Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Глюкозаның аэробты жолмен тотығуы



Pdf көрінісі
бет57/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

2.7. Глюкозаның аэробты жолмен тотығуы 
 
Организмнің тіршілігіне қажетті энергияның негізгі көзі- 
глюкозаның катаболизмі. Глюкозаның аэробты жағдайда көмір 
қышқыл газы мен суға дейін ыдырауының жапы теңдеуін осылайша 
жазуға болады: 
С
6
Н
12
О

+ 6О
2
→ 6 СО
2
+ 6Н
2
О + 2820 кДж/моль. 
Аэробты гликолизді бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады: 
1. Аэробты гликолиздің бірінші кезеңінде глюгозаның тотығуы
нәтижесінде екі молекула пирожүзім қышқылы түзіледі. 
2. Катаболизмнің ортақ жолында, пирожүзім қышқылының 
тотығудан декарбоксилдену реакциясы нәтижесінде, түзілген 
активті сірке қышқылын қоса есептегенде, АСҚ-ның, әрі қарай үш 
карбон қышқылы циклінде тотығуы екінші кезеңді құрайды. 
Пируваттан басқа циклге аминқышқылдары катаболизмінен 
түзілген кетоқышқылдар қатысады.
Үш карбон қышқылының циклі митохондрия матриксінде 
активті сірке қышқылының тотығуы, қатарынан он реакция арқылы 
жүреді. 
Бірінші 
реакцияда 
ацетил – КоА мен 
оксалоацетат 
конденсацияланып цитрат түзеді, Реакцияны цитрат-синтаза 
ферменті катализдейді. Шамасы бұл реакцияда аралық өнім ретінде
ферментпен байланысқан цитрил-КоА түзіліп, кейіннен соңғысы 
өздігінен цитратқа және НS-KoA-ға гидролизденеді. 
Екінші реакцияда цитраттан бір молекула су бөлініп цисаконит 
түзіледі. Үшінші реакцияда цисаконитке бір молекула су қосылып, 
изоцитрат түзіледі. 
Бұл 
қайтымды 
гидратация-дегидратация 
реакцияларын аконитат – гидротаза ферменті катализдейді. 
Төртінші 
реакцияда 
изоцитрат 
изоцитратдегидрогеназа 
ферментінің қатысуымен тотығу - тотықсыздану реакциясына 
түседі, нәтижесінде реакция өнімі: тотықсызданған НАД (НАДН
2

және қымыздық янтарь қышқылы түзіледі. Реакцияны катализдейтін 
изоцитратдегидрогеназа аллостерикалық фермент болып табылады


64 
оған спецификалы активатор ретінде АДФ қажет. Сонымен қатар 
ферменттің активтілігі оптимальды болуы үшін Mg
2+ 
не Mn
2+ 
иондары қажет. Бесінші реакцияда қымыздық янтарь қышқылының
декарбоксильденуінен α-кетоглутар қышқылы түзіледі..
Алтыншы реакцияда , α-кетоглутар қышқылы тотығудан 
декарбоксильдену реакциясы нәтижесінде , НАДН
2
, СО

және 
активті янтарь қышқылын түзеді. Реакцияны α-кетоглутарат 
дегидрогеназды мультиферментті комплекс катализдейді. 
Жетінші реакцияда активті янтарь қышқылы субстраттан 
фосфорлану реакцисына түседі. Реакция нәтижесінде бір молекула 
ГТФ және янтарь қышқылы түзіледі. Келесі реакцияны 
сукцинатдегидрогеназа ферменті катализдейді, ФАДН
2
түзіледі. 
Түзілген фумар қышқылы суды қосып алып, малатқа айналады.
Оныншы реакцияда, малат малатдегидрпогеназа ферментінің 
қатысуымен тотығу – тотықсыздану реакциясы жүреді, нәтижесінде 
НАДН

және қымыздық сірке қышқылы түзіледі. Цикл тұйықталады, 
түзілген қымыздық сірке қышқылы келесі айналымға қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет