Бақылау сұрақтары:
1.Үстеулердің морфологиялық құрылысы
2.Негізгі үстеулерге тән ерекшеліктер
3.Көнеленген септік формалары арқылы жасалған туынды үстеулер
Дәріс бойынша әдістемелік нұсқау
Дәріс мәтінінде келтірілген тұжырымдар негізінде үстеудің сөз таптары
жүйесіндегі ерекшелігі, морфологиялық сипаты, мағыналық топтары,
басқа сөз таптарымен байланысы туралы қосымша ақпарат алу.
Пайдаланылған әдебиет:
1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. –Алматы, 1992.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
Бесінші
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым
54
2.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. –Алматы, 1992.
3.Салқынбай А. Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. –Алматы,
1998.
4.Әбуханов Ғ. Қазақ тілі. –Алматы, 1982.
5.Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. –Алматы, 1974.
6.Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. –
Алматы, 1998.
7.
Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар
жүйесі. –Алматы, 1986.
№13– дәріс
Тақырыбы
:
Шылау сөздер.
Мақсаты:
Қазақ тіліндегі шылау сөздердің көмекші сөздер
қатарындағы ерекшелігі, атауыш сөздермен арақатынасы, түрлері,
грамматикалық сипаты туралы түсінік беру.
Дәріс жоспары:
1 . Шылау сөздердің ерекшелігі, қызметі.
2. Шылау сөздердің түрлері, сипаты.
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар:
Жалғаулық, демеулік, септеулік,
салаластырғыш, сабақтастырғыш, құрмаластырғыш, матасу жалғауыш,
жетек жалғауыш.
Дәріс мәтіні
Сөз таптарының ішінде шылау сөздер көмекші сөз ретінде өз алдына
дербес қолданылмай, тек толық мағыналы атаушы сөздермен тіркесіп,
оларға қосымша грамматикалық мағына үстеп тұрады. Соның негізінде,
яғни атаушы сөздермен тіркесіп келген жағдайда ғана олардың лексика-
грамматикалық сипаты айқындалады. Бұл – шылау сөздерге тән басты
ерекшеліктердің бірі.
«Қазақ грамматикасында» шылаудың төмендегідей ерекшеліктері атап
көрсетіледі /1, 556/: 1) шылау сөздердің толық лексикалық мағынасы
болмайды; 2) контексте толық мағыналы сөздердің жетегінде
|