Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
Бесінші
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым
47
Дейксис (грек. deixis – көрсету) – лексикалық және грамматикалық құралдар
арқылы берілетін тіл бөлігінің мағынасын не қызметін көрсету /5, 65/. Бұл
қызмет жіктеу және сілтеу есімдіктеріне тән.
Сондай-ақ қай сөздің орнына қолданылуына байланысты есімдіктер
анафоралық қызмет атқарады /4, 180/. Есімдіктің бұл қызметі оның орынбасар
сөз табы ретіндегі ерекшелігімен байланысты анықталады.
Субстантивтену, адвербиалдану, адъективтену құбылыстары сияқты
прономиналдану процесі де сөздің мағынасы мен грамматикалық сипатынан
туатын өзгерістермен байланысты лексика-грамматикалық құбылыс болып
табылады. Бұл құбылыс басқа сөздердің есімдіктенуі негізінде жүзеге асады.
Есімдіктерді зерттеген ғалым А. Ибатов еңбегінде мынау, анау сілтеу
есімдіктері мынау, анау сілтеу есімдіктері мын-а, ан-а сілтеу есімдіктері мен
бу/ву сілтеу есімдіктерінің бірігуінен жасалған дейді. Бұл пікірді М. Томанов
та жақтайды. Демек, мұнда жұрнақ я сөз деген пікір ашық қалып отыр.
Профессор А. Ысқақов бұл есімдіктер -у элементі арқылы жасалған дейді.
Профессор Қ. Есенов (монографиядағы есімдік сөзжасамының авторы) -ау
құранды жұрнақ, себебі сөздің ана, мына варианты кеңінен қолданылады,
осынау, осынша, дегендегі -нау, осыншама, осынысы дегендегі -н элементінің
қолданысы осыны көрсетеді дейді. Ал сан есімнен ауысқан біреу есімдігінде -
еу жұрнақ дейді.
Тұжырымдар:
1.Есімдік затқа, заттық белгіге қатысты ұғымдарды ықшамдап жеткізуші сөз
табы ретінде мағыналық сипатының жалпылығымен ерекшеленді.
2. Өзіне тән түрлену жүйесі, грамматикалық категорияларының болмауына
қарамастан, орынбасар сөз табы қызметінде түрлене алады.
3. Мағыналық ерекшеліктерінің ішкі сипатына қарай олар жеті түрге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |