Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
Бесінші
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым
55
қолданылып, оған қосымша әр түрлі грамматикалық мағына, рең
үстейді; 3) сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді сабақтастыра не
салаластыра байланыстырады; 4) жеке сөйлем мүшесі бола алмайды; 5)
шылау сөздер түрленбейді, басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы
жасалмайды.
Сонымен өз алдына толық лексикалық мағынасы болмаса да,
шылау сөздер толық мағыналы сөздерге көмекші ретінде қызмет
атқарады.
Тіліміздегі шылау сөздердің бірқатары сөз бен сөздің арасындағы
грамматикалық байланысты, енді бір тобы сөз тіркесі мен сөйлем
арасындағы байланысты айқындау үшін қолданылады. Грамматикалық
сипатындағы осындай ерекшеліктеріне қарай шылауларды топқа бөлуде
түрліше пікірлер болды.
Қ. Жұбанов «сөз мүшелерін түп мүше немесе түбір мүше және жамау
мүше немесе шылау мүше» деп екіге бөліп, шылау мүшенің өзін
құрылысына қарай екі жікке бөледі: қосымша және қосалқы, одан кейін
қосымшаларды атқаратын қызметіне қарай жалғау және үстеу, ал
қосалқыларды жалғауыш және үстеуіш деп топтастырады /2, 239/.
Шылау сөздерді топқа бөлуде М. Балақаевтың алғашқы пікірінде де
ерекшеліктер болды. Ғалым қазақ тіліндегі шылау сөздерді
төмендегідей бес топқа бөледі: 1) күшейткіш үстеуліктер (тап, өте, аса,
тым)
2) болымсыздық үстеуліктер (еш, жоқ, емес, ма, мен)
3) сұраулық демеуліктер (ма, ме, па, пе т.б.)
4) демеуліктер
5) жалғаулықтар
Бұл топтастырудан байқалатыны: шылау сөздердің ішінде қазіргі кезде
үстеу, есімдік қатарындағы дербес сөздер мен болымсыз етістіктің
жұрнақтары, көмекші етістіктер де кездеседі. Сондай-ақ шылаулардың
іштей топтастырылуы, олардың аталуы да әркелкі. Кейіннен автор бұл
мәселені қайта қарап, шылау сөздерді демеулер, демеуліктер,
жалғаулықтар деп үш топқа бөліп қарастырды /3, 30/. Ғалымның бұл
топтастыруында сан жағынан болмаса да, аталуы жағынан өзгешеліктер
болды.
Ғалым А. Ысқақовтың пікіріне келсек, зерттеуші шылауларды
грамматикалық
сипатына
қарай
септеуліктер,
жалғаулықтар,
демеуліктер деп үш түрге бөледі /4, 385/. Қазіргі грамматикада да осы
жіктелім қалыптасқан.
Жалғаулық шылауларды салаластырғыш, сабақтастырғыш (немесе
құрмаластырғыш) деп топтастыруда олардың жеке сөздер мен сөз
|