160
ӘОЖ 619:636.1 (045)
ЖЫЛҚЫ САҚАУЫН ЕМДЕУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Сейсенбаев Н.Ж., 2 курс магистранты
Мұханбеткалиев Е.Е., в.ғ.к.,қауымдастырылған профессор
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
Астана қ.
Аннотация
Қазіргі кезде жылқы шаруашылығы Қазақстанның мал шаруашылығының ішіндегі кең
дамып келе жатқан саласы болып табылады. Қазіргі заманда жылқы шаруашылығының
дамуын бірқатар жұқпалы аурулар тежейді, олардың арасында жылқы сақауы ең көп
экономикалық зиян келтіреді.
Жылқы сақауы бұрыннан белгілі және ол туралы көптеген ғылыми ақпарат
жинақталған болсада, осы аурудың көрінісі мен күресінің ерекшеліктері туралы көптеген
сұрақтарды зерттеу қазіргі уақытта өзекті мәселе болып есептеледі.
Осыған байланысты жылқыларды табындық жағдайда
ұстау жылқы сақауын ал-
дын алуда экологиялық зиянсыз, экономикалық негізделген және тиімді құралдары мен
әдістерін іздеу ветеринария ғылымы мен практикасының өзекті мәселесі болып қала
береді.
Кілт сөздер: Жылқы сақауы, Streptococcus equi.
Кіріспе
Мал басын қалпына келтіру,табын жылқы шаруашылығының
өнімділігін арттыру
және жоғары сапалы өнім алу басқа факторлармен қатар инфекциялықауруларды алдын
алу шараларын қоса алғанда, ветеринариялық шараларды жүргізудің тиімділігіне де бай-
ланысты. Олардың ішінде ең көп таралғаны жылқы сақауы, әсіресе жас жылқылар ара-
сындатуындайды. Қоздырушысы- Streptococcus equi.
Бұл ауру жылқылардың жоғарғы тыныс жолдарының жіті ауруы ретінде ежелден
белгілі[1].Жылқы сақауы бүкіл әлемде кең таралған және жылқы шаруашылығына
айтарлықтай экономикалық зиян келтіреді.Сонымен,жылқы сақауы Ресейде, сондай-ақ
Қазақстанда, Қырғызстанда, Моңғолияда және басқа елдерде жиі кездеседі [2,3,4,5,6].
Жылқы сақауына қарсы күресте ең тиімді және аз шығынды шара вакцино-профи-
лактика болып табылады. Қазіргі таңда вакциналардың әртүрлі түрлері(белсенді емес,
әлсіреген, тірі) сыналады, жасалады және қолданылады. Бұрын (1943-1966) сақау стреп-
тококктарынан тірі, әлсіретілген және өлтірілген штамдарынан вакциналар практикада
қолданылмады [7,8,9].
Дегенмен, әлемнің түрлі елдерінің ғалымдары жылқы сақауына қарсы вакциналарды
әзірлеуді жалғастыруда. Соның бірі Нидерландыда Streptococcus equi TW 928 (№ CBS
813.95, Centraalbureau voor Schimmelcultures, P.O. box 273, 3740 AG Baam, The Netherlands)
штамынан жылқы сақауына қарсы тірі вакцина жасалды[10].
Қазіргі уақытта АҚШ-та екі реттік қолданылатын
тірі және модификацияланған
интраназальді Pinnacle In вакцинасы әзірленіп, қолданылуда. Алайда, бұл вакцинаның
кейбір елдерде тіркелуі жоқ және бірнеше апта аралықпен екі және үш рет енгізуді
қарастырады, бұл тәжірибе үшін ыңғайсыз [11].
Қазақстанда Streptococcus equi ЮС-15 штамынан инактивацияланған вакцина, Каз-
НИВИ вакцинасы және құрамында антибиотиктер бар «Ақынтай» вакцинасы әзірленді
[13,14].
Материалдар мен әдістер.Зерттеу жұмыстары Жамбыл облысы Байзақ ауданы
«Бектөбе» шаруа қожалығында жүргізілді. «Бектөбе»ш/қ Жамбыл облысы, Байзақ ауда-
ны, Кеңес ауылы аймағында, Тараз қаласынан 45 км жерде орналасқан. Шаруашылықты
тексеру кезінде жылқылардың жалпы саны 113 басты құрады.
161
Сақауды емдеу және алдын-алу мақсатында шаруашылықта түрлі жұмыстар
жүргізіледі. Емдік шараларды атқару үшін арнайы сақауға қарсы «Ақынтай» вакцинасы
және «ПенСтреп-400» антибиотигі қолданылды. Ұсынылған дәрілік препараттар зиян-
сыз,
асқынуларды тудырмайды, белсенділігі жоғары.
Зерттеу нәтижелері. Препараттардың емдік тиімділігін анықтау үшін осы
шаруашылықта әрқайсысында 6 бастан тұратын 2 топқа тәжірибе жүргізілді. Жануар-
ларды бақылау 7 күн аралығында жүргізілді.
Тәжірибеге алынған құлындарда ауруға тән клиникалық белгілері байқалды: дене
температурасының 40-41 градусқа дейін көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, жақ асты
лимфа түйіндерінің ұлғаюы.
1 кесте - қолданылған препараттар
№,
топ
Жылқы
саны
Қолданылған пре-
парат
Құрамы
Өндіруші
Сауығу
мерзімі
1 топ
6
«Ақынтай»
вакцинасы
Бициллин-5-30-40 млн ӘБ
Сульфадимезин- 1800-2000 мг
Триметоприм- 300-400 мг
Полиоксидоний- 80 мг
Дистелденген су
ЖШС
«Ақынтай»
Қазақстан
Республикасы,
Алматы қ
6±0,8
2 топ
6
ПенСтреп-400
антибиотик
Прокаин пенициллин 200000
ӘБ
Дигидрострептомицин
сульфаты 200 мг.
Еріткіш1 мл
Interchemie
(Интерхеми),
Нидерланды
8±1,1
Тәжірибеге алынған құлындардың бірінші тобына «Ақынтай» вакцинасын емдік
мақсатта бұлшықет ішіне 10 мл дозада, ал екінші топқа «ПенСтреп-400» екі реттік пре-
паратын бұлшықет ішіне 10 мл дозада (2-3 күн аралықта қайта енгізуді қажет етеді) зерт-
теу жұмыстарын жүргіздік.
Бұл препараттардың емдік тиімділігін терапиялық әсеріне, уақытына және аурудың
клиникалық
белгілерінің жоюлуына, жануарлардың жалпы жағдайының жақсаруына
сүйеніп жүргіздік.
Бақылауға алынған 1 топтың құлындарында 3 тәулікте дене температураларының
тұрақталуы байқалды,ал 6 тәуліктерде клиникалық тұрғыдан толық сауықты.
2 топтың құлындарына дәрілік препаратты енгізу
ерекшелігіне байланысты
емдеу процесі ұзаққа созылды.Жалпы әлсіздік 4 тәулікке дейін сақталып, дене
температурасының тұрақталуы 5-6 тәулікте байқалды.Толық клиникалық сауығу 8 тәулік
аралығында байқалды.
Қорытынды. «Бектөбе» ШҚ базасында жылқы сақауына қарсы «Ақынтай»
вакцинасының және «ПенСтреп 400» антибиотигінің емдік әсерін анықтау бойынша зерт-
теулер жүргіздік. «Ақынтай» вакцинасының сақауға қарсы емдік қасиеттері «ПенСтреп
400» препаратымен салыстырғанда жоғары нәтиже беретінін айтуға болады. «Ақынтай»
вакцинасын қолдану кезінде жалпы клиникалық сауығу 6 тәуліктерде байқалады.
Жүргізілген зерттеулер дәстүрлі әдістермен қатар "Ақынтай" вакцинасын қолдану
емдеу шараларын ұйымдастыруда тиімді екенін көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: