№1 дәріс Тақырыбы


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет58/67
Дата11.11.2023
өлшемі1 Mb.
#191044
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   67
Байланысты:
Дәріс конспектісі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
Бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым 
58 
көрсететін қызметтік семантикалық категория /6, 145/; предикаттылық 
синтаксистің негізгі бірлігі болатын сөйлемнің қызметтік ерекшелігін 
білдіретін синтаксистік категория /6, 167/. Модаль сөздер осы екі 
құбылыспен, атап айтқанда, модальділікпен және предикаттылықпен 
тығыз байланысты.
Сонымен модаль сөздер, басқа да көмекші сөздер сияқты жеке 
лексикалық мағынасы болмаса да, сөйлемде айтылған ойға қатысты 
қосымша мән үстеп тұрады. Осы ерекшелігіне қарай олар объективті 
және субъективті болып 2-ге бөлінеді.
Бұлардың басты ерекшелігі, біріншіден, объективті модальділік 
сөйлемдегі хабардың, ойдың шындыққа қатынасын білдірсе, 
субъективті модальділік сол хабарға, ойға сөйлеуші-субъектінің 
көзқарасын, қатынасын білдіреді. Екіншіден, объективті модальділік 
рай категориясы арқылы, ал субъективті модальділік көмекші сөздер 
арқылы беріледі. Үшіншіден, объективтіге қарағанда субъективті 
модальділікте хабардың қосымша реңінің болуы оның семантикалық 
көлемін де кеңейтеді.
К. Аханов грамматикалық рай категориясының модальділік ұғымымен 
байланысын сөз ете келіп, модальділіктің грамматикалық және 
лексикалық тәсілмен де берілуі мүмкін екенін атап көрсетеді /7, 151/. 
Соның ішінде лексикалық тәсіл модаль сөздер арқылы, ал 
грамматикалық тәсіл рай категориясы арқылы беріледі.
Модаль сөздер лексика-грамматикалық сипатына қарай есімдерден, 
етістіктерден, көмекші сөздерден жасалады. Бұл ерекшелік модаль 
сөздердің құрамы жағынан әр түрлі болып келуіне әсер етеді. «Қазақ 
грамматикасында» модаль сөздерді семантикалық сипатына қарай 
мынадай топтарға бөліп қарастырады /4, 577/: 1) болжал мәнді модаль 
сөздер; 2) міндеттілік мағына білдіретін модаль сөздер; 3) біреудің сөзі 
не дерек негізінде айтылатын модаль сөздер; 4) қостау (растау) 
мағынасында қолданылатын модаль сөздер; 5) қалау (тілек) мәнді 
модаль сөздер; 6) күмән (күдік) ұғымын білдіретін модаль сөздер; 7) 
сөйлемде айтылған хабардың ақиқатына көзі жеткендікті білдіретін 
модаль сөздер; 8) нық сенімділікті білдіретін модаль сөздер.
Қазақ тіліндегі модаль сөздер қолданылу ерекшелігіне қарай үш топқа 
бөлінеді /8, 580/: 1) тек синтаксистік қыстырма мүше ретінде 
қолданылатын модаль сөздер; 2) баяндауыш құрамында көмекші мүше 
ретінде қолданылатын модаль сөддер; 3) әрі синтаксистік қыстырма 
мүше, әрі қимыл есімді баяндауыш құрамында қолданылатын модаль 
сөз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет