«Не ұтамын / нені жоғалтамын» жаттығуы Құқық бұзушылық жасаған адам зардаптарын біледі, бірақ өзіне қандай да пайдалы дей
отырып, тәуекел етеді.
2 топқа бөлінеді. Әр топ екі сұраққа жауап беруі керек: «Құқық бұзушылықтан не
ұтамын?», «Құқық бұзудан не ұтамын?» Жауап нұсқалары бөлек парақтарда жазылады.
Қарастыру үшін теріс қылықтың нақты жағдайы жүргізушінің қалауы бойынша беріледі,
мысалы, «ұялы телефон ұрлау», «қоғамдық көліктегі бұзақылық», «сыныптасын ұру»
және т.б.
Жаттығуға 5-7 минут уақыт беріледі. Содан кейін сұрақ аясында топтардың жұмысының
нәтижелері талқыланады
Рөлдік ойын. «Қиын шешім» Жағдай. Бұзақылар сізге шабуыл жасады. Өтіп бара жатқан жасөспірім сізді қиын
жағдайдан құтқарды .Көмекке келген жасөспірім бірнеше күннен кейін сізге қоймаға
келуді өтінді. Тапсырма: бұл жағдайда сіз қалай әрекет етесіз. Диалог ойнаңыз,
позицияларды, қарым-қатынас тактикасын талдаңыз.
Рөлдік ойын «Дүкен» Жағдай. Кассир дүкеннен қолғап алғаны үшін клиентті кінәлайды. Сатып алушы
қолғаптың басқа дүкеннен сатып алынғанын дәлелдеуі керек. Позицияларды,
стратегияларды, тактиканы, қарым - қатынас стилін талдаңыз.
«Кіре берісте» рөлдік ойын Кешке үйге қайтып келе жатып, сіз кіре берісте көрші балаларды кездестіресіз. Олардың
барлығы темекі шегеді, және сізге темекі ұсынды. Талқылау (әр жағдайды ойнағаннан
кейін әсер алмасу). Кейіпкерлерге сұрақ: қиын болды ма? Қандай дәлел сіздің шешіміңізге
күмән келтірді?
«Қызықты психология» ғылыми-практикалық, танымдық психологиялық журналы
«Балалар мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған психологиялық шаралар» республикалық қашықтық байқауы