№1 дәріс Тақырыбы


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет53/67
Дата11.11.2023
өлшемі1 Mb.
#191044
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   67
Байланысты:
Дәріс конспектісі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
Бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым 
53 
көрсетеді: 1) нықтаулық, 2) сынаулық, 3) өлшеулік, 4) мезгілдік, 5) 
мекендік /1, 256/, Ғ. Әбуханов та оны бес түрге бөледі: 1) мезгіл, 2) 
мекен, 3) бейнелік (сын-қимыл), 4) мөлшерлік, 5) күшейткіш үстеулері 
/4,167/. Ал А. Ысқақов үстеулердің мағыналық сегіз түрін көрсетеді: 1) 
мезгіл, 2) мекен, 3) мөлшер, 4) сын (я бейне), 5) күшейту (я ұлғайту), 6) 
мақсат, 7) себеп-салдар, 8) топтау я бөлу үстеулері /5, 355/. 
Ғалымдардың пікірлерін саралай келе, қазіргі қазақ тілінде үстеулерді 
мағыналық жағынан сегіз топқа бөліп қарастыру қалыптасқан. Бұл 
топтар морфологиялық құрамы, жасалу тәсілдері, сөйлемдегі орын 
тәртібі, қызметі жағынан бір-бірінен ерекшеленеді.
Үстеулер әр уақытта өздері пысықтайтын сөздерінің алдында тұрып, 
сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады. Алайда орын тәртібінің 
тұрақтылығы 
жағынан 
мезгіл 
үстеулері 
орын 
талғамайды. 
Пысықтауышпен қатар үстеулер сөйлемде бастауыш, анықтауыш, 
толықтауыш және баяндауыш қызметін де атқарады. Бұндай 
синтаксистік қызмет үстеудің барлық түріне бірдей тән емес. Мәселен, 
мақсат, себеп-салдар, топтау, мезгіл үстеулері анықтауыш қызметінде 
жұмсалмайды. Ал мезгіл, мөлшер үстеулері заттануға бейім 
болғандықтан, бастауыш қызметін де атқарады.
Сөйлемде пысықтауыштан да басқа сөйлем мүшелері қызметінде 
жұмсалуы үстеудің мағыналық топтарының етістіктен басқа да сөз 
таптарымен тіркесімділігіне байланысты. Алайда бұл тұрғыдан да 
олардың сипаты бірдей емес.
Тұжырымдар: 
1. Үстеу – морфологиялық түрлену жүйесіне түспейтін, арнайы 
грамматикалық категориясы жоқ сөз табының бірі.
2. Мағыналық сипатына қарай сегіз түрге бөлінеді.
3. Үстеудің негізгі синтаксистік қызметі – пысықтауыш.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет