Қазақстан республикасы ауыл


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет52/164
Дата04.11.2023
өлшемі5,46 Mb.
#189541
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   164
Байланысты:
СЧ 2023 том 1 часть 2

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Taylor M.A. Emerging parasitic diseases of sheep [Text]/ Vet. Parasitol. -2012. - №2.-
Р.189.
2 Karlsson L. J. & Greeff J. C. Genetic aspects of sheep parasitic diseases [Text]/ Vet. 
Parasitol. -2012. –V.189. -Р. 104-112.
3 Dunn AM. Veterinary Helminthology. 2nd edition. London: William Heinemenn [Text]: 
Medical Books. 1978. – 323 р.
4 Papadopoulos E, Gallidis E, Ptochos S. Anthelmintic resistance in sheep in Europe: A 
selected review [Text]/ Vet. Parasitol. -2012. -189(1). -Р.85-88.
5 Jacobson C., Diarrhoea associated with gastrointestinal parasites in grazing sheep. [Text]/ 
Larsen J. W., Besier R. B., Lloyd J. B. & Kahn L.P. Vet. Parasitol. -2020. -Р.282. 109139.
6 Abebe W, Esayas G Survey on ovine and caprine gastro-intestinal helminthosis in eastern 
part of Ethiopia during the dry season of the year [Text]/ Revue Vet. Med., -2001.- 152(5). 
-Р.379-384.
ӘОЖ 636.086.783.58
ЕЛІМІЗДЕ БӨДЕНЕ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ
Т.Е. Жұмаш., 1 курс магистранты 
Д.К. Жанабаева PhD., аға оқытушы
Е.Г. Майер., т.ғ.м, ғылыми қызметкер
 С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
Астана қ.
Құс шаруашылығы – мал шаруашылығының қарқынды дамып келе жатқан саласының 
бірі. Бұл агроөнеркәсіп кешенінің ғылымды көп қажет ететін және серпінді саласы. Ауыл 
шаруашылығы құстары тез көбею қарқынымен, қарқынды өсумен, жоғары өнімділігімен 
және өміршеңдігімен ерекшеленеді. Құс өсіру және ұстау мал шаруашылығының басқа 
салаларына қарағанда өнім бірлігіне аз еңбек пен материалдық ресурстарды қажет етеді 
[1].
Құс шаруашылығының салыстырмалы түрде жаңа саласы – бөдене шаруашылығы, 
оның өнімдерінің айрықшалығына байланысты, ел тұрғындарын құс шаруашылығының 
жоғары құнарлы диеталық өнімдерімен барынша қамтамасыз етуге арналған.
Бөдене өсіру Азияның бірқатар елдерінде, атап айтқанда Қытай, Корея, Гонконг, 
Үндістан, Индонезия, Жапония, Малайзия, Филиппин, Сингапур және Тайвань елдерінде 
бөдене өсіріледі. Францияда, Италияда, Испанияда, Грецияда және Венгрияда бөдене 
еті мен жұмыртқасының едәуір мөлшері қазірдің өзінде тұтынылады, ал Америкада 
коммерциялық өсірілген бөдене шектеулі мекемелерде, әсіресе АҚШ, Канада, Бразилия 
және Чилиде сатылады [2].


115
Соңғы жылдары халық арасында салауатты өмір салтын ұстану үрдісі байқалуда, 
оның бір бөлігі өмірлік маңызды дәрумендер мен минералдарға бай экологиялық таза 
өнімдерді пайдалануды көздейтін теңдестірілген тамақтану болып табылады. Бөдене 
еті мен жұмыртқасы ағзаға пайдалы дәрумендердің, аминқышқылдарының және 
микроэлементтерінің мөлшері бойынша құс өнімдері арасында көшбасшы болып табы-
лады. Көмірсулардың, майлардың, минералдардың және ақуыздардың бірегей қатынасы 
бұл құстың еті мен жұмыртқасын адамның тамақтануы үшін өте қолайлы етеді Олардың 
құрамында:- 90% жұмыртқа қабығы организмге оңай сіңетін кальций карбонатынан 
тұрады және ұсақталған күйінде тамаша тағамдық қоспа болып табылады, өйткені оның 
құрамында кальцийден басқа фтор, фосфор, мырыш, кремний және т.б. сияқты тағы 27 
элемент бар[3].
Бүгінгі күні көптеген елдерде бөдене өсіру сияқты құс шаруашылығы саласында оң 
өсу үрдісі байқалды. Бөденелердің басқа ауылшаруашылық құстарымен салыстырғанда 
экономикалық және өнімділік артықшылықтарының жиынтығы бар - жоғары дене қызуы, 
организмде қарқынды зат алмасуы, кішкентай мөлшері, ерте қоздырғыштығы, жоғары 
жұмыртқа өнімділігі. Германияда, Югославияда, Францияда, Англияда, Италияда, Кана-
дада бөдене өнімдерінің жоғары бағаланғаны соншалық, оларда өнімдерін өндіру үшін 
арнайы шаруашылықтар ұйымдастырылған.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының» мәліметі бойынша 2017-
2021 жж бөдене өсірумен айналысатын түрлі шаруашылықтар саны 73-тен 89-ға, олар-
да ұсталатын құс саны 48306-дан 114118 басқа дейін өсті. Осы кезеңде шаруашылықта 
сойылған немесе союға (тірі салмақта) сатылған бөденелердің саны 2,1 тоннадан 107,9 
тоннаға дейін өсті[4].
Жұмыртқалардың ең көп саны жеке, шаруа және фермер қожалықтарында, ең азы 
жеке қосалқы шаруашылықтарда алынды. 2020-2021 жылдар кезеңінде құс санының аза-
юына қарамастан, өндірілген жұмыртқа саны 4 577,9 мың данаға (6 786,6 мың данадан 11 
364,5 мың данаға) өсті. Жеке қосалқы шаруашылықтарда айтарлықтай өсім байқалады, 
өндіріс 4,03%-ға немесе 1,04 есеге өсті.Бөдене шаруашылықтарының санының 18.2% 
артуы бөденелерге арналған жоғары сапалы арнайы азыққа сұраныстың артуына әкелді. 
Өз кезегінде шаруа қожалықтарының көбеюі өнімге сұраныстың артқанын көрсетеді. 
Бөденелерге берілетін азықтың сапасы экономикалық тиімділікке ғана емес, бірінші 
кезекте соңғы өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне де тікелей әсер етеді. Мониторинг 
жұмыстары диссертациялық тақырыптың міндеті болып табылады. Зерттеу тақырыбы 
AP13068280.
Қазақстан Республикасындағы бөдене өндірісінің өсуі азықтың қымбаттығы мен 
оның сапасының төмен болуына және азықтық ақуыздың жетіспеушілігіне байланы-
сты айтарлықтай шектеліп отыр. Осыған байланысты ақуызға бай және азық құнын 
төмендетуге қабілетті жаңа жемшөп ресурстарын табудың үлкен маңызы бар, бұл 
болашақта шығарылатын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне әсер етеді.
Аталған зерттеулерді жүргізу мүмкіндігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрлігі 217 «Ғылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы: Агроөнеркәсіптік кешенді 
және қауіпсіздікті тұрақты дамытуды AP13068280 қаржыландыру есебінен жүзеге асыры-
луда. Бұл зерттеу аталған бағдарламаның ғылыми-зерттеу жұмысының фрагменттерінің 
бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне, универ-
ситет басшылығына және оның құрылымдық бөлімшелеріне алғысымызды білдіреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет