62
Фруктозо-1,6-дифосфат
фруктозо-1,6-дифосфатаза
көмегімен
дефосфорильденіп, фруктозо-6-фосфатқа айналады.
Түзілген фруктозо-6-фосфат изомеразаның әсерінен глюкозо-6-
фосфатқа
изомерленеді.
Соңғысы,
дефософрильдену
арқылы
глюкозаға айналады немесе глюкозо-1-фосфатқа айналып, гликогеннің
синтезіне жұмсалады. Осылайша глюконеогенез барысында алты
жоғарғы энергетикалық байланыстарда шоғырланған энергия
жұмсалады. Глюконеогенез бен гликолиз жылдамдықтары осы
процестердегі жеке ферменттер активтілігінің
реттелуіне байланысты
жүреді, және бір мезгілде жоғарғы деңгейге жете алмауы
активтіліктерінің реттелуіне байланысты болады.
Аталаған процестердегі қайтымсыз реакцияларды катализдейтін
ферменттердің активтіліктері реттеледі. [19].
АМФ фосфофруктокиназаны стимульдейді, ал фруктозо-1,6-
дифосфатазаны
ингибирлейді.Глюконеогенез
реакцияларының
жалпы көрінісін төмендегідей жазуға болады.
Яғни
фруктозо-6-фосфаттың
фосфорилдену
реакциясы
гликолиз жылдамдығы мен АТФ-тің аз мөлшерінде күшейуін
шектейді. Фруктозо-1,6-дифосфат пируваткиназаны стимульдейді,
ал АТФ керісінше тежейді.
Пируваткарбоксилазаның активтілігі ацетил-КоА-мен
стимульденеді; АМФ-пен баяулайды.
Осылайша клеткада ацетил-
КоА және АТФ жеткілікті болғанда ПЖҚ-дан глюкоза синтезделеді.
АТФ, НАДН
2
-нің жоғары концентрациясы гликолизді ингибирлейді.
Гликолиздің
қайтымсыз
реакцияларын
жылдамдататын
ферменттер: гексокиназа, фосфофруктокиназа пируваткиназа
.
Бұл
ферменттер фосфотрансферазалардың өкілдері болып табылады
және АТФ-тен Н
3
РО
4
-тің қалдығын қайтымсыз тасымалдайды.
Глюконеогенездің айналып өту жолындағы реакциялары
пируваткарбоксилаза, фосфоэнолпируваткарбоксикиназа,
фруктозо-1,6-дифосфатаза
,
глюкозо-6-фосфатаза
ферменттерімен
катализденеді. [19].
Глюконеогенез процесі қанда глюкозаның мөлшері
төмендегенде, көмірсу тектес тағамды пайдаланбағанда, толық
аштық , қант диабеті кезінде орын алады.
Қандағы қышқыл өнімдер - ПЖҚ, сүт қышқылы, глюкогенді
амин қышқылдары глюконеогенез
жолымен негізінен бауырда
глюкозаның синтезіне жұмсалады және гомеостазды сақтап тұруға
қатысады. Глюконеогенез жолымен тәулігіне кем дегенде 80 гр
63
глюкоза түзіледі. Бауырдың әр түрлі патологиялық жағдайларында:
циррозда, майлы инфильтрацияда глюконеогенез бұзылады. Бұл
кезде сүт қышқылы жиналады, ацидоз дамиды, ацидоз ОЖЖ-не
жағымсыз әсер етеді. [7].
Достарыңызбен бөлісу: