Металды суынуын қамтамасыз ету үшін пісіру үрдісінде үзіліс
жасап тұру қажет.
Пісіру шағын диаметрлі (3-6 мм) электродтармен жүзеге
асырылады, шағын пісіру тоғымен
(1
св
= (20-30)d), қысқа
бөлікшкелерін (15-25 мм) қолданылады. Пісіруден кейін жігіне соғу
жасайды ( кесте – 4.4)
Соғылмалы және беріктігі жоғары шойыннан жасалған
бұйымдар диаметрі 0,8-1,4 мм Св-08ГС, Св-08Г2С, Нп-30ХГСА
марқалы сыммен көмірқышқыл газдар ортада және және алдын ала
қыздырусыз ұнтақ сыммен сәтті пісіріліп балқытып қапталады.
Пісіру тоғы 50-100А, кернеуі 18-20В жағдайында металлдың
пісірілген жігі феррит-перлит-сорбиттік, ал термиялық әсер және
балқыту аумағы — балқыту желісі бойынша ледебурит
бөлікшелермен
троститті-мартенситті
құрылымды
болады.
Жарықшақтар термиялық әсер аймағында жоқ.
Пісіру токтың мәні үлкен кезінде жігінде мартенсит пен
ледебурит, ал в термиялық әсер аймағында – ағарту мен
микрожарықша пайда болады.
Металл жігінде негізгі металдың үлесін азайту үшін балқытып
қаптауды алдыңғы білікшенің енін 1/3 есе жабу арқылы жүргізеді.
Пісіру доғасын бұрын балқытылып қапталған металға бағыттайды.
Көмір қышқыл газында жіңішке сыммен пісіру көлік және
трактор өнеркәсібінде болат келтелерді шойын фланецтармен
жалғастырғанда, соғылмалы және беріктігі жоғары шойыннан
тозған бөлшектерді жаңартуда (дөңгелек ступицаны, иінді
біліктерді және т. б.) және сұр шойыннан жасалған сантехникалық
құбырларды жалғастырғанда қолданыс тапты.
Сұр шойынды суықтай пісіруге ППЧ-1маркалы ұнтақ сымы
әзірленген, оның құрамында: С — 7,0-7,5%; Si— 4,0-4,5 %; Mn—
0,4-0,8%; Ti— 0,4-0,6% және А1 — 0,6-0,9%..
Аталған сым қышқыл элемент есебімен және негізгі металды
пісіру кезінде орташа пісіру тоғымен қосқанда балқытқан металл
алады және балқытылған зоналар бөлікшесі ақталмайды және
жарықтары болмайды. Осымен бірге металдың алынған жігінің
механикалық касиеттері негізгі металдың касиеттеріне жақын
болып келеді. Қорғау ретінде пайдаланылған көмірқышқыл газ
(қышқылдандырғыш) жікте сутектің аз мөлшерін және жік
металының кеуектілікке бейімділігінің аз болуын қамтамасыз
етеді.
Достарыңызбен бөлісу: