Қазақстан республикасы ауыл


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет68/164
Дата04.11.2023
өлшемі5,46 Mb.
#189541
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   164
Байланысты:
СЧ 2023 том 1 часть 2

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Polzin DJ. Chronic kidney disease. In: Ettinger SJ, Feldman EC, eds. Textbook of 
Veterinary Internal Medicine. [Text]/ Philadelphia, PA: Saunders WB. -2010.-Р.1955-2115
2 Marino CL, Lascelles BDX, Vaden SL, Gruen ME, Marks SL. Prevalence and classification 
of chronic kidney disease in cats randomly selected from four age groups and in cats recruited 
for degenerative joint disease studies [Text]/ J Feline Med Surg.- 2014. –V 16. -Р.465-472.
3 Гертман А.М., Самсонова Т.С. Болезни почек и органов мочевыделительной систе-
мы животных. [Teкст]/ Учебное пособие. СПб.: Изд-во «Лань». - 2021. –С.388.
4 Taylor EN, Stampfer MJ, Curhan GC Obesity, weight gain, and the risk of kidney stones. 
[Text]/ Jama. -2005. - V 293(4). -Р.455 – 62
5 Scales CD, Smith AC, Hanley JM, Saigal CS, Project UDiA Prevalence of kidney stones 
in the United States. [Text]/ Eur Urol. -2012.- V 62(1). - Р.160 – 65
6 Syme H. M., Fletcher M. G., Bailey S. R. and Elliott J. Measurement of aldosterone in 
feline, canine and human urine. [Text]/ J. Small Anim. Pract. - 2007. –V.48. -Р. 202–208.
7 King J. N., Tasker S., Gunn-Moore D. A., Strehlau G., BENRIC (benazepril in renal 
insufficiency in cats) Study Group. Prognostic factors in cats with chronic kidney disease [Text]/
J. Vet. Intern. Med. -2007. –V. 21.-Р. 906–916.
8 Kordonouri O.,. Quantitative assessment of urinary protein and enzyme excretion—a 
diagnostic programme for the detection of renal involvement in type I diabetes mellitus [Text]/
Jörres, A., Müller, C., Enders, I., Gahl, G. M. and Weber, B Scand. //J. Clin. Lab. Invest. -1992. 
–V. 52. –Р.781–790.


153
ӘОЖ 636.09.085
РАЦИОНЫНДА ЦЕОЛИТТІ ҚОЛДАНҒАН КЕЗДЕ ТАУЫҚТАРДЫҢ ЕТІН 
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ
Нахатова Н.Қ., 2 курс магистранты 
Паритова А.Е., PhD, қауымдастық профессордың м.а
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
Астана қ.
Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – жаңа қалыптасқан 
мемлекеттің саяси бағыты» Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев ауыл 
шаруашылығын ауқымды жаңғырту қажеттігін,әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдеріне 
әлемдік сұраныстың өсуі жағдайында атап өтті [1].
Барлық осы мәселелерді шешудің маңызды факторы рациондарда дәстүрлі емес 
азықтық қоспаларды пайдалану болып табылады. Әдебиет көздерінің мәліметтері бой-
ынша құстың рационына вермикулитті қосқан кезде иммунобиологиялық реактивтілікке, 
ақуызды және минералды зат алмасуға, құс өнімділігіне және оның төзімділігіне әсер 
еткені белгілі [2-6].
Біздің жұмысымыздың негізгі мақсаты құс шаруашылығында отандық минерал 
негізіндегі азықтық қоспалардың ет сапасына әсер етуін зерттеу болып табылды. 
Тауықтарды цеолит қосқан азықпен азықтандыру бойынша эксперименттік 
жұмыстар және рационына цеолит қосылған тауық етінің сапасын және қауіпсіздігін 
ветеринариялық-санитариялық сараптаудың жалпы қолданыстағы (сезімдік және 
физикалық-химиялық) әдістерімен анықтадық. Зерттеу объектісі ретінде 5% мөлшердегі 
цеолит, негізгі азық, ROSS 308 тұқымына жататын 42 күндік жас тауықтар қолданылды. 
Оларды 30 күн бойы арнайы дайындалған цеолит қосылған азықпен азықтандырдық. 
Барлығы 3 топ құрылды, 1 топ пен 2 топ тәжірибелік, 3 топ бақылау. Жалпы құс саны 15 
тауық. Әр топта 5 тауықтан болды.
5% цеолит минералын тауықтардың рационында қолданған кезде тауық етінің 
сапасының жақсарғанын байқадық.
Зерттеу барысында келесідей көрсеткіштерге назар қойылды: тауық ұшалараның 
сезімдік көрсеткіштері, тауық етінің физико-химиялық көрсеткіштері және тауық етінің 
микробиологиялық көрсеткіштері.
Сою алдындағы және союдан кейінгі ветеринариялық-санитариялық бақылау тауық 
ұшалары мен ішкі мүшелерінде көрінетін патологиялық өзгерістер анықталған жоқ, 
қансыздану дәрежесі жақсы болды. Ішкі ағзаларды ветеринариялық-санитариялық 
бағаланда зерттелген құстардың барлық ішкі мүшелері қалыпты мөлшерде екенін 
көрсетті.
Минералды азық қоспасымен өсірілген тауықтардың ұшаларында бөгде иіс болма-
ды, ұшалардың, май тіндерінің, кеуде-іш қуысының серозды қабықтарының сыртқы түрі 
бақылау тобының ұшаларымен салыстырғанда өзгерген жоқ. Бұлшық етті тілген кезде 
түсі бозғылт қызғылт түсті, сәл дымқыл, сүзгі қағазында дымқыл дақ қалдырмады. Етті 
пісірген кезде сорпа мөлдір, хош иісті, жағымды иісті болды. Бетінде май үлкен тамшы-
лар түрінде жиналды. Нәтижелер 1-кестеде көрсетілген.


154
1 кесте -Зерттелген тауық етінің сезімдік көрсеткіштері 
Көрсеткіш атауы
1-ші бақылау тобы, 
n=5
2-ші бақылау тобы, 
n=5
3-ші бақылау тобы, 
n=5
Түсі
Ақшыл-сары түсті 
қызғылт реңкпен, 
майсыз қаңқаларда 
сарғыш-сұр түсті 
қызғылт реңкті;
Ақшыл-сары түсті 
қызғылт реңкпен, 
майсыз қаңқаларда 
сарғыш-сұр түсті 
қызғылт реңкті;
Ақшыл-сары түсті 
қызғылт реңкпен, 
майсыз қаңқаларда 
сарғыш-сұр түсті 
қызғылт реңкті;
Еттің 
консистенциясы
Бұлшықеттер 
тығыз, серпімді
саусақпен басқан 
кезде орнына тез 
келді
Бұлшықеттер 
тығыз, серпімді, 
саусақпен басқан 
кезде орнына тез 
келді
Бұлшықеттер 
тығыз, серпімді, 
саусақпен басқан 
кезде орнына тез 
келді
Сорпасының 
мөлдірлігі мен иісі
Мөлдір және 
жағымды иісі бар
Мөлдір және 
жағымды иісі бар
Мөлдір және 
жағымды иісі бар
Иісі
Жаңа құс етіне тән 
ерекше
Жаңа құс етіне тән 
ерекше
Жаңа құс етіне тән 
ерекше
Тері асты майы
Ақшыл түсті,
бөгде иіссіз
Ақшыл түсті, 
бөгде иіссіз
Ақшыл түсті, 
бөгде иіссіз
Зерттеу тобындағы тауық етінің рН мөлшері 5,75-5,98 болды, ал бақылау тобындағы
рН мөлшері орта есеппен 6,15 болды. 
2 кесте - Тауық етінің физико-химиялық көрсеткіштері
Көрсеткіш атауы
1-ші бақылау тобы, 
n=5
2-ші бақылау тобы, 
n=5
3-ші бақылау тобы, 
n=5
рН
5,75
5,78
6,12
Пероксидаза 
ферменті
Белсенді
Белсенді
Белсенді
Аминды-аммиакты 
азот
1,07±0,1
1,08±0,04
1,1±0,09
Аммиак және 
аммоний тұздары
-
-
-
ҰМҚ мөлшері
3,57±0,01
3,55± 0,01
3,90 ±0,01
Мезофильді аэробты және факультативті микроорганизмдердің (КМАФАнМ) санын 
агар ортаға себу арқылы анықтау кезінде гигиеналық норматив шегінде нәтижелер алын-
ды 1,05*105-1,28*105, бұл зерттелген құстар етінің жоғары санитарлық сапасын көрсетті. 
Ал бақылау тобында1,39*105 мөлшерде болды.
Патогендер, соның ішінде сальмонелла және Listeria monocytogenes 25 г өнімде 
бөлінбеді, бұл тағам өнімдерінің санитарлық-гигиеналық талаптарына сәйкес келді.
Еттің тағамдық құндылығы 100 г өнімде зерттеу тобындағы тауық етінде 143,0 ккал, 
ал бақылау тобында көрсеткіштер сәйкесінше 136,7 ккал болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет