Қазақстан республикасы ауыл



Pdf көрінісі
бет57/164
Дата04.11.2023
өлшемі5,46 Mb.
#189541
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   164
Байланысты:
СЧ 2023 том 1 часть 2

ӘОЖ 619.02.63
СИЫРЛАРДЫҢ ЖАСЫРЫН ЭНДОМЕТРИТІН ТӨЛДЕУДЕН КЕЙІНГІ 
КҮНДЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ БАЛАУ 
Каиргельдина Б.Д., 2 курс магистранты
Джакупов И.Т., проф.ғылыми жетекші
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
Астана қ.
Сүтті мал шаруашылығын қарқынды жүргізу жануарларды ұстаудың қатаң шарт-
тарын белгілейді. Өнеркәсіптік жағдайда барлық санитарлық және зоотехникалық 
нормалардың сақталуына төтеп беру қиын, ал жануарларды тұрақты стресс жағдайында 
ұстау олардың организмінің спецификалық емес төзімділігінің төмендеуіне әкеледі және 
төлдегеннен кейінгі кезеңде гинекологиялық аурулардың дамуына әкеп соғады. Жы-


126
ныс жүйесінің аурулары сиырларда бедеуліктің дамуына, сүт өнімділігінің төмендеуіне 
және репродуктивтік функцияларының бұзылуларына байланысты ауылшаруашылық 
кәсіпорындарына үлкен экономикалық зиян келтіреді. Сонымен қатар, созылмалы эндо-
метрит кезінде жануарларда айқын клиникалық белгілерінің болмауына байланысты олар 
бірнеше рет нәтижесіз ұрықтандырылады. Эндометриядағы инфекциялық агенттердің 
ұзақ мерзімді тұрақтылығытіндердің құрылымындағы өзгерістер эмбрионның қалыпты 
қалыптасуына және плацентаның пайда болуына жол бермейді, бұл эмбрионның өлімін 
тудырады [1, 2].
Симптоматикалық бедеуліктің себебі көбінесе жасырын (созылмалы) эндометрит бо-
лып табылады, ол бедеулік сиырлардың 22.2% - ында тіркеледі [3, 4].
Субклиникалық (жасырын) эндометриттің диагностикасы қабынудың клиникалық 
көріністерінің болмауына байланысты ерекше қиындық тудырады. Бүгінгі таңда 
диагностиканың ең көп таралған әдісі-цитологиялық зерттеу.
Ұзақ уақыт бойы жыныс мүшелерінің жағдайын диагностикалаудың жалпы 
қабылданған әдісі сыртқы (тексеру) және ішкі (вагинальды және ректальды) әдістер бол-
ды [5].
Қазіргі таңда клиникалық зерттеулермен қатар жаңа зертханалық зерттеулерге жа-
тыр шырышын цитологиялық әдіспен зерттеу жатады. Жатырдың цитологиясы тіпті 
субклиникалық жағдайларды диагностикалауға мүмкіндік береді. Полиморфоядролы 
нейтрофилдер(ПМН) жатырда жиналған сұйықтықта кездесетін қабыну жасушаларының 
басым түрі болып табылады және осы жасушалардың салыстырмалы үлесін есептеу 
сиырдың төлдегеннен кейінгі репродуктивті белсенділігін бағалауға мүмкіндік береді .
Цитология жасау үшін үлгілерді цитошетка арқылы немесе арнайы зонд арқылы 
жинауға болады.
Цитологиялық жағындыдағы қабыну процесінің жалпы көрсеткіші полиморфонукле-
арлы нейтрофилдер(ПМН) болуы болып табылады. ПМН-бұл патогендік қоздырғыштар 
болған жағдайда бірінші болып пайда болатын және қорғаныс функцияларын орындай-
тын қабыну агенттері. 
Kasimanickam өз зерттеулерінде эндометрийдағы қабыну процесінің критерийлерін 
анықтайды: 20-33 күндер 18% - дан астам нейтрофилдер және 34-47 күндер 10% - дан 
астам нейтрофилдер [5].
Denis-Robichaud J. зерттеулерінде анықталған цитологиялық эндометриттің оңтайлы 
диагностикалық критерийлері қынаптан іріңді ағу (≥4) және полиморфонуклеарлы 
лейкоциттердің (PMNL) ≥ 6% болды [6].
Гилберт Р. зерттеулеріне сәйкес цитологиялық диагноз қойылған эндометриттің тара-
луы 53% құрады; табын ішінде таралуы 37 %-дан 74 %-ға дейін өзгерді [7].
Осы ғылыми-зерттеу тәжірибесін өту барысында сиырлардың жасырын эндометритін 
төлдеуден кейінгі күндеріне байланысты диагностикалау әдістерін салыстыру арқылы 
тиімді нәтиже беретін әдістерге баға беріп, қолданысқа енгізу мәселелерін қарастырамыз.
Жұмыстың мақсаты: Сиырлардың жасырын эндометритін төлдеуден кейінгі күндеріне 
байланысты балау.
Зерттеу материалдары мен әдістері Ғылыми-зерттеу жұмыстары С.Сейфуллин 
атындағы Қазақ агротехникалық Университетінің Ветеринариялық медицина кафедра-
сында және «Салют» ЖШС-де жүргізілді.
«Салют» ЖШС-не тиесілі 2 жастан 8 жасқа дейінгі 42 бас сиыр, арнайы цито-зонд, 
микроскоп, зат шынылары, Диахим-дифф-Квик биопрепараттарды тез бояуға арналған 
жинақ, жануарларды тіркеу журналы, ІҚМ, жануарларды бекіту орындары, бір реттік 
қолданылатын полиэтилен қолғап, халат, резеңке етік, вазелин қолданылды.
Төлдегеннен кейінгі кезеңде зерттелген сиырлар төлдегеннен кейінгі кезеңдерің еске-
ре отырып топтарға бөлінді: 20-41 күн, 41-60 күн, 60-күннен жоғары. Осылайша, 3 топ 
жануарлар зерттеуге алынды.


127
Жыныс органдарының жағдайын анықтауда гинекологиялық, клиникалық, 
зертханалық, цитологиялық әдістер алынды.
Ректалды пальпация әдісімен жатырдың көлемін, консистенциясын және
топографиясын қарадық. Шырышты жатыр мойнынан, қынап қабырғаларынан жинадық 
[1].
Цитологиялық диагностика үшін жағындылар жасалады. Қынап пен жатыр мойнынан 
материал алумақта таяқшаларының көмегімен қынаптың және жатырмойныныңқынап 
бөлігінің бүйір қабырғаларында айналмалықозғалыстармен жүзеге асырылады. Алынған 
материал майсыздандырылғанзатшынысындабекіледі, 15 минут ішіндеауадакептіріледі, 
96% этил спиртімен 30 минут ішіндебекітіледі. ЖағындылардыбояуДифф-Квикәдісімен 
жүргізілді. Жағындыны микроскоптың 20 көру өрісінде, иммерсиялық май астында 100х 
ұлғайтыпқарайды. Патологияның негізгі белгілері ретінде эпителий жасушаларына, 
сондай-ақ қабыну жасушаларына (полиморфонуклеарлынейтрофилдер, макрофагтар) 
назар аударылады. Жасушалар лейкоциттіке септегіштің көмегімен саналады [5].
«Салют» ЖШС-де сиырларының жасырын эндометритін төлдеуден кейінгі күндеріне 
байланысты анықтау мақсатында 42 сиырға сыртқы, қынаптық, тік ішек арқылы және 
шырышты цитологиялық зерттеу жүргізілді.
Сиырлардың төлдеу журналындағы мәліметтерге сүйене отырып төлдеу мерзімі мен 
төлдеуден кейінгі күндері анықталды. 
Тік ішек арқылы зерттеу барысында және сыртқы зерттеу арқылы 42 сиырдың 5 сиы-
рында (төлдеуден кейін 20-41 күн)эндометриттің клиникалық белгілері анықталды.
Шырыштан жағынды жасап, Дифф-квик бояуларымен бояп, цитологиялық зерттеу 
барысында зерттеуге алынған 42 сиырдан 20 сиыр эндометритке оң нәтиже көрсетті.
Полиморфнуклеарлы нейтрофилдер жатырда жиналған сұйықтықта кездесетін 
қабыну жасушаларының басым түрі болып табылады. Цитологиялық зерттеуге материал 
төлдегеннен кейін 20-41 күн аралығында, 41-60 күн және 60-күннен жоғары алынды. Ми-
кроскоп алаңында анықталған ПМН лейкоциттік формула бойынша есептелді. Нәтижесі: 
төлдеуден кейін 20-41 күндері 8 сиырда ПМН саны нормадан тыс (Kasimanickam 
зерттеулері бойынша) көрсеткіш анықталды, нейтрофилдердің орташа саны – 42,3 
%-ды көрсетті. 41-60 күн аралығында 5 сиыр (орташа ПМН саны 38,5%) және 60-күннен 
жоғары 6 сиырда (орташа ПМН саны 30,4%)созылмалы эндометрит белгілері анықталды. 
Төлдеуден кейінгі күндеріне байланысты орташа ПМН саны төменде көрсетілген (1-ке-
сте).
1 -кесте. Төлдеуден кейінгі күндеріне байланысты ауру сиырлардың ПМН саны
№ р/р
Төлдеуден 
кейінгі күндер
n
Ауру сиырлар саны
ПМН %
n
%
1
20-41 күн
14
8
57.14
42,30%
2
41-60 күн
14
5
35.7
38,50%
3
60-күннен жоғары
14
6
42.8
30,40%
Ішкі вагинальдық зерттеулерге келетін болсақ, жануарлардың қынап пен жатыр мой-
нынан материалды мақта таяқшаларының көмегімен қынаптың бүйір қабырғаларынан 
айналмалы қозғалыстармен алып, эппендорф пробиркаларына жинадық. Жиналған 
материалдың биофизикалық қасиетерін: түсін, консистенциясын, иісін бағаладық. 
Шырыштың биофизикалық қасиеттері төлдеуден кейінгі 20-41 күн аралығында 5 сиыр-
да патологиялық нәтиже көрсетті. 41-күннен 60-күнге дейін 2 сиырда эндометритке тән 
белгілер анықталды.
Барлық зерттеу әдістерінің нәтижелері салыстырылды 2-кестеде көрсетілген. 


128
2 кесте – Сиырлардың жасырын эндометритін төлдеуден кейінгі күндеріне байланы-
сты балау

Төлдеуден 
кейінгі 
күндер
n
Ішкі тік ішек 
арқылы зерттеу
Ішкі 
вагинальдық 
зерттеу
Цитологиялық
әдіс
n
%
n
%
n
%
1
20-41 күн
14
2
14.2
5
35.7
8
57.1
2
41-60 күн
14
2
14.2
2
14.2
5
35.7
3
60-күннен 
жоғары
14
1
7.1
0
0
6
42.8
2-кестеде көрсетілгендей, ішкі тік ішек арқылы зерттеу бойынша төлдеуден кейін 20-
41 күн аралығында 2 сиырда, 41-60 күн аралығында 2 сиырда және 61-күннен жоғары 
1 сиырда созылмалы эндометрит белгілері анықталды. Ішкі вагинальдық зерттеуде 
шырыштың биофизикалық қасиеттеріне баға беру арқылы төлдеуден кейін 20-41 күн 
аралығында 5 сиырда, 41-60 күн аралығында 2 сиырда созылмалы эндометрит белгілері 
болды, төлдеуден кейін 61-күннен жоғары сиырларды бұл әдіс арқылы эндометрит 
анықталмады. Ең тиімді әдіс болып – лабораториялық (цитологиялық) әдіс болып табы-
лады: төлдеуден кейін 20-41 күн аралығында 8 сиырда, 41-60 күн аралығында 5 сиырда 
және 61-күннен жоғары 6 сиырда созылмалы эндометрит белгілері анықталды.
Қорытынды
«Салют» ЖШС-де жасырын эндометритті төлдеуден кейінгі күндеріне байланысты 
балау мақсатында 42 сиырға ішкі тік ішек арқылы, ішкі вагинальдық және зертханалық 
әдістердің ішінде – цитологиялық әдістің көмегімен зерттеу жұмыстары жүргізілді. 
Нәтижесі: ішкі тік ішек арқылы зерттеу төлдегеннен кейін 20-41 күн аралығында 14,2% 
анықталды, 41-60 күн аралығында 14,2%, 60 күннен жоғары 7,1%. Ішкі вагинальдық зерт-
теу бойынша: 20-41 күн аралығында – 35,7%, 41-60 күн аралығында – 14,2%, 60-күннен 
жоғары анықталмады. Цитологиялық зерттеу әдісі бойынша 20-41 күн аралығында 
57,1%, 41-60 күн аралығында – 35,7%, 60-күннен жоғары – 42,8%-да созылмалы эндоме-
трит анықталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет