Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
Бесінші
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым
56
тіркестерін, жай сөйлемдерді немесе тек қана құрмалас құрамындағы
жай сөйлемдерді байланыстырушылық қабілеті негізге алынады. Қазіргі
кезде
жалғаулықтардың
салаластыра
немесе
сабақтастыра
байланыстырушы қызметінің аражігі айқындалып, олардың тек
салаластырғыш қызметте ғана қолданылатыны анықталған. Тең
дәрежелі сөздер мен сөйлемдерді салаластыра байланыстыру жалғаулық
шылауларға тән ерекшеліктердің бірі болып табылады.
Ғ. Әбуханов жалғаулық шылаулардың ыңғайластық, қарсылықты,
талғаулықты, себеп-салдарлық деп төрт түрін /5, 173/, А. Ысқақов
ыңғайластық, талғаулықты, қарсылықты, себептік, салдарлық, шарттық,
айқындағыш, ұштастырғыш тәрізді сегіз түрін көрсетеді /4, 397-393/.
«Қазақ грамматикасында» оларды ыңғайластық, қарсылықты,
талғаулықты, себептік, себеп-салдарлық және шарттық деп алты түрге
бөліп көрсеткен /1, 557/.
Берілген пікірлерді өзара салыстырып қарасақ, олардың тек
топтастырылу жүйесі, яғни бірде 4, бірде 8, енді бірде 6 топ болып келуі
ғана емес, сол топтардың аталу жағынан да (себептік, салдарлық – себеп-
салдарлық), ол топтарға жатқызылатын сөздер жағынан да (ал ендеше,
олай болса, демек т.б.) әр түрлі екендігі көрінеді.
Септеулік шылаулар өзге сөздерге тіркесіп айтылғанда, өзінің
алдындағы толық мағыналы сөздің белгілі бір септік жалғауында
тұруын талап етіп, ол сөздерге түрлі грамматикалық мағына үстейді.
Бұл орайда Н. Оралбай аталған септіктегі сөздермен тіркесіп
қолданылатын септеулік шылауларды өзі тіркескен сөзіне үстейтін
грамматикалық мағыналарының сипатына қарай іштей бірнеше
мағыналық топтарға бөледі /6, 353-356/.
Демеулік шылаулардың шылау категориясының бір түрі ретінде
танылуында бірізділік болғанымен, оны іштей саралауда және
атауларында бірқатар алшақтықтар кездеседі. Мысалы, 1954 жылғы
«Қазіргі қазақ тілінде» демеуліктер сұрау, жалынышты тілек, тежеу,
күшейту, кісінің көңіл-күйін білдіретін және сенімділік, кекесін
мағынасындағы болып 7 түрге бөлінсе /3, 31/, А. Ысқақовтың еңбегінде
де сұраулық, күшейткіш, нақтылық, шектік, болжалдық, болымсыздық,
қомсыну тәрізді 7 түрі көрсетіледі /4, 398-402/. Бұл топтастырулар сан
жағынан бірдей болғанымен, олардың әр түрінің атауы түрліше.
Сонымен шылау сөздер басқа көмекші сөздерден (көмекші есім,
көмекші
етістік)
ерекше
қолданысы
мен
грамматикалық
мағыналарының сипатына қарай дараланып, жеке сөз табы ретінде
қарастырылады.
|