын сөздің бірі – 
«мейман». Қонағын құдайындай сыйлайтын халқымыздың қанына сіңген 
қонақжайлылығына ешкім де күмән келтірмесі анық. Осы тұрғыда біздің 
аймақта «қонақ» сөзімен қатар «мейман» сөзі қолданылады. 
Диалектологиялық сөздікте «мейман» сөзіне төмендегіше түсінік берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет