кеуекті заттың қаңқаның 3 функциясын атқаратын, оны басқа сүйектерден
өзге-
шелейтін ерекше сипагы болады. Бұл кеуек зат диплоэ, деп аталады, өй гкені
ол екі сүйек табакшаларының — сыртқы жəне шікі, арасында орналасқан
бұрыс пішінді сүйек табақшаларынан тұрады Ішкі табақшаны шынытəрізді,
Іатіпа уіігеа, деп те атайды, себебі ол бассүйек зақымданғанда
сыртқы табақшаға қарағанда онай сынады.
Сүйек үяшықтарында жілік майы - қан жасау жəне организмді
биологиялық қорғау ағзасы болады Ол сүйектің қорекгенуі мен дамуына
жəне өсуіне қатысады. Жілік сүйектерде жілік майы осы сүйектердің
қуысында болады, сондықтан оны жілік май қуысы, сауііаз тесіиііагіз деп
атайды. Сонымен сүйектің бүкіл ішкі кеңістігі ағза ретіндегі сүйектің
ажырамас бөлігін қүрайтын жілік майымен толты-рылған.
Жілік майы екі түрлі болады. қызыл жəне сары Қызыл жілік майы, тебиііа
о88Іит гиЬга, торлы тіннен тұратын нəзік қызыл масса түрінде болады, оның
түзақтарында қан жасалуына жəне сүйек жасалуына (сүйек құраушылар -
остеобласттар, сүйек бұзушы - остеокласттар) тікелей қатысты жасушалық
элементтер орналасады Онда жілік майынан басқа, сүйектің ішкі қабаттарын
қоректендіретін қан тамырлар мен нервтер бар. Қан тамырлар мен қан
элементіері жілік майына қызыл түс береді.
Сары жілік майы, негізінен май жасуша-ларынан гүзілетіндіктен сары
түсті болады. Іштегі нəресте мен жаңа туған балада тек қызыл жілік майы
болады. Бала өскен сайын қызыл жілік майы бірте-біріе сары жілік майымен
ауысады да, ересек адамның жілік сүйектерінің қуыстарында гек сары жілік
майы ғана болады. Сүйек сыртқы жағынан, буын беттерін коспағанда, сүйек
қабымен, регю8іеит, жабылған.
Достарыңызбен бөлісу: