В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет70/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

Қолмен доғалы пісіру. 
Легирлеуші элементтерінің қалдығын 
азайтатын фтор-кальций қаптамалы электродтарын пайдаланғаны 
қажетті химиялық құрамы мен құрылымы бар жік металын алуды 
қамтамасыз етеді. Электродтың көлденең ауытқуларсыз қысқа пісіру 
139


доғасын сүйемелдеу легирлеуші элементтерінің қалдығын азайтуға 
септігін тигізеді. Сондай-ақ, бұл негізгі металдың үстінде бүркін 
тамшыларының тию нәтижесіндегі кемшіліктерінің шығу мүмкіндігін 
төмендетеді.
Қорғаушы газда пісіру
. Инерттік газдарды пайдалану доға 
тұрақтылығын біршама арттырады. Қорғаушы газдары мен
қоспаларындағы жылу физикалық қасиеттердің елеулі айырмашылығы 
доғаның жылу тиімділігінің өзгеруі мен пісірілетін жиектерге жылу 
енгізудің шарттарын анықтай отырып, доғаның технологиялық 
мүмкіндіктерін біршама кеңейтеді. Инерттік газдарда пісірген кезде 
легирлеуші элементтердің минималды күю шығыны байқалады, бұл 
жоғары легирленген болаттарды байланыстырған кезде өте маңызды. 
Қорғаушы газдарда пісірген кезде жік металының химиялық құрамын 
өзгерту мүмкіндігі пісірудің басқа тәсілдеріне қарағанда шектеулі 
және пісіру (легирлейтін) сымның құрамын немесе негізгі металдың 
жік металын қалыптастыруға қатысу үлесін (пісіру режимі) өзгерту 
есебінен негізгі және электрод металының құрамы әртүрлі болғанда 
ғана болуы мүмкін.
 
Балқымалы электродпен пісірген кезде металлургиялық өзара іс-
қимылының сипатын қорғаныс атмосферасының құрамын елеулі 
өзгерту есебінен өзгерту мүмкіндігі туындайды, мысалы доғада 
құрамында оттегі, көмірқышқыл газ және т.б. бар газ қоспаларын 
пайдалану арқылы қышқылдандыратын жағдайды жасау. Пісурудің 
осы тәсілін түрлі кеңістік жағдайында пайдалануға болады, бұл 
монтаж жағдайында қол әдісімен қапталған электродтарымен доғалы 
пісірумен салыстырғанда орынды болып табылады. Қорғаушы 
газдардағы пісіруді балқытылмайтын вольфрамды немесе балқымалы 
электродпен орындауға болады.
Инерттік газдар мен олардың қоспаларындағы пісіруді вольфрамды 
электродпен жасайды. Жоғары легирленген болатты пісіру үшін 
МЕСТ 10157 — 73 сәйкес жоғары немесе бірінші сұрыптағы аргонды 
пайдаланады. Әдетте вольфрамды электродты пісіруді 7 мм дейінгі 
қалыңдықтағы металдарды жалғастыру үшін техникалық және 
экономикалық пайдаланғаны орынды (металл қалыңдығы 1,5 мм дейін 
болғанда доғалы пісірудің өзге тәсілдерін күйіктеспенің пайда 
болуынан пайдалану мүмкін емес). Алайда, кейбір жағдайларда 
вольфрамды электродпен пісіруді жуандау болаттарды жалғастыру 
үшін де пайдаланады, мысалы, құбырлардың бұрылмайтын түйісін 
пісіруде. 
Болаттың қалыңдығына және пісіру жалғастарының құрылымына 
байланысты легирлейтін материалмен немесе онсыз, арнайы 
жанарғыны немесе автоматиканы пайдалана отырып, қол әдісімен
орындайды. Пісіру үшін тура полярлы токтарды пайдаланады. 
140


Алюминий көп оксидтер пленкасын бұзу үшін айнымалы тоқты 
пайдаланылатын алюминийдің мөлшері жоғары болаттар мен 
қорытпалар жоғарыда аталған топқа жатпайды.
Пісіруді жанатын немесе импульстік доғамен үздіксіз орындауға 
болады. Импульстік доға жылу әсері ерекшеліктерінің негізінде жік 
маңындағы аумақтың ұзақтығын азайтуға және пісірілетін жіктердің 
шалыстығын азайтуға, сондай-ақ жақсы жікті қалыптастыра отырып, аз 
қалыңдықтағы металды пісіруге мүмкіндік береді. Пісірудің осы 
тәсілінде пісіру ваннасы металының кристалдану ерекшеліктері ыстық 
жарықтардың пайда болу мүмкіндігін азайта отырып, оның құрылымын 
бағытсыздануға өз септігін тигізеді. Алайда, аталған ерекшеліктер 
жоғары легирленген болаттарды пісірген кезде жік маңындағы тіліктің 
пайда болуына әкелуі мүмкін. Жік түбін қалыптастыруды жақсарту 
үшін газ үрлеуді, төменгі жіктерді қалың металдардың жалғас 
орындарында жасаған кезде – арнайы балқымалы қосымшаларды 
пайдаланады.
Жоғары легирленген болаттарды жалғастыру үшін плазмалық пісіру 
де пайдаланылады. Оның артықшылығы – қорғаушы газды аз жұмсау. 
Түрлі кескіндегі (дөңгелек, тік бұрышты және т.б.) плазмалық ағынын 
алу мүмкіндігі және плазмалық жанарғы мен бұйым арасындағы 
арақашықтағы өзгерістер пісірудің бұл тәсілін пайдалануды біршама 
кеңейтеді. Плазмалық пісіруді аса жұқа металдарды және қалыңдығы 12 
мм дейінгі металдарды жалғастыру үшін қолдануға болады. Оны 
жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерден жоғары болатын қалыңдықтағы 
металдарда пайдалану жіктерде тілікше пайда болу мүмкін 
болғандықтан қиынға түседі.
Балқымалы электродпен пісіруді инертті, белсенді газдарда және 
олардың қоспаларында пайдаланады. Құрамында жеңіл қышқылданатын 
элементтер (алюминий, титан және т.б.) жоғары легирленген 
болаттарды пісіргенде инерттік газдарды, негізінен аргонды 
пайдаланғаны орынды. Инертті газдарда пісіреген кезде электрод 
металын тамшылық немесе ағынды ауыстыруға болады. Ағынды 
ауыстыру кезінде доға аса тұрақты болады, бұл болса электрод металын 
пісіру ваннасына ауыстыруды бірталай жақсартады, сонымен бірге 
метал шашырауын болдырмайды. Бұл, әсіресе, жіктерді тік және төбелік 
жағдайында пісіргенде өте маңызды.
Шашыраудың, яғни тоттың пайда болу ошақтарының жоқтығы 
коррозиялық-төзімді және ыстыққа төзмді болаттарды пісіруде маңызды 
болады. Алайда пісіру тогының мәні сындық көрсеткіштен жоғары 
болғанда электрод металын ағынды ауыстыруға болады, мұндайда жұқа 
қабатты металды пісірген жағдайда күйіктеспе болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет