41
«ашық» белгісі ортақ. Ал егер «бар (+)»
белгісі көрші бағанаға
ауысып кетсе, онда ол айырым белгі болады. Мысалы, сол А және Ә
дауыстыларының тіл арты/тіл ортасы белгілері айырым белгі болып
табылады. Өйткені «бар (+)» белгісі екі бағанаға бөлініп кеткен.
Жалаң дауыстылардың айырым/ортақ белгілерінің мүмкін болған
реті (саны) әртүрлі болады.
Екі жалаң дауыстының арасында (жалаң белгісі бәріне ортақ
болғандықтан, оны ескермейміз): - бір ортақ (ортақ белгіні көлбеу
таңбамен бөлектейміз), екі айырым белгі бар болуы мүмкін:
А
езулік
ашық тіл арты
І
езулік
қысаң тіл ортасы
Ә
езулік
ашық тіл ортасы
Ы
езулік
қысаң тіл арты
А
езулік ашық
тіл арты
Ұ
еріндік қысаң
тіл арты
Ә езулік ашық
тіл ортасы
Ү еріндік қысаң
тіл ортасы
- екі ортақ, бір айырым белгісі бар болуы мүмкін:
А
езулік
ашық
тіл арты
Ы
езулік
қысаң
тіл арты
Ә
езулік
ашық
тіл ортасы
І
езулік
қысаң
тіл ортасы
Ұ
еріндік қысаң
тіл арты
Ү
еріндік қысаң
тіл ортасы
Ы
езулік қысаң
тіл арты
І
езулік қысаң
тіл ортасы
- үш айырым белгісі бар, ортақ белгісі жоқ болуы мүмкін:
А езулік ашық тіл арты
Ү
еріндік қысаң тіл ортасы
Ә езулік ашық тіл ортасы
Ұ еріндік қысаң тіл арты
42
Екі дауыстының арасында үш ортақ белгі болуы мүмкін емес,
өйткені онда олар бір дыбыс болып кетеді.
Қазақ тілі дыбыстарының таралым кестесінен (4.3-сызба), бір
жағынан, кез келген дауыстының белгілерін
ретімен тізіп шығуға
болады (мысалы, А дауысты дыбысының белгілерін төменнен жоғары
қарай тізіп кете береміз: езулік > ашық > тіл арты > жалаң > дауысты
> дыбыс), екінші жағынан, дауыстылардың қай жерден барып ортақ
белгіге түйісетінін көреміз (мысалы, А және Ы дауысты дыбыстары
тіл арты
белгісіне барғанда өзара түйіседі.
Қазақ тілі дауысты дыбыстарын акустика-артикуляциялық
ерекшеліктеріне қарай бес топқа бөліп жіктеуге болады. Атап айтқанда:
Достарыңызбен бөлісу: