Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 8 III тарау. Ортағасырльщ философия



Pdf көрінісі
бет55/305
Дата27.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#188770
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   305
Байланысты:
философия тарихы

5 8
III тарау. Ортағасырльщ философия
тілдіріп отыруға тиіс, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені таньш-білу арқылы 
жетіледі деп түйін жасайды.
Әл-Фарабидің азаматтық, саяси, адам, қоғам жөніндегі ойлары «Фусул ал- 
мадани» («Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері») трактатында қаралады. 
Бұл трактаттың тақырыптары эр түрлі болса да, негізінен, бір мақсатқа - адам 
мен қоғамның арақатынасы, оның жетілуіне арналған. Еңбектің өзіне тэн 
бір ерекшелік сипаты - тәндік жэне рухани құбылыстардың салыстырылып 
отыратындығы.
Фараби «Азаматтық саясатта» қоғамды талдауды қаладан бастаса, «Нақыл 
сөздерде...» ол мүны ең кішкене ұядан, отбасынан немесе үйден бастайды. Арис­
тотель сияқты ол үйді бірнеше бөлікке - ері мен әйелі, қожайыны мен қызмет- 
шісі, ата-анасы мен баласы, мүлкі және иесі деп бөледі. Үйдің өзіне тән мақсаты 
болады, бірақ қаланың бір бөлшегі болғандықтан, ол қала белгілейтін ортақ 
мақсатқа қызмет етуге арналады, сөйтіп, бұл арада адамның өз басының мүдде- 
лерін қоғам мүдделеріне бағындыру туралы пікір айтылады. Бұл жерде Фараби- 
дің қала дегенін мемлекет деп түсіне отырып, оның ойларынан үлкен азаматтық 
гуманизмнің биік көріністерін табамыз. Мұнда тек жеке басының мүдделері ғана 
емес, қоғам мүдцелерін жоғары санауы үлкен бір азаматтықтың, адамгершіліктің 
қасиетті көріністері деп білеміз.
Әл-Фараби адам міндетті түрде адал ниетті болу керек деп есептейді. Өйт- 
кені жақсы істер істеп, мұның төлеуін күтсе, адам бүл істерін жамандыққа 
айналдырады.
Жетік философ теориялық ғьшымдарды да білуге, бұл ғылымдарды басқа ғы- 
лымдарда да қолдана білуге тиіс. Платон мен Аристотель нағыз философқа экім- 
нің міндеттері жүктелуге тиіс деп санады, бірақ Платонның пікірінше, философ 
өзгермейтін ақиқаттарды меңзеп, мемлекетті басқаруды жоғары мақсатқа жетуге 
бөгет жасайтын ауыртпалық деп есептейді, ал эл-Фараби, керісінше, тіршілік іс- 
терден бойын аулақ салмайды, қайта адамдардың ақиқатқа жету жолына түсінуіне 
көмектесуге тырысады. Бүл арада эл-Фараби дін мен философияны салыстырады. 
Оның пікірінше, дін философияға ұқсас: екеуі де жоғары принциптерге, бар 
заттардың бастамаларына түсінік береді. Бірақ философия дэлелдеуді, дін сену- 
ді керек етеді. Заң шығарушы өте жақсы пайымдаудың арқасында адамның мүд- 
делеріне сай келуге тиіс заңдарды дұрыс жүзеге асыра алады.
Имам - ең жоғары дәрежеде теориялық білімі жэне ойшылдық қайырымды- 
лықтары бар адам, мүның өзі оған адамдарға ақылшы, жетекші болып, оларды 
бақытқа жетуге бағыттап отыруға қүқық береді.
Сонымен, «философ», «заң шығарушы», «имам» және «бірінші басшы» 
ұғымдары бір нәрсеге келіп қосылады. Олар бір мақсатқа қызмет етеді, бірақ 
бұл мақсатты эртүрлі әдістемелермен жүзеге асырады. Адамдар бірлестіктерінің 
ерекшелік белгілері болып табьшатын теориялық жэне практикалық қайырым- 
дылықгарга тек философияның көмегімен жетуге болатынын тұжырымдайды 
ұлы ғүлама. Демек, әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, 
элеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін айрықша маңызды.
Әл-Кинди мен эл-Фарабидің ілімдерін одан эрі дамытушы, жалғастырушы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет