Сүйектің дамуы қанайналым жүйесіне де тығыз байланысты. Бірінші
сүйектену нүктесінің пайда болуынан бастап синостозданудың аяғына
дейінгі бүкіл сүйектену үрдісі қантамырлардың қатысуымен жүреді, олар
шеміршекке өтіп,
оның бұзылып, сүйек тінімен алмасуына жəрдемдеседі.
Соның өзінде сүйек табакшалары тиісті қантамыр үшін орталық өзегі бар
остеондар түзе отырып, қантамырларының айна-ласына белгілі бір ретпен
орналасады. Демек, сүйек қантамырлардың айналасында пайда болады
Артериялар мен веналардың жүретін жолы мен маңайында сүйектерде тамыр
өзектері мен жүлгелсрдің түзілуі осымен түсіндіріледі.
Туғаннан кейін сүйектену мен онын өшуі де
қанмен қамтамасыз етілуге
тығыз байланысты. М Г. ІІривестің зерттеулері көрсетксндей, сүйектің жас
келуіне карай өзгеруінің кан арнасының тиісті өзге-рістеріне байланысты
бірнеше кезеңдер болады.
Сүйектердің пішіні мен күйіне шікі ағзалар да əсер етеді, олар үшін
сүйектер өзектер, жүлгелер, шүңқырлар жəне т. б. түзеді. Қанка
мен ағзалардың түзілуі эмбрионнан басталады
Олар даму барысында бір-
біріне əсер етеді де, ағзалар мен олар жайгасатын орындар бір-біріне
сəйкестенеді, мысалы, кеуде торы мен өкпе, жамбас
астауы мен оның ішіне
жайғасқан ағзалар, бассүйек пен ми жəне т. б. Бүкіл қаңқаның дамуын осы
тұрғыдаи қарастыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: