Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет54/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

Екі білікті буындар 
 
 
Эллипстәрізді буын

articulatio ellipsoidea, 
инконгруэнтті, эллипс кесіндісі 
сияқты буындық шұңқыр мен буындық бастан түзілген. Бұл буында сагитталды білік 
айналасында – әкелу және әкету, фронталды білік бойында – бүгу және жазу 
қимылдары іске асады. Мысалы, кәрі жілік-білезік буыны. 


86 
 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
Ертоқымтәрізді буын

articulatio sellaris, 
буындық беттердің пішіні ертоқымға 
ұқсас, біреуі дөңес, екіншісі ойыс болып келеді. Буынның осы пішіні бас бармақтың 
білезік-алақан сүйек буынында кездеседі. Фронталды білік айналасында бүгу және 
жазу, сагитталды білік бойында әкелу және әкету қозғалыстары жүзеге асады. 
Айдаршықты буын

articulatio bicondylaris, 
буындық беттердің біреуін 
айдаршықтар түзеді, мысалы, тізе буынында буындық беттерді бір жағынан ортан 
жіліктің айдаршықтары түзсе, ал ауыз омыртқа-шүйде буынында шүйде сүйектің 
айдаршықтары құрайды. Бұл буындардағы біліктің біреуі әрқашанда фронталды 
болады, ал екіншісі вертикалды немесе сагитталды біліктер болып келеді. Мысалы, тізе 
буынындағы қимылдар фронталды, вертикалды біліктер айналасында, ал ауыз 
омыртқа-шүйде буынында фронталды, сагитталды біліктер бойынша іске асады. 
Көп білікті буындар 
 
 
Шартәрізді буын

articulatio spheroidea

дөңес буындық беті шартәрізді болып 
келеді, әдетте буындық беттері инконгруэнтті (буындық басы үлкен, буын ойысы кіші) 
болады. Бұл буында: фронталды білік айналасында – бүгу, жазу; сагитталды білік 
бойынша – әкелу, әкету; вертикалды білікке қатысты – айналдыру және шеңбер 
бойынша – circumductio қозғалыстары мүмкін болады. Шартәрізді буындардағы 
қозғалыстардың ауқымы басқа пішінді буындардан артық болады, себебі олардағы 
буындық беттердің айырмашылығы үлкен, буын қапшығы кең, байламдары аз болып 
келеді. Мысалы, иық буыны арқылы көптеген біліктер (олардың ішінде аталған негізгі 
үш білік ажыратылады) айналасында қимылдар жасалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет