ю әрпі
йұу, йүу тіркестерінің таңбасы бо-
лып табылады. Мысалы,
жая [жайа], сая [сайа], әлия [әлійә], дүрия [дүрүйә], аю [айұу], ою [ойұу], үю [үйүу], түю [түйүу]. Бұлардың да ақиқат дыбыс құрамына жоғарыдағы әдістермен көз
жеткізуге болады.
Қазақ сөзінің жаңсақ және ақиқат жазылымының салыстырма
мысалдарының арасындағы буын, морфем, тасымал және әуез қай-
шылықтарды көрнекі байқауға болады. Жаңсақ жазылыммен оның
әдеби (төл) айтылымының арасында қазақ тілінің буын, морфем, тасы-
мал және әуез заңдылықтарына кереғар қайшылықтар көзге ұрып тұр.
Ал ақиқат жазылымы мен оның әдеби (төл) айтылымының арасында
ешқандай қайшылық жоқ. Ендеше, қазақ сөзінің
буын құрамын бұза- тын, морфем үлгісін бүлдіретін, тасымал жігін қақырататын, үн- десім әуезін айнытатын тіл бұзар емле ережелері неге керек және ол
қашанға дейін сақталады? Тіптен,
а-я-у, о-я-у, жа-я-у деп буынға бөлу-
дің ерсілігіне қарамай, қазақ тілінің болашақ иелері – жас ұрпақтың
көзін үйрете береміз бе?
Қазақ әліпбиі мен оның емле ережелері қазақ сөзінің айтылым әуезіне, буын құрамына, морфем жігіне нұқсан келтірмейтіндей болу керек. Мұндай келелі шара мектеп «Әліппесі» мен оқулықта- рынан бастау алмаса болмайды. Дауысты дыбыстардың үндесім айтылымы (акустикасы) мен естілімі Дауысты дыбыстардың басты ерекшелігі – олардың өз алдына
жеке дыбыстала беретіндігінде екендігі белгілі. Сондықтан да дауысты
дыбыстарды жеке алып та, тіркесім құрамында алып та талдай беруге
болады. Проф. Л.В. Бондарко «Если представить себе изолированное
произнесение каждого из ударных гласных в виде динамических спек-
трограмм, то они будут выглядеть как стационарные гласные с неизме-
няющейся частотой формант» деп жазады. Әрине, айтылған пікір орыс
тілінің дауысты дыбыстары жайлы болып отыр, сондықтан да «екпінді
дауысты» (немесе екпін түскен дауысты) делініп отыр. Ал қазақ тілі
үшін «үндесім дауысты» деп икемдеп алуға тура келеді. Сонда үндесім
54
дауыстының бедер таңбасы (спектрограммасы) жеке дауыстының
айтылу бойында біркелкі болып көрінеді.