24
1 сурет – Пневматикалық себу жүйесінің конструктивтік-технологиялық сұлбасы:
1 – бункер; 2 – сепкіш аппарат; 3 – қоректендіргіш; 4 – желдеткіш;
5 – пневмоматериалөткізгіш; 6 – таратқыш бастиек; 7 – тұқым өткізгіш
Орталық себу жүйесі келесідей жұмыс жасайды: тұқымдар бункерден 1 сепкіш ап-
парат 2 арқылы қойылған нормаға сәйкес мөлшерленіп, эжекторлық қоректендіргіште 3
жетдеткіш 4 арқылы туындаған ауа ағынына енеді. Пневмоматериал өткізгіштің 5 ішінде
ауа ағынының көмегімен тұқымдар таратқыш бастиекке 6 жеткізіледі, таратқыш бастиектің
ішінде тұқымдар бөлініп сіңіргіштерге тұқым өткізгіштер 7 арқылы жеткізіледі.
Аталып өткен жүйедегі сыйымды бункердің, орталық сепкіш апараттың және үлкен
алым енінің арқасында өнімділігі жоғары болып келеді, бірақ соған қарамастан, келесідей
кемшіліктері бар: тұқымдардың сіңіргіштерге таралуының біркелкі еместігінің жоғары
болуы (16-19%) және себу тереңдігі бойынша тұқымдардың біркелкі таралмауы [4, 5].
Бұл кемшіліктер тұқымдардың пневматикалық таратқыштар арқылы таралу
технологиялық үрдісінің жетілдірілмегендігінен туындайды. Тұқымдардың сіңіргіштерге
тарауының біркелкі еместігі дәнді дақылдардың түсіміне кері әсерін тигізеді және
пневматикалық жүйелері бар сепкіштерді және сепкіш кешендерді пайдаланудың
тиімділігін төмендетеді.
Сонымен қатар пневматикалық себу жүйелерді жетілдірудің ғылыми тұрғыдан нашар
зерттелгенін атап өту керек. Осы мәселе бойынша жүргізілген зерттеулердің көп бөлігі
эксперименталды сипатқа ие және кейбір жеке инженерлік шешімдерді сынақтық тексе-
румен шектеледі.
Осыған орай, орталық пневматикалық себу жүйесін толық қарастыра отырып,
пневматикалық сепкіштермен себу үрдісін жетілдіруге бағытталған зерттеулер өзекті бо-
лып табылады, әрі ғылыми және практикалық маңызға ие.
Достарыңызбен бөлісу: