53
•
шаруашылық субъектілерінің дербестігі және тәуелсіздігі;
•
экономикалық мүдделілігі;
•
шаруашылық тәуекел етуі және жауапкершілігі;
•
белсенді ізденуі;
•
жаңашылдығы.
Кәсіпкерліктің субъектілері: мемлекет, жеке тұлғалар,
заңды тұлғалар,
серіктестіктер, арендалық ұжымдар, акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары,
әртүрлі бірлестіктер.
Кәсіпкерліктің объектілері: шаруашылық қызметтің кез келген түрлері,
коммерциялық делдалдық, инновациялық,
кеңес беру іс- әрекеттері, құнды қағаздармен
операциялар.
Кәсіпкерліктің негізгі атқаратын қызметтері:
1.
Новаторлық қызметі.
Әрбір кәсіпкер өзінің мақсатына жету үшін кәсіпкерлікті
ұйымдастырудың жаңа формаларын, жаңа технологияларды қолдануға мүдделі болады.
Бұл қызмет өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және сапасы туралы мәселелерді шешеді.
2.
Ұйымдастыру қызметі.
Әрбір кәсіпкер
минималды шығын жұмсау және
максималды пайда табу мақсатымен ең тиімді өндірісті таңдайды. Өндірісті ұйымдастыру
кезінде кәсіпкер жер, еңбек, капитал ресурстарын бір үдеріске біріктіреді.
3.
Басқару қызметі.
Әрбір кәсіпкер шаруашылықты жүргізуде негізгі шешімдерді
қабылдау инициативасын өз жауапкершілігіне алады: кадр мәселесі, өнімді сатып өткізу,
банк жүйесімен байланысты мәселелерді шешеді.
4.
Тәуекелге бару қызметі
. Әрбір кәсіпкер тәуекелге бару үшін істелетін істің
айқындылығын талдап, қорытындысында не болаты- нын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз
уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен
бірге өндіріске кеткен
өзінің серіктестіктерінің немесе акционерлерінің қаржыларын тәуекелге салады.
Достарыңызбен бөлісу: