и,
у,
ю
(
и
әрпінен басқа тіркесімде),
я
(
и
әрпінен басқа тіркесімде)
таңбалары қазақ графикасына
жазу
үнемділігін әкелді. Тек
й,
ы,
і
әріптері бола тұрып, осы
дыбыстардың тіркесін беретін
и
әрпінің алынуы,
у
әрпінің [ұу],
[үу] тіркесінде, [у] дауыссыз фонемасын беруіне сәйкес емес. Яғни
и
-мен [й], [ый], [ій],
у-
мен [у], [ұу], [үу] дыбыстарын
таңбалау орынды болар еді. Сөйтіп, әліпбиден бір әріп
қысқарар еді.
Ал
һ
дыбысы, А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов негіздеуі бойын-
ша, төл сөздерде болмаса да, одағайларда кездесетін дыбыс.
Н.Уәлиұлының айтуы бойынша,
һ
әрпі – кірме сөздердегі
бейүндес буынның жігін жымдастыру қызметінде жұмсалатын
маркерлі әріп. Мысалы,
Ахмет,
жићаз
т.б. сөздерде буындардың
жіңішке/жуан айтылуына сілтеп тұрады.
Х
әрпі сөз тұлғаларының
мағынасын графикалық тұрғыда ажыратуға көмектеседі, кірме
сөздерде жазылады. Проф. З.Базарбаева тілдің фонологиялық
құрамының кеңеюі, дыбыс вариацияларының фонемаға айна-лу
процесі, өзге тілдердің әсері барлық тілге тән универсал-ды
құбылыс деген. Біздіңше, әліпби сол тілдің фонологиялық
құрамын дәл, нақты көрсетіп тұруы керек. Мысалы, 55 әріптен
тұратын кабардин жазуы өзгелердің сол тілді үйренуін тездеткені
тарихтан белгілі. Әлде И.Бальдауф айқандай, “Әліпби тиімді
болған сайын оның жетілдіретін тұстары көріне бере ме?”.
Пысықтау сұрақтары:
1. Графика мен орфография ұғымдарының шығу себебі неде?
2. Әліпби мен графика ұғымдарының арасында қандай
айырмашылық бар?
3. Әліпбиге қойылатын қандай талаптар бар?
4. Әріп саны фонема санынан аз әліпби жетілген деген пікірге
жауабыңыз қандай болады?
5. Қазақ жазуы 1 әріп: 1 фонема қатынасында әліпби құрған ба?
Салдары нендей болды? Болашақта қандай қатынастағы әліпби
құруға мүмкіндік бар?
Достарыңызбен бөлісу: |