Мақалада түркі тілдеріне ортақ жануарлар атауы қарастырылды. Жануарлар атауының түркі тілдері лексикасы жүйесіндегі орны ерекше



Pdf көрінісі
бет11/13
Дата24.10.2023
өлшемі0,88 Mb.
#188239
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Хабаршы №2, 2022-48-57

 
Қорытынды
Туыс тілдер арасында зоонимдік лексиканы талдау, салыстыру сөздің көнелігін немесе 
туыстас тілдердегі ортақ белгілерін, фонетикалық, морфологиялық құрылымындағы 
өзгерістерін, ерекшеліктерін тануда маңызды болып табылады. Сонымен қатар жануарлар 
атауын салыстырмалы-тарихи тұрғыдан талдау бұл атаулардың алтайлық, жалпытүркілік, 
түркіаралық немесе жеке тілдік сипаттарын айқындауға мүмкіндік береді. Лексикалық 
қордың көне қабаты, барлық түркі тілдеріне ортақ – жануарлар атауы, оларды өз ішінде 
бөліп қарастыратын болсақ, үй жануарлары, жабайы аңдар, бауырымен жорғалаушылар, құс 
атаулары сияқты тақырыптық топтар туыс тілдер бойынша салыстырылып, этимологиялық 


ISSN-p 2306-7365 
ISSN-e 2664-0686
 
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ

№2 (124), 2022
 
56 
негізі толық талданды деп айта алмаймыз. Алайда, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын 
табуда. Зерттеушілер зоонимдердің этимологиясын талдау кезінде барлық тақырыптық 
топтарды толық қамтуы расымен де мүмкін емес. Себебі жануарлар атауы тілімізде өте көп: 
жасына, түсіне, түріне басқа да сипатына қатысты атауларды туыс тілдердің дерегімен 
салыстырып, этимологиялық сипатын талдау көлемді зерттеуді қажет етеді. Осы уақытқа 
дейін жарияланған түркі тілдерінің этимологиялық сөздіктері бойынша, сонымен қатар 
жекелеген түркі тілдерінің біртілді түсіндірме сөздіктері бойынша зоонимдерді жинақтау, 
жүйелеу, туыс тілдер бойынша салыстырмалы-тарихи талдау жүргізу арқылы түркі 
тілдерінің зоонимдер сөздігін түзуге де болады. Сонымен қатар түркі зоонимдерінің тілдік 
сипатын зерделеу, олардың жасалуының ортақ модельін негіздеу туыс тілдердің морфология, 
сөзжасам саласына қатысты жаңа пайымдауларды тілдік деректермен нақтылайды. 
Сондықтан түркі тілдеріндегі зоонимдерді құрылымдық тұрғыдан да, антропоөзектік 
тұрғыдан да терең зерттеу өзекті деген қорытындыға келеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет