40
Сонымен, қазақ тілінің дауысты дыбыстары құрамына қарай –
жалаң/құранды, тілдің тік қалпына қарай – ашық/қысаң, тілдің көлденең
қалпына қарай – тіл ортасы/тіл арты, ерін қатысына қарай езулік/
еріндік болып жіктеледі (4.1-кесте). Қазақ тілі дауысты дыбыстарының
құрамында тіл алды дауысты дыбыс жоқ.
Қазақ тілі дауысты дыбыстарының жіктелім белгілерінің жүйесін
кестелеп көрнекілеуге болады (4.2-кесте). Егер жасалым белгі
дауыстыға тән болса, онда «бар (+)» деп таңбаланады, егер тән болмаса,
онда «жоқ (-)» деп таңбаланады. Сонда дауыстылардың арасындағы
ортақ/айырым белгілері көрініп тұрады. Егер бір жасалым белгі бір
не бірнеше дауыстыға тән болса, онда ол
ортақ белгі
болады. Бір
дауыстыда бар, ал екінші дауыстыда жоқ белгі
айырым белгі
болады.
Достарыңызбен бөлісу: