Қазақстан республикасы ауыл



Pdf көрінісі
бет70/164
Дата04.11.2023
өлшемі5,46 Mb.
#189541
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   164
Байланысты:
СЧ 2023 том 1 часть 2

Список литературы
1 Ellison G.W., Case J.B., Regier P.J. Intestinal surgery in small animals: historical 
foundations, current thinking, and future horizons [Text]/ Vet Surg. -2019. -V48(7). –Р.1171-
1180. 
2 Regier P.J. Current Concepts in Small Animal Gastrointestinal Surgery [Text]/ Vet Clin 
North Am Small AnimPract. - 2022. -V 52(2). -Р.437-454. doi: 10.1016/j.cvsm.
3 Марченко В.Т.Медицинский клей «Сульфакрилат» антибактериальная клеевая ком-
позиция [Teкст]/ Руководство для применения в хирургических отраслях. - 2005. - 80 с.
4 Клей медицинский. [Teкст]/ А.Г. Толстиков А.Г. [и др.]. //ПатентRU2156140C1.-1999.
бюл
5 Gerogiannis I., Papalois A., Psalla D., Kambaroudis A. Beneficiary Effect of Fibrin Glue 
on Healing of Ileoileal Anastomoses in Rats [Text]/ In Vivo. -2022. - №36(1). - Р.221-226. 
6 Mehdizadeh M. and Yang J. Design Strategies and Applications of Tissue Bioadhesives
[Text]/ Macromol. Biosci.-2013. -№13. –Р.271-288. https://doi.org/10.1002/mabi.201200332
ӘОЖ 636.2.034 
ЖОҒАРЫ ӨНІМДІ СИЫРЛАРДАҒЫ ЗАТ АЛМАСУ БҰЗЫЛУЛАРДЫҢ 
БИОХИМИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Рахимжанова Д.Т., в.ғ. к., доцент
Сапарбек Назерке, 1 курс магистранты
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
 Астана қ.
Қазіргі уақытта өнімділігі жоғары сауын сиырларда 30-50%-ға жуығы төлдеу кезінде 
зат алмасу немесе қабыну аурулары бар екені анықталды [1]. Сонымен қатар зат алмасу 
бұзылулар субклиникалық немесе жасырын сипатқа ие, ал субклиникалық түрінде өтетін 
аурулар бойынша мәліметтер аз, себебі олардың анықтауы қиын болып есептелінеді 
[2]. Жасырын түрде ауратын малда ұлтабар қарынның ығысуы, мастит, эндометрит, 
клиникалықкетозсияқтыаурулардың даму қаупіжоғары [3].
Жұмыстың мақсаты заталмасу бұзылыстарын болжау кезінде әрбір көрсеткіш үшін 
оңтайлы мәндерді анықтау үшін лактацияның әртүрлі кезеңдеріндегі сиырлардың 
биохимиялық жағдайын анықтау.
Материалдар мен зерттеу әдістері.Зерттеулер Шымкент облысындағы тауарлы-сүт 
фермасында жүргізілді. Зерттеу объектісі 4 жастан 5 жасқа дейінгі, орташа сүт өнімділігі 
5500-6000 кг/г голштейн және ақ-қара тұқымды 40 клиникалық сау сауын сиырлары 
болды. Сиыр қанының биохимиялық жағдайын анықтау үшін 17 көрсеткіш таңдалды 
(ЖШС«Diagnostic Group» Зерттеу диагностикалық орталығы). Ақуыз фракцияларын 
зерттеулері ветеринария кафедрасының (С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ) зертханасында 
жүргізілді.


158
Лактациядағы сиырлардың ішкі мүшелерінің жұмысын және зат алмасу процестерін 
бағалау үшін лактацияның 3 фазасы таңдалды: 1 фаза (лактацияның басталуы), 
төлдегеннен кейін 3-4 аптадан кейін; 2 фаза (ең жоғары лактация) төлдегеннен кейін 4-6 
ай, 3 фаза (лактацияның аяқталуы), төлдегеннен кейін 8-9 ай және құрғақ кезең.
Әртүрлі топтардағы сиырлардың қан көрсеткіштері арасындағы статистикалық талдау 
Стьюденттің t-тесті және математикалық талдаудың параметрлік емес әдістерін қолдану 
арқылы жүргізілді. Бақылау ретінде суалту кезеңдегі клиникалық сау сиырлардың 
деректері пайдаланылды. Осы топтағы сиырлар аналогтар принципі бойынша алдын ала 
клиникалық тексеруден және қан мен сүт сынамаларынан кейін субклиникалық маститке 
(СКМ) және субклиникалық кетозға (СКК) экспресс-тесттермен тексерілді. Лактация фа-
залары бойынша сиырлардың қанының орташа арифметикалық мәндері суалту кезеңдегі 
сиырлар тобындағы орташа мәндермен және «Diagnostic Group» (Neo Medica) зертхана-
сы бойынша нормаланған мәндермен салыстырылды.
Зерттеу нәтижелері. Тәжірибеде зерттелген 18 биохимиялық қан көрсеткіштерінің
соның ішінде ақуыз фракцияларының пайыздық көрсеткішінің 8 көрсеткіші бойынша 
қалыпты мәндерден ауытқулар болды. Суалту кезеңде сиырларда қалыпты гипоглике-
мия, билирубинемия, хлоридтер мен темірдің төмен мөлшері байқалды. Лактацияның 1-3 
фазасындағы сиырлардың топтарына келетін болсақ, мұнда глюкоза мен билирубиннің 
құрамында ғана емес, трансаминазалардың белсенділігінде де айтарлықтай өзгерістер 
байқалды. Лактацияның шыңында аланинаминотрансферазаның (АЛТ) айтарлықтай 
жоғары белсенділігі (28,4±0,96-ға қарсы 45,9±1,1) және лактацияның бастапқы 
фазасындағы аспартатаминотрансферазаның (АСТ) жоғары деңгейі анықталды (114,1±0,6 
қалыпты көрсеткішке 74,8±0,9 қарсы).
Лактацияның 2-ші фазасындағы холестериннің айтарлықтай жоғары деңгейі 
(131,0±0,21-ке қарсы 203,7±0,6) және сиырлардың барлық тәжірибелік топтарында 
триглицеридтердің жоғарылауы бауырдың зақымдалуымен байланысты болуы мүмкін, 
өйткені 2 аптадан кейін 1 және 2 топтардан 2 сиыр клиникалық кетозға байланысты жой-
ылды. Хлоридтердің концентрациясы туралы деректер бұл нәтижелерді жанама түрде 
растайды, өйткені барлық сиырларда бұл көрсеткіш қалыпты мәндерден төмен болды 
(1-кесте).
1 кесте - Әртүрлі лактация кезеңіндегі сиырлар қанының биохимиялық 
көрсеткіштерінің нәтижелері
Көрсеткіштері,
өлшем бірлігі
Қалыпты 
көрсеткіштері
Суалту 
кезеңі
Лактация кезендері
1
2
3
n=7
n=10
n=15
n=8
Жалпы белок, г/л
6,2-8,2
7,36±0,6
7,9±0,4
8,55±0,9
7,74±0,8
Альбумин, г/л
2,8-3,9
3,0±0,12
3,2±0,45
3,3±0,42
3,0±0,52
Глюкоза,ммоль/л
2,3-4,1
1,9±1,05
1,84±0,7*
1,7±0,8*
2,1±0,2
Биллирубин жалпы, 
мкмоль/л
0,7-14
14,8 ±1,02
18,5±0,9*
20,8±1,1* 15,2±0,9
Мочевина, ммоль/л
2,8-8,8
5,54±0,2
3,18±0,5
4,57±0,15 5,42±0,02
Хлоридтер, ммоль/л
96-109
95,01±0,11
87,9±0,2
88,1±0,5
90,1±0,3
Сілтіфофатаза, ммоль/л
18-153
43,2±0,2
51,0±0,12
88,5±0,09 65,2±0,8
АЛТ, ммоль/л
6,9-35
28,4±0,96
31,1±0,45
45,9±1,1* 29,1±0,98
АСТ, ммоль/л
45-110
74,8±0,9
114,1±0,6* 96,60±0,7 93,2±1,23
Билирубин, мкмоль/л
0-5
2,5±0,12
3,8±0,5
2,6±0,6
3,1±0,17
Холестерин, моль/л
64-200
131,0±0,21
149,1±0,4
203,7±0,6 199,0±0,4
Креатинин, мкмоль/л
56-162
145,4±0,5
159,2±0,8
132,1±1,1 155,2±0,9


159
Темір, мкмоль/л
27-40
15,9±0,7
60±0,09
41,2±0,07 48,4±0,4
Кальций, ммоль/л
8,4-11,2
11,16±0,11
9,75±0,22
10,6±0,48 11,40±0,6
Фосфор, ммоль/л
4,33-7,74
5,71±0,13
3,92±0,37
6,77±0,32 5,69±0,4
Триглицеридтер,моль/л
0,2-0,6
1,32±0,2
3,68±0,1*
6,35±0,1* 1,85±0,8*
Магний, ммоль/л
0,7-1,2
2,0±0,8
2,51±0,5*
3,11±0,2* 3,0±0,1*
Белок фракциялары:
Альбуминдер, %
30…50
40,7±1,7
40,6±2,4
41,9±1,8
32,4±0,8
α-глобулиндер, %
12…20
12,4±1,2
13,7±1,1
12,5±1,7
17,8±0,8
β-глобулиндер, %
25…40
31,7±1,5
29,8±2,1
29,8±0,3
31,9±1,1
γ-глобулиндер, %
10…16
15,2±1,0
15,9±1,4
15,8±0,2
17,9±0,8
Ескерту* - P<0,05
Қандағы глюкозаның оңтайлы деңгейі, бауырдағы гликогеннің синтезі мен ыдыра-
уынан және көмірсутекті емес көздерден көмірсулар қорын толтыру, яғни глюконео-
генез реакциялары есебінен сақталатыны белгілі. Глюконеогенездің күшеюі бүйрек 
үсті бездерінің кортикальды қабатының жасушалары арқылы глюкокортикоидтар 
инкрециясының жоғарылауы жағдайында ғана мүмкін болады, себебі глюкокортикоид-
тар - глюконеогенездің негізгі ферменттері болып есептелінеді [4].
Біздің зерттеулерімізде шаруашылықтың барлық сиырларында гипермагние-
мия байқалады - бұл механизмнің зақымдалуымен тікелей байланысты және қандағы 
глюкозаның деңгейіне әсер ететінбүйрек үсті безінің жеткіліксіздігінің симптомы.
Ақуыз фракциялары туралы мәліметтерге келетін болсақ, сиырлар тобында 
лактацияның соңғы кезеңінде γ-глобулиндер деңгейінің жоғарылауы анықталды, бұл 
қабыну процесінің болуын көрсетеді (17,9%,қалыпты 16%көрсеткішке қарсы).
Осылайша, өнімді сиырлардың лактацияның белсенді фазасындағы зат алма-
су бұзылыстарды болжау үшін,қанындағы биохимиялық көрсеткіштерді бағалау 
нәтижелерін глюкозаның, ақуыздың және бауыр ферменттерінің концентрациясы-
мен қатар триглицеридтердің, холестериннің, магнийдің және хлоридтердің мөлшерін 
қолдануға болатынын көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет