№1 дәріс Тақырыбы


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет52/67
Дата11.11.2023
өлшемі1 Mb.
#191044
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   67
Байланысты:
Дәріс конспектісі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
Бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым 
52 
№12 - дәріс 
Тақырыбы:
Үстеу, үстеуге тән ерекшеліктер, морфологиялық 
құрылысы мен құрамы, мағыналық топтары 
Мақсаты:
үстеу сөздің лексика-грамматикалық сипаты, мағыналық-
құрылымлық ерекшелігі, семантикалық топтары, сөйлемдегі қызметі 
туралы түсінік беру. 
Дәріс жоспары: 
1. Үстеудің лексика-грамматикалық ерекшелігі 
2. Үстеудің мағыналық топтары 
3. Үстеудің синтаксистік қызметі 
Негізгі ұғымдар:
адвербиум, мезгіл, мекен, мөлшер, сын-бейне, мақсат, 
себеп-салдар, күшейтпелі, топтау үстеулері 
Дәріс мәтіні 
Үстеу өзінің семантикалық сипаты, сөзжасамы, грамматикалық қызметі 
жағынан да басқа сөз таптарынан ерекшеленеді. Ғалым А. Байтұрсынов 
«сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөздерді толықтыру, күшейту үшін 
айтылатын сөздерді үстеу» деп атайды /1, 256/. Ал Қ. Жұбанов бұған 
мүлдем қарама-қарсы пікір білдіріп, «үстеу» сөзінің орнына «мезгіл-
мекен есімі» деп атауды ұсынады /2, 235/. Сонымен үстеу сөздер қимыл-
әрекеттің, әртүрлі мекендік, мезгілдік, сындық, бейнелік, мөлшерлік 
белгілерін білдіреді. Негізгі үстеулерге морфемалық құрамы жағынан 
бөлшектенбей, тек белгілі бір тұлғада ғана қалыптасқан сөздер жатады. 
Ал туынды үстеулерге басқа сөз таптарынан синтетикалық, 
аналитикалық және лексика-семантикалық тәсілдер арқылы жасалған 
сөздер жатады. Туынды үстеулердің қосымшалар арқылы жасалуында 
септік жалғауларының көнеленуі нәтижесінде үстеуге ауысқан сөздер де 
бар. Бұл жағдайда адвербиалдану құбылысының маңызы зор. 
Адвербиум – латын сөзі – сөздің үстеу тобына өтуі /3,9/. Қ. Жұбанов бұл 
ұғымды орыстың «наречиесі» латынның адвербиум, гректің епирремма 
дегендерінің 
тура 
аудармасы, 
етістікке 
байланысты 
сөздер 
болғандықтан, адвербиум епирремма «етістіктің жанындағы деген сөз» 
/2, 235/ деп түсіндіреді.
Семантикалық сипаты жағынан үстеу сөздер бірнеше топқа бөлінеді. 
Үстеудің мағыналық ерекшелігіне қатысты көзқарастарды екіге бөлуге 
болады. Біріншісі үстеу сөздердің мағыналық топтарының сан жағынан 
түрліше анықталуы, екіншісі кейбір мағыналық топтарының атауына, 
қызметіне қатысты. Біріншісі, яғни үстеулердің мағыналық топтарын 
сан жағынан анықтауда, А. Байтұрсынов оның төмендегідей бес түрін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет