116
3 Б.М. Махатов., А. Мелдебеков., В.И. Абрикосова., М.К. Байбатшанов. Перепеле-
водство [Текст]: -Алматы: «Нур-принт». 2010. - 232 с.
4 www.stat.gov.kz
ӘОЖ 619:616.61-072:636
2022 ЖЫЛ БОЙЫНША ҚҰС ТҰМАУЫНЫҢ ЭПИЗООТИЯЛЫҚ
ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Жұмахмет Н.М., 2-курс магистранты
Жетекші в.ғ.д., профессор Абрахманов С.Қ.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
Астана қ.
Құс тұмауы - ас қорыту, тыныс алу және ішек жолдарының зақымдалуымен сипатта-
латын құстардың өте жұқпалы вирустық ауруы. Құс тұмауы вирусының жоғары патогенді
штамдары (ЖПҚТ) ағзаның жүйелі ауруын тудырады, құстардың өлімі 100%-ға жетуі
мүмкін [1].
Індет
құстың өлімі мен жойылуына, ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды
өткізуге жұмсалатын шығындарға байланысты үлкен экономикалық залал келтіреді,
сондай-ақ адамға да қауіп төндіреді [2].
Құс тұмауы Alphainfluenzavirus (А тұмауы вирусы) тұқымдасына жататын
Orthomyxoviridae туыстығының вирустарынан туындайды. А
тұмауының вирустары-
құстарға табиғи түрде әсер ететін жалғыз ортомиксовирустар. Суда жүзетін құстар бұл
вирустардың негізгі резервуары болып табылады және изоляттардың басым көпшілігі
тауықтар мен күркетауықтар үшін патогенділігі төмен (вируленттілігі төмен) болып та-
былады [3].
Құс тұмауының қоздырғышы төменгі температураға жақсы төзеді, суда және
құстардың қоқысында ұзақ өміршеңдігін сақтайды, ал құс ұшаларында вирус 1 жылға
дейін сақталады.
60°C температурада вирус жарты сағаттан кейін өледі, 56° C температурада 3 сағат
бойы инактивацияланады және тек қайнаған кезде бірден өледі. Дезинфекциялаушы
заттар бұл вирусты тез инактивациялайды, мысалы, формалинмен және құрамында йод
бар препараттармен, түрлі тотықтырғыштармен, натрий додецилсульфатымен, липидті
еріткіштермен, β-пропиолактонмен, сонымен қатар рН қышқыл ортасында инактиваци-
яланады [4].
Табиғи жағдайда суда жүзетін құстар - А тұмауы вирусының көптеген подтипі үшін
негізгі резервуар болып табылады. Вирустың таралуына ауру құстардың секрециялары,
әсіресе
нәжісі арқылы жем, су, топырактың ластануы мүмкін.
Бірқатар критерийлерге сәйкес, атап айтқанда, инфекция кезінде құстардың өлу
көрсеткіші және вирустың гемагглютининінің таралу
алаңының құрылымы бойынша
құс тұмауы төмен патогенді және жоғары патогенді болып бөлінеді. Жоғары патогенді
құс тұмауының (ЖПҚТ) вирустарына H5 және H7 подтипті изоляттары жатса, төмен
патогенді құс тұмауының (ТПҚТ) вирустарына – H5 және H7 тән критерийлерге сәйкес
келмейтін барлық басқа подтипті вирустар жатады (ХЭБ).
Сонымен қатар, құс тұмауының қаупі құстардан адамға жұғу арқылы, атап айтқанда,
H5N1 подтипті түрінің жылдам мутацияға ұшырау қабілеттілігіне байланысты өте
жұқпалы штаммдарының пайда болуына әкелуі мүмкін. Бірқатар елдерде адамда ауру
тудыратын құс тұмауы вирусының штамдары тіркелген [5].
Халықаралық Эпизоотиялық Бюро құс тұмауын аса қауіпті трансшекаралық антропо-
зоонозды (адамдар мен жануарлар үшін қауіпті) аурулар тізіміне жатқызады. Вирустың
5 (бесінші) және 7 (жетінші) подтипті түрлері кең аумақты
қамтитын өткір ағымды
эпизоотиялық ошақтар 75-тен 100% - на дейін құстардың өліміне әкелетін залал келтіреді
[6].
117
2022 жылы ошақтардың ең көп саны Германия (734), АҚШ (552), Ұлыбритания
(536), Нидерланды (407), Франция (403), Бельгия (188), Жапония (159), Испания (146),
Дания (132), Канада (106) елдерінде тіркелді.
Жыл ішінде бұл елдерде жоғары патогенді құс тұмауы вирусының 5 подтипті түрі
анықталды. Талдау кезінде ХЭБ ұсынған деректерге сәйкес H5N1 подтипті штамының
өршуіне байланысты 4076 ошақ жабайы құстар арасында тіркелсе, H5N5 подтипі бойын-
ша 778 ошақ, қалған штамдар спорадикалық түрде, H5N5 – 18 штамы, сәйкесінше 3 және
4 ошақтарда H5N2 және H5N8 штамдары анықталды.
2022 жылы еліміздің аумағынан жабайы құстар арасында жоғары патогенді құс
тұмауының 2 ошағы тіркелді.
Бірінші ошақ Атырау облысының Қашаған кен орнындағы DS04, DS01 аралындағы
шағалалар арасында тіркелді, оларда H5N1 подтипті жоғары патогенді құс тұмауы
анықталды. Нәтижелері құс тұмауы бойынша ХЭБ халықаралық
референттік зертха-
насында расталды (OIE and FAO Reference Laboratory for Avian Influenza and Newcastle
Disease APHA, Weybridge).
Екінші ошақ Ақтау қаласының Каспий теңізінің жағалауында өлген аққулардан
тіркелді, Н5 типті жоғары патогенді құс тұмауы анықталды.
Әлемдегі және еліміздегі жоғары патогенді құс тұмауының кеңінен таралуына бай-
ланысты, эпизоотиялық және эпидемиологиялық жағдайдың ушығуы ветеринарлық ма-
мандарды біршама алаңдаттырады.
Үй құстары арасында жоғары патогенді құс тұмауының (ЖПҚТ) өршуі әлемнің 45
елінде тіркелді. Жоғары патогенді құс тұмауының ең көп тіркелген ошақтары Франци-
яда – 1589 ошақ, АҚШ – 393 ошақ, Венгрия – 274 ошақ, Канада – 228 ошақ, Филип-
пин – 200 ошақ, Ұлыбритания – 177 ошақ, Нигерия – 163 ошақ. Атап айтқанда, ең көп
тіркелген жоғары патогенді құс тұмауынының H5N1 подтипті штамының 3691 ошағы
анықталды, H5N2 подтипті штамының - 33 ошағы, H7N3 подтипті штамының - 30 ошағы,
H5N8 подтипті штаммының - 8 ошағы, H5N4 подтипті штамының - 1 ошағы анықталды.
Жоғарыдағы талдауларға нәтижесінде, жоғары патогенді құс тұмауының штаммының бір
түрі 97% жағдайда эпидемия көзі болды.
Қазақстанда өткен жылдардағы осы ауру бойынша эпизоотиялық жағдайды, сондай-
ақ биылғы әлемдік жағдайды ескере отырып, эпизоотияның пайда болу ықтималдығы
жоғары. Таралудағы негізгі қауіп жабайы қоныс аударатын құстарға, әсіресе үйрекке,
қазға, аққуға беріледі.
Сонымен, көктемде вирус тасымалдаушылар арқылы жасырын инфекция пай-
да болады, шілде – қыркүйек айларында вирустың
жабайы құстар арқылы таралуы,
вируленттіліктің жоғарылауы және инфекцияның дамуы жүреді.
2022 жылы Қазақстан Республикасында үй құстары арасында жоғары патогенді құс
тұмауы тіркелген жоқ.
Мониторингтік зерттеулер нәтижелері. А) 2020-2021 жылдары Қазақстанда жоғары
патогенді құс тұмауы тіркелген аймақтарда, сондай-ақ олардан 50 км радиуста үй құстары
арасындағы эпизоотиялық жағдайды анықтау үшін 2022 жылы ПТР-да кездейсоқ іріктеу
әдісін қолдана отырып, үй құстарынан сынамалар алынды.
Сынамаларды іріктеу құстардың мынадай санатынан жүргізілді: вакцинацияланбаған,
вакцинацияланған/ревакцинацияланған жағдайда сынамаларды іріктеуден кемінде 30
күннен алынды. Зерттеуге жұтқыншақ және клоакадан шайынды сынамалары алынды.
1 кесте - Алынған сынамалар бойынша жалпы деректер
№
Облыс атауы
Аудандар
саны
Ауылдық
округ
сандары
Көктем уакы-
тында алынған
сынама саны
Күз
уакытында
алынған
сынама саны
1
Ақмола
11
80
240
240
2
Алматы
1
10
50
50
3
Жамбыл
1
14
70
70
4
Шығыс Қазақстан
1
9
40
40
118
Үй құстары арасында полимеразды-тізбекті реакция әдісімен мониторингтік зерттеу-
лер жүргізу кезінде оң нәтиже көрсеткен үлгілер анықталған жоқ.
Б) Сондай-ақ, 2022 жылы құс тұмауына қарсы вакцинациядан кейінгі иммунитетті
анықтау үшін гемагглютинацияны тежеу реакциясы (ГТР) әдісімен зертханалық зерттеу-
лер жасалынды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Биологиялық
қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" ШЖҚ РМК 2022 жылы H5N1
штамынан өндірген вакцинаны пайдалана отырып, құс тұмауына қарсы вакцинация
жүргізілгендіктен, гемагглютинацияны тежеу реакциясы (ГТР) жүргізу үшін гемагглю-
тинин Н5 антигені бар жиынтық қолданылды.
Нәтижелері төменгі кестеде:
2 кесте –Поствакцинальды иммунитеттің
зерттеу нәтижелері
№
Облыс атауы
Аудан атауы
ГТР әдісі арқылы
зерттелген қан
сынамаларының
саны
Иммунды
сынамалардың
саны
Иммунды
фонның%
1
Акмолинская
Бұланды
230
190
82,6%
Егіндікөл
138
113
81,8%
Жарқайын
322
264
81,9%
Зеренді
552
457
82,7%
Целиноргад
414
341
82,3%
Шортанды
322
268
83,2%
Сандықтау
322
274
84,40%
Есіл
460
378
82,10%
Атбасар
322
270
83,6%
Астрахан
230
190
82,6%
Аккөл
368
305
82,4%
Барлығы:
3680
3050
83 %
2
Қарағанды
Нұра
460
381
82,7%
Барлығы:
460
381
82,7%
3
Солтүстік
Қазақстан
облысы
Ақжар
552
459
82,5%
Жамбыл
598
494
81,8%
Мағжан Жұмабаев
828
691
82,70%
Қызылжар
874
529
81,57%
Аққайын
552
455
81,80%
Айыртау
644
530
81,71%
Есіл
736
603
81,68%
Мамлют
598
456
82%
Ғабит Мүсрепов
782
644
81,94%
Шал ақын
506
418
82%
Тайыншы
874
715
81,35%
Тимирязев
690
573
82,40%
Уалиханов
506
417
81,81%
Барлығы:
8740
6984
82%
5
Қарағанды
1
10
50
50
6
Қостанай
7
55
165
165
7
Павлодар
5
20
60
60
8
Солтүстік Қазақстан
13
190
570
570
Барлығы:
40
388
1245
1245