№1 дәріс Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет49/67
Дата11.11.2023
өлшемі1 Mb.
#191044
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67
Байланысты:
Дәріс конспектісі

 Дәріс жоспары
1. Етістік категорияларының ерекшеліктері.
2.Етістіктің 
лексика-семантикалық 
және 
грамматикалық 
категориялары.
Тақырып 
бойынша 
негізгі 
ұғымдар:
салттылық-сабақтылық 
категориясы, етіс, болымды-болымсыз категория, амалдың өту сипаты, 
қимыл есімі, рай, шақ, жақ категориялары, вербалдану.
Дәріс мәтіні 
Етістіктің сөз табы ретіндегі тағы бір ерекшелігі оның күрделі 
грамматикалық сипаты мен түрлену тұлғасында. Бұл орайда етістіктің 
грамматикалық категорияларының орны ерекше. Жалпы басқа сөз 
таптарымен салыстырғанда, етістік –грамматикалық категорияларға бай 
сөз табы. Солай бола тұра, етістіктің грамматикалық категорияларының 
іштей бір-бірінен өзіндік ерекшеліктері бар. Ол ерекшеліктер етістіктің 
грамматикалық 
формаларының 
етістік 
түбіріне 
үстейтін 
мағыналарының табиғатынан, түрлену жүйесінен көрінеді. Осы тәріздес 
ерекшеліктеріне қарай, тіл тәжірибесінде етістік категорияларын 
бірнеше топқа бөліп қараушылық та кездеседі. Мәселен, Ғ. Әбуханов 
етістік категорияларын лексика-семантикалық және грамматикалық деп 
екі топқа бөліп, лексика-семантикалық категорияларға болымды, 


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
Бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым 
49 
болымсыз етістік, көсемше, есімше, салт, сабақты етістік, етіс түрлерін, 
ал грамматикалық категорияларға етістіктің шақтарын, рай түрлерін 
жатқызады /1, 137-149/. Ал А. Ысқақов «етістік формаларының 
жүйесін» төмендегідей бірнеше грамматикалық категорияларға бөледі: 
1) етістік негізі; 2) қимыл атауы категориясы; 3) салттылық-сабақтылық 
категориясы; 4) етіс категориясы; 5) болымдылық және болымсыздық 
категориясы; 6) амалдың өту сипаты категориясы; 7) есімшелер 
категориясы; 8) көсемшелер категориясы; 9) рай категориясы; 10) шақ 
категориясы; 11) жіктік, көптік жалғауларының шаққа қатысы /2, 286/.
Етіс категориясы – қимыл, іс-әрекеттің объектіге не субъектіге 
бағытталғанын білдіреді. Соның негізінде субъекті мен объекті 
арасындағы қатынас анықталады.
Егер салт етістік пен сабақты етістіктер өзара мағынасы мен 
синтаксистік қызметі жағынан ажыратылса, етіс түрлері өзара белгілі бір 
грамматикалық формалары арқылы ерекшеленеді. Бірақ етіс 
жұрнақтары салттылық-сабақтылық категориясының грамматикалық 
тұлғалану жүйесі бола алмайтындығы белгілі.
Соған қарамастан, етіс категориясы салт және сабақты етістік деп 
аталатын ұғымдармен тығыз байланысты /5, 154/. Бұл байланыс салт 
етістікке ауысуындағы етіс жұрнақтарының қызметінен көрінеді.
Ал етіс жұрнақтарының сөз түрлендірушілік қабілетімен қатар сөз 
тудырушылық қызметі жөнінде де пікірлер кездеседі. Етіс 
жұрнақтарының қызметіне қатысты осындай пікірлер негізінде олар 
грамматикалық категориядан гөрі лексикалық мағына жасайтын 
етістіктің түрі ретінде қарастырылады /4, 208/.
Солардың ішінде «қазақ тіл білімінде болымдылық пен болымсыздыққа 
берілген анықтама жоқ, сондықтан етістікке қатысты берілген 
анықтаманы айтамыз» деген пікірі ерекше назар аударуды қажет етеді 
/6, 32/. Шындығында да аталған тілдік категория осы уақытқа дейін тек 
етістіктің аясында ғана сөз етіліп келеді. Ал бұл категорияға тән 
мазмұнды бір ғана болымды-болымсыз етістік қызметінің аясымен 
айқындасақ, толық болмаған болар еді /6,53/. Бұл пікірді толық құптауға 
болады. Себебі тілімізде болымсыздық мағына жасаушы басқа да тілдік 
бірліктердің бар екендігі белгілі.
«Қазақ грамматикасында» (Астана, 2002) болымсыз етістіктің жасалу 
тәсілдерінің болымсыздық категориясына қатысы жөнінде пікір 
қайшылықтары кездеседі. Мәселен, аналитикалық жолмен жасалған 
болымсыздық мағына бірде болымсыздық категориясына жатқызылса 
/6, 511/, бірде оны аталған категорияның жасалу жасалу жолының бір 
түрі ретінде көрсетеді /6, 539/. Бір категорияға қатысты мұндай әр түрлі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет