2
1
4.4-сурет.Шойын бұйымның пісіру жігінің жиектерін өндеу кестесі
:
1
— өңдеу бетіне балқытылып қапталған никелдік «жастық»;
2
— болат электродтарды
қолданып өңдеу беттерін толтыру.
Бұны былай түсіндіруге болады, никель темірде шексіз ериді, ал
никелдік аустенит өз құрамында карбидсіз пайда болған көптеген
көміртекті қамтиды
.
ОЗЖН-1 маркалы электродпен балқытылып
қапталған металдың құрамында 48% никелге дейін болады. Бұл
электродтар, сұр және беріктігі жоғары
шойынды суықтай пісіру
үшін арналған, сонымен қатар, жауапты бөлшектердің ақауларын
жою үшін ұсынылады.
Қазіргі уақытта ОЗЧ-3, ОЗЧ-4 маркалы, құрамында 90 % астам
никель бар, электродатардың пайдалануы кең тараған. Алайда
ондай электродтар өте қымбат. Пісіру жұмыстарын арзандату
мақсатында никелдік электродтар тек бөлшектің бетін балқытып
қаптау үшін пайдаланады (4.4-сурет), ал басқа жұмыстар кәдімгі
электродпен жүргізіледі.
Мыс негізіндегі электродтармен пісіру
. Пісіру жігінің жоғары
беріктігі талап етпегендігінде,
осы пісіру барлық жағдайда
пайдаланады. Мыс, никель секілді, көміртекпен қосылыс түземейді,
бірақ ол темірде ерімейді, сондықтан осындай пісіруде балқытылған
жік біркелкі болып келмейді: негізгі мыс құрамына жоғары
қаттылықты жоғарыкөміртекті темір фаза енгізіледі.
Мыс – темірлі ОЗЧ-2, ОЗЧ-6 маркалы электродтары фтор–
кальцийлі қапталған мыс өзегінен жасалады, оған 50 % темір ұнтақ
қосылады.
Осы электродтар қозғалтқыштар блогтың су жейдесінде,
қозғалтқыштардың блог бастиегінің жарықтарын пісіру үшін
қолданылады. Ол үшін жарықты екі шетінен тесіп бөлшектің 2/3
қалыңдығына 70-90° бұрышы өңделінеді, содан кейін жарықтар
мұқият
тазартылады, себебі қалып қойған кір жіктерінде
кеуектілікті тудырады. Пісіруді қысқа доғамен тұрақты тоқтың кері
қарым –қатынасын пайдалана отырып орындайды, бөлшектерді
суыту үшін 50-60° дейін температураға жеткізіп үзілістер жасайды.
146
Қалың жік алу мақсатында бөлікшелерді ұзындығымен 40-60 мм
пісіруден кейін бірден соғу арқылы өңдейді.
ОЗЧ типті электродпен балқытылған қабаты, қаттылығы үлкен,
шыныққан болат сепкілденген темірмен қаныққан мыс болып
келеді. Жік шетінде бөлек бөлікшемен
ағарған бөлікшелер
орналасқан. Жоғары қаттылығына қарамастан, алынған жікті
қаттықорытпалы құралмен өндеуге мүмкіндік бар.
МНЧ-2 маркілі мыс – никелді электродтар монель – металл
(28% мысты, 2,5% темірді, 1,5% марганецті, басқалары — никель).
өзегін білдіреді.
Осы
никель
электродтары
көміртекпен
қосылыстарды құрмайды, сондықтан балқытылған жігінде
қаттылығы аз болып келеді, ал
шыңықтырылған шойын зонасы
қаттылығы жоғары емес болғандықтан, ол оңай шағын қысуымен
босатылады. Осымен қатар, осындай жікте кеуектер мен
жарықшақтар аз болады, ол өңдеуге де оңай келеді,
бірақ оның
беріктігі төмен. Сондықтан мыс – никелді электродты өте жиі мыс
– темірлі электродпен бірге қолданады: жіктің бірінші және соңғы
қабаттарын мыс – никелді электродпен орындайды (бірінші -
қажетті тығыздығын қамтамасыз ету үшін, ал соңғы – өңдеуді
жеңілдету үшін), ал басқа қабаттары мыс – темірлі электродтармен
толтыралады. Мыс-никелді электрод балқытып қаптау мыс-темірлі
электрод балқытып қаптауына сәйкес болады.
Суықтай пісіру және шойынның балқытуы арнайы электродпен
қысқа жылулығы бар біліктермен орындалады (ұзындығы - 60 мм)
салқындатқышы
бар
әрбір
салынған
білікшенің
ауада
температурасы 60 °С дейін. Кейде әрбір білікке балғамен жеңіл
соққы жасап соғу ұсынылады. Соғуды металл 450 °С температурада
суыту процесінде өткізіледі және жоғары немесе 150°С және одан
да төмен температурада. Соғу кезінде 400-200 °С температуралар
аралығында металдың төмен иілуіне байланысты
жарылу туғызылу
мүмкін. Соққы аз күшімен қолмен 0,6-1,2 кг массадағы балғамен
дөңгеленген соққышпен немесе пневматикалық балғамен жіктің
суреті өзгергенге дейін жасалады . Көп қабатты пісіруде әр қабатты
соғады, бірініші қабатты қоспайды, оған соққы бергенде каптамада
жарықтар пайда болуы мүмкін. Бұл әдіс жарықтарды және қатты
сұлбасында бөлшектер жігінің тұйықтаушысын және тораптарының
бірі конструкциялық болаттар мен шойынды пісіру кезінде кернеу
алып тастауға өте тиімді. Осыған сәйкес мысты балқытып пісіруде
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: