№1 дәріс Тақырыбы


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет44/67
Дата11.11.2023
өлшемі1 Mb.
#191044
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   67
Байланысты:
Дәріс конспектісі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
Бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым 
44 
Морфологиялық құрамы жағынан сан есімдер дара және күрделі болып 
бөлінеді. Дара сан есімдерге негізгі және туынды сан есімдер жатады.
Бұл орайда А.Ысқақовтың пікіріне баса назар аударуға болады. Ғалым күрделі 
сан есімдердің жасалу жолын қосылмалы және көбейтілмелі жол деп екіге 
бөліп атап көрсетеді /2, 284/.
Тілімізде семантикалық жағынан сандық ұғымды білдіретін, бірақ сан атауы 
ретінде қолданылмайтын сөздер де бар. Мұндай сан мағыналы сөздердің 
ғалым Ә.Хасенов үш түрін көрсетеді:
1) 
сан есімнің тура, яғни дәл сан мағынасын білдіретін сөздер; 
2) 
абстрактылы сан ұғымды сөздер; 
3) 
счеттік (нумеративтік) сөздер /1, 300/. 
«Қазақ грамматиасында» мұндай сөздерді салмақ, көлем, қалыңдық, 
қашықтық, ұзындық және т.б. топтарға бөліп көрсетеді /3, 470/. Аталған сөздер 
сандық ұғымда қолданылғанмен, лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне 
қарай сан есімдерден басқа сөз таптарының ішінде қарастырылады.
Сан есімдер түрленбейтін сөз табы бола тұра, оның кейбір мағыналық 
топтарының жасалуында септік, көптік жалғауларының қолданылатыны тілде 
қалыптасқан заңдылық. Сан есімдер құрамындағы мұндай қосымшалардың 
сөз тудырушы бірліктер ретінде қаралып жүргендігі де белгілі. 
Ғалым Ы. Мамановтың алты-алтыдан, бесінші, он бестер тәрізді сөздердің 
құрамындағы қосымшаларды «сөз тудырушы емес, сөздің грамматикалық 
формасын жасаушы бірліктер санатына жатқызуы» /5,11/ сан есімдер 
құрамындағы грамматикалық формалардың мағыналық қырларын кеңінен 
қарастыруды қажет етеді.
Сан есімнің сөйлемдегі атқаратын негізгі қызметі анықтауыш екендігі белгілі. 
Алайда сан есімдер тек заттың сан мөлшерін ғана анықтамайды. Сонымен 
қатар белгілі бір сөз таптарымен де синтаксистік байланысқа түсіп, 
нәтижесінде сөйлемде анықтауыштан басқа да сөйлем мүшелері қызметінде 
жұмсалады.
Тұжырымдар: 
1. Сан есімдер – лексика-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік 
ерекшеліктері бар есім сөз таптарының бірі.
2. Сан есімдер басқа сөз таптарынан морфологиялық және жасалу жолы 
жағынан ерекшеленеді.
3. Сан есімдердің грамматикалық мағынасын грамматикалық формалардың 
мағыналық бір қырын танытады.
4. Есімдік затқа, заттық белгіге қатысты ұғымдарды ықшамдап жеткізуші сөз 
табы ретінде мағыналық сипатының жалпылығымен ерекшеленді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет